ТҰҢҒЫШ КIТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРI
ТҰҢҒЫШ КIТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРI
Өткен сейсенбiде, Қазақстан Жазушылар одағы үйiнiң мәжiлiс залында жас жазушылардың 2008 жылы жарық көрген алғашқы кiтаптарының тұсаукесер рәсiмi болып өттi.
Бұл жиында поэзия бойынша сыншы Бақыт Сарбалаев, прозадан жазушы Асқар Алтай, сатирадан сықақшы Еркiн Жаппасұлы баяндама жасап, жастар шығармашылығының күнгейi мен көлеңкесiне өзiндiк бағаларын бердi. Сондай-ақ осы кешке арқау болған ең жас буын қаламгерлердiң шығармашылығындағы көркемдiк iзденiстер мен ерекшелiктерi, олардағы уақыт психологиясының көрiнiстерi және басқа да жас әдебиетке қатысты мәселелер төңiрегiнде алдыңғы буын қаламгерлер (Оразақын Асқар, Аманхан Әлiм, Қажытай Iлиясов, Жанат Ахмади, Дидахмет Әшiмханұлы) өз ойларын ортаға салды.
Түркiстан-ақпарат