Жаңалықтар

БҰЛ КҮРЕСТЕН САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ДА СЫРТ ҚАЛМАЙДЫ

ашық дереккөзі

БҰЛ КҮРЕСТЕН САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ДА СЫРТ ҚАЛМАЙДЫ

Медеу ауданы бойынша салық басқармасы өзiмiздiң iшкi құрылымымыздағы сияқты, басқа да мемлекеттiк органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса көңiл аударып отырады. Осы жағдайлармен күрестiң тиiмдi нәтижесi бiзден салық қызметi органдарында жемқорлық құқық бұзушылықтарды бұлтартпау және оны болдырмау жөнiнде кешендi шаралар қабылдауды талап етедi. Осыған байланысты, жемқорлыққа жол беретiн “орындар” талданып, жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша iс-шаралар жоспары жасалады.

Салық төлеушiлердiң сенiм деңгейiн арттыру, жаңа сатыдағы мемлекеттiк қызметшiнiң бет-бейнесiн құру болып табылатын салық қызметi органдарындағы стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн сыбайлас жемқорлық аясын тарылту, әр қызметкердiң санасына қызметтiк мiндеттерiн адал орындауын жеткiзуге және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн түп тамырымен құрту үшiн оған қарсы әрекеттер жасауға бағытталған елеулi шаралар тұрақты түрде жүргiзiледi. Мемлекет басшысының 2008 жылғы қарашаның 6-да “Нұр Отан” ХДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумында сөйлеген сөзiнде мемлекеттiк қызметкерлердiң басшылыққа алатын 8 этикалық нормалары жарияланды. Олардың iшiнде қойылған талаптардың бiрi – адал болу, заңдармен толық келiсiмде өмiр сүру, егер “мемлекет мүддесiне зиян келтiрiп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерге дайындықты көрсе” оған дереу араласу. Мемлекет басшысының осы форумда берген тапсырмаларын орындау үшiн, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiмен жұмыс жоспары бекiтiлiп, басшылыққа алып орындау үшiн барлық салық органдарына жiберiлдi.

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық басқармасында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерi өндiрiстiк мәжiлiстерде, апта сайынғы аппарат отырысында тұрақты түрде қаралады, басқарма басшылығы түсiндiрме жұмысын өткiзедi, сондай-ақ бөлiм бастықтары Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңын, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексiн, Қазақстан Республикасы салық қызметi органдары қызметкерiнiң кәсiби этика кодексiн бұлжытпай сақтауы бойынша күн сайын барлық қызметкерлермен лездеме өткiзедi, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды бұлтартпау бойынша алдын алу жұмыстары жүргiзiледi, сондай-ақ 2009 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты iске асыру бойынша құқық қорғау органдарының, атап айтқанда аудандық прокуратура мен Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментiнiң қызметкерлерiн шақырып, кездесулер, ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңын оқып-үйрену жөнiнде техникалық сабақтар, ал жаңадан қабылданған қызметкерлермен сыбайлас жемқорлық тақырыбында әңгiмелер өткiзiлiп, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған мемлекеттiк қызметшiлердi ұстау туралы сюжеттi бейнеролик көрсетiледi.

Салық төлеушiлердiң көпшiлiгi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстiң 312-бабы (пара беру) мен 313-бабының (парақорлыққа делдал болу) салдары неге әкеп соғатынын, оның мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүддесiне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысқа жататынын, оған құқық қорғау органдары қылмыстық iс қозғайтынын шындап түсiнбейдi және бiле бермейдi.

Салық органдарында салық қызметкерлерiнiң пара алу фактiлерi бар, алайда көптеген салық төлеушiлердiң өздерi қызметкерлердi пара алуға итермелеп, арандатуға барады, сол үшiн өздерi де Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Алайда, сыбайлас жемқорлық сияқты қасiреттi тек қана мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының күшiмен жеңу мүмкiн емес. Азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынас арқылы және сөз жоқ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дұрыс жолға қоюға болады.

Салық қызметi органдары қызметкерлерiн пайдакүнемдiк мақсатында өздерiнiң жағдайын пайдаланып, жеке тексерулер жүргiзгенде оларды салық төлеушiлермен келiсiмге жiбермеу жөнiнде жұмыстар жүргiзiлуде, ол үшiн:

— бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 10 бағдарламалық өнiмi ойдағыдай iске асырылды. Қала кәсiпкерлерi офистен шықпай-ақ және салық инспекторларымен кездеспей-ақ, өз есептерiн Интернет арқылы жiберу мүмкiндiгiне ие.

Ол үшiн, егер салық есептiлiгi нысандарын электронды түрде (Интернет болмаса) жiберуге техникалық мүмкiндiктер болмаса, салық төлеушiлердiң салық есептiлiгiн электронды тәсiлмен жiберуге жағдай туғызу үшiн, Медеу аудандық салық басқармасында “Салық төлеушiлердiң терминалы” жұмыс iстейдi.

Қорыта келе мынаны атап өткiм келедi, салық органдарының жұмысына қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету – бұл тек сапалы қызмет көрсету ғана емес, ол – қоғам үшiн ашықтық, қызметтiң айқындығы, әрi елiмiзде салық мәдениетiн көтеру болып табылады.

А.ТАНАБАЕВ, Алматы қаласы, Медеу ауданы

бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары