Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕРДIҢ “АБАЙ МЕКТЕБI”

ашық дереккөзі

СТУДЕНТТЕРДIҢ “АБАЙ МЕКТЕБI”

2009 жылдың 19 мамырында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнде Интеллектуалды-элитарлы студенттердiң “Абай мектебi” ашылды.

Интеллектуалды-элитарлы студенттердiң “Абай мектебiнде” елiмiзге танымал саясаттанушылар, депутаттар, дипломаттар, тарихшылар, психологтар, педагогтар, iскерлер, iсмерлер, өнер, мәдениет қайраткерлерi және т.б. өз iсiнiң шеберлерi арнайы лекция оқып, семинар-тренингтер мен шеберлiк класстарын жүргiзедi. Студенттер арасынан сұрыпталған терең бiлiмдi, Абай Құнанбаев шығармаларынан түсiнiгi мол, ғылыми потенциалы жоғары, бiрнеше тiлдi меңгерген, ұлтжанды, жаңа технология тiлiн жетiк түсiнетiн ерекше жастар бiр ортаға жиналды. Себебi Абай атындағы ҚҰПУ ректоры, профессор С.Ж.Пiрәлиев: “Әлемдiк өркениет көшiне iлесу, адамдық тектiлiктi сақтау, азаматтық қасиеттердi қалыптастыру мәселесiн бiздiң бүгiнгi студенттерiмiзге, ертеңгi болашақ ұстаздарға Абай есiмiмен тығыз байланысты етiп түсiндiрудi қажет деп таптық” деген болатын. Университетте “Абайтану” ғылыми-зерттеу Орталығының ашылуынан кейiн “Абай мектебiнiң” ашылуы жаңаша өрiс алған үлкен iстiң табысқа жетуiне мүмкiндiктi молайтып отыр. Бұл бастаманың ашылу рәсiмiнде белгiлi абайтанушы, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi Мекемтас Мырзахметұлы, саясаттанушылар Айдос Сарым, Расул Жұмалы, тағы басқа ғалымдар өз ойларын ортаға салды. Абай мектебi күтiлетiн нәтижеге сай әр түрлi тақырыптарда өткiзiлетiн кездесулер, дөңгелек үстелдер және мәдени-ғылыми шаралардың ортасына айналмақшы.