БАЛҚАШТА ҚАЗАҚ МЕКТЕБI ЖАБЫЛМАЙДЫ
БАЛҚАШТА ҚАЗАҚ МЕКТЕБI ЖАБЫЛМАЙДЫ
Редакциямызға Қарағанды облысы, Балқаш қаласының №18-қазақ орта мектебi ұжымынан бiлiм ұясының жабылатындығы жөнiнде ашық хат келген болатын. Осы ашық хаттың негiзiнде газетiмiздiң №18 санында “Балқашта қазақ мектебi жабылады дейдi” атты мақала жарияланды. Жақын күндерi аталған мақалаға байланысты №18 қазақ орта мектеп ұжымынан қуанышты хабар келдi. Соны жариялауды жөн көрдiк.
Сiздердiң газеттерiңiзде 7-мамырда жарияланған мақалаға орай, қалалық бiлiм бөлiмi меңгерушiсi мектебiмiздiң ұжымы мен оқушылар ұжымы өз ғимаратымызда қалатындығымызды хабарлады. Бiз жауапқа толық қанағаттанамыз.
Редакциядан: осы мәселеге орай газетiмiзде жарияланған мақала iшiндегi фото-сурет безендiру мақсатында интернеттен алынған шартты сурет екенiн еске саламыз.