Әзiмбай ҒАЛИ: СҰЛТАНОВ МЫРЗА, СIЗ КIМСIЗ?
Әзiмбай ҒАЛИ: СҰЛТАНОВ МЫРЗА, СIЗ КIМСIЗ?
Жақында орыстың бiрқатар сайттарында Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (одан ары КИСИ деп атайық) директоры Болат Сұлтановтың тұжырымдары берiлдi. Жоғары лауазымды шенеунiк бiлгiшсiнiп бiраз ойлар айтқан екен.
Дәйектi болу үшiн Сұлтановтың пайымдауларынан берейiк. “Антироссийская направленность некоторых материалов в СМИ Казахстана вызывает обеспокоенность экспертов республики”. Одан ары былай деген: “Меня беспокоят появляющиеся антироссийские материалы в СМИ Казахстана”. Сұлтанов негiзiнен қазақ баспасөзiн меңзеп, төмендегi пiкiрiн ортаға салады: “…за океаном существует специальный проект — создание по всему периметру границ России своего рода антироссийского кордона”. “К нему, как мы знаем, подключились все наши бывшие союзники по организации Варшавского договора и некоторые бывшие республики СССР. За это — первых приняли в ЕС и НАТО, вторым — обещают это сделать”. Сұлтановтың айтуына сенсек Қазақстанның өз егемен саясаты жоқ болса керек, тек Ресейге бiлместiктен қаскүнемдiк амал жасап жүрген сияқты. Дүниежүзiлiк демократиялық елдер одақтығы Европалық Одақта оған серiктес НАТО одағы да бәрi де зауалды ұжымдар. Сұлтанов бiлмеуi мүмкiн Ресейде Қазақстан да сол НАТО, АҚШ, Европалық Одақпен “Партнерство во имя мира” және дербес келiсiмдердi бекiткен. Қазақстанның басым сауда бөлiгi сол аталған мемлекеттермен. Егерде бiз аталған мемлекеттермен экономикалық қатынастарды үзсек, онда бiздiң мұнайымызды, ураннымызды, бидайымызды кiм алады?Ал бiз төрағалыққа жеткен ОБСЕ де беделдi европалық мемлекеттер ұжымы. Ол да Ресейге сын көзiмен қарайтын ұжым. Тiптi бiрге дүниежүзiлiк терроризммен НАТО, АҚШ, Европалық Одақпен күш бiрiктiрiп күресуде. ҚР Президентiнiң жанынадағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Қазақстанның саясатына бiрқатар ресейшiл талаптар қойып отырғаны белгiлi. Бiрiншiден,Қазақстандағы баспасөз еркiндiгiн аяққа басып Ресейдiң саясатына тәуелсiз баға берген төл газеттер мен сайттарымыздың жазасын алуды ұсынып отыр. Қош. Екiншiден, Қазақстанның көпвекторлы саясатын шектеп, бiздiң ел саясатына тар құрсау салмақ: ананы iстеме, мынаны iстеме, Ресейге жақпай қаламыз демек. Мен Германия мен Франция елдерiнiң КИСИ сияқты институттарында болдым, мәселенки Францияда тек Францияның, Германияда тек Германияның мемлекеттiк мүдделерi мен ұлттық қауыпсiздiгiн қарастырады. Ал бiзде ше? Сұлтановтың қай мақаласын оқысаң баяғы Ресей мүддесiнiң маңыздылығын ұғасың. Бұл өзi қалай? Сұлтанов қай мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiн қорғайды? Мүмкiн Қазақстанның дербес мүдделерi мүлде жоқ шығар? Олай болса бiздiң егемендi елдiгiмiз қайда?
Ендi КИСИ-дiң директорының екiншi ойын келтiрмекпiз: “В целях пресечения поставок в республику наркотиков из Афганистана создать пограничные зоны на территориях районов страны, граничащих с Киргизией, Узбекистаном и Туркменией”.
“В ближней и среднесрочной перспективе, на мой взгляд, интеграция в нашем регионе нереальна. Следовательно, прозрачность границ с нашими южными соседями не отвечает интересам национальной безопасности”, — сказал Б.Султанов, выступая во вторник в Астане на форуме экспертов “Казахстанско-российские отношения: новая повестка дня”.”Поэтому к 2010 году, к планируемому созданию таможенного союза (формируется в рамках ЕврАзЭС) надо вводить пограничные зоны и режимы на территориях сельских округов, примыкающих к границам Казахстана с Кыргызстаном, Узбекистаном, Туркменистаном, как это существует на казахстанско-китайской границе”. Сұлтанов ойын айқындау үшiн ары қарай былай көсiледi: “По мнению наших пограничников, это позволит полностью исключить перемещение людей и грузов вне пунктов пропусков на госгранице”. Сонымен Қазақстан Орта Азия мемлекеттерiмен шекараны қымтап жауып, Ресейдi наркотрафиктен құтқарады. Ресеймен Кеден одағына кiрiп Орта Азиядан өзiн кесiп тастайды. Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда одағына кiруi жақын перспективада. Ресей бiздiң бұл ұжымға кiруiмiздi жақтырмайды.Ал Ресейдiң өзiнiң бұл одаққа кiруi дүдемал екенi бәрiмiзге белгiлi. Егер де бiз Дүниежүзiлiк сауда одағына кiрсек Кедендiк одақтың жөнi мүлде басқаша.
Сонымен КИСИ-дiң басшысының бiресе баспасөз бостандығына, бiресе Орта Азия елдерiне шүйлiгуi, бiресе Европалық Одақ пен НАТО-ға, бiресе қазақ ұлтшылдығына сыңар жақты пiкiр бiлдiруi тым сорақы көрiнедi. Мен бұл жағдайдың себебiн де байқамын. Ол Сұлтановтың рух табиғатынадағы қазақтың не мүддесi, не тiлi, не қазақстандық азаматтық (қазақтық демейiн) позицияның болмағанын айтпақпын.
Ал КИСИге келсек Өмiрсерiк Қасенов бастаған қасиеттi мекеме Ерлан Арын және Мәулен Әшiмбаев жалғастырып едi.Мәуленнiң кезiнде бұл Институт аналитикалық жазбалардың классикалық түрлерiн дайындайтын. Осы институтта мен аналитикалық талдауларды жазуды үйренген едiм. Шынын айтсам, мен сол кезде алғашқы рет Қазақстанның дербес мүддесi туралы, сол мүдделердi қорғау жолдарын айқын көрген едiм.