Жаңалықтар

ОҢТҮСТIК АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТЫП ЖАТЫР

ашық дереккөзі

ОҢТҮСТIК АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТЫП ЖАТЫР

Оңтүстiкте ауыл шаруашылығын дамытуға мейлiнше ықылас танытып отыр. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында 71117 агроқұрылым, оның iшiнде 69335 шаруа қожалығы және 1782 өзге де заңды тұлғалар жұмыс iстейдi.

Былтырғы жылдың өзiнде, агроөнеркәсiп кешенiн орнықты дамыту мақсатында республикалық бюджеттен 12 млрд. 332 млн. теңге қаржы бөлiндi. Оның iшiнде республикалық бюджеттен 4188,4 млн. теңге, облыстық бюджеттен 133,0 млн. теңге ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне субсидия арқылы қолдау жасалынған едi. Қазiр ол қаржының бәрi толығымен игерiлдi.

Ал, биылғы жылдың сәуiр айына дейiн 24 млрд. 682 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлiп отыр. Осы мақсатта 2009 жылы он бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 5045,7 млн. теңге бөлiнген болатын. Ол бағдарламалар негiзiнен, тұқым шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығын дамытуға және Қазақстан мақта талшығының сапасының сараптамасына, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға, ағын су жеткiзiп беруге, ауыз су қызметiн жеткiзуге, минералдық тыңайтқышқа, жемiс-жидек пен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiрудi қамтамасыз етуге жұмсалуда.

Сондай-ақ, облыста ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне де қолдау көрсету үшiн несиелер бөлдi.

— Ауылдық несие серiктестiктерге -764 млн. теңге;

— “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ —202 млн. теңге;

— “ҚазАгроҚаржы” АҚ-122 млн. теңге;

— “Қазақ мақтасы” АҚ — 507 млн. теңге;

— “Азық-түлiк келiсiм шарт корпорациясы” АҚ-2974 млн. теңге;

— Екiншi деңгейдегi банктермен — 507 млн. теңге көлемiнде несиелер берiлдi.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасы мен гектар түсiмдiлiгiн арттыру мақсатында да қарқынды жұмыстар жасалуда. Облыс бойынша 17 элиталық тұқым шаруашылығы ұйымдастырылып, оның 5 мақтаның, 6 дәндi-дақылдың элиталық тұқымын, 6 жемiс пен жүзiмнiң көшеттерiн өндiруге кiрiсiп кеттi.

Едiге БЕКТАС