Жаңалықтар

“ҚАЗАЛЫ” АТТЫ ГАЗЕТ ӨМIРГЕ КЕЛДI

ашық дереккөзі

“ҚАЗАЛЫ” АТТЫ ГАЗЕТ ӨМIРГЕ КЕЛДI

Сыр елiндегi көне тарихқа бай өңiрдiң бiрi — Қазалы қаласы 1847 жылдан уезд, 1928 жылдан аудан орталығы болған, тоғыз жолдың торабына орналасқан шаһар. Тәуелсiздiкке дейiн аудан бойынша 1-газет болса, бүгiнде бiрнеше басылым шығып отыр.

Жуырда, қазалылықтардың көз қуанышына айналған “Қазалы” атты-аудандық ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси басылым өз оқырмандарына жол тартты. Қазiрдiң өзiнде 30-дай саны жарияланып үлгердi.

“Қазалы” газетi аудан көлемiндегi жаңалықтар мен елiмiзде өтiп жатқан үлкен саяси оқиғалардан да тыс қалмаған. Газет сандарын қарап отырсақ, тақырыбы да, көтерген мәселелерi де сан түрлi. Тарихи-танымдық, проблемалық мақалаларға да көптеп орын берiлген.

Газет редакторының мiндетiн белгiлi өлкетанушы, журналист Жетiскен Мәканалы атқарады. Шыға бастағанына аз ғана уақыт болғанымен газет оқырмандарының саны — 3000 (үш мың).

Бiз де Қазалыдан шыға бастаған жаңа басылым “Қазалының” алдағы уақытта оқырмандарының көңiлiнен шығар газет болуына тiлектестiгiмiздi бiлдiремiз.