ЕЛ МЕҚТАҒАН ЖЕР ЕКЕН
ЕЛ МЕҚТАҒАН ЖЕР ЕКЕН
Балаларым өткен маусым айында маған: “Демалыңыз, Оқжетпеске апарып салайық” деген соң жолға шықтық.
Арқаның сары жазық даласының төсiмен зулап келемiз. Бiрте-бiрте ағашты қоюлатып ну орманға кiрдiк. Бұрын көрмеген, жаратылысы өзгеше жұпар иiсi аңқыған, көрсең көз тоймайтын, жан-жағы шоқы-шоқы тастан қаланған сiлемдермен қоршалған ойпаң ну орманның ортасынан ойып салынған салтанатты келiстi әсем “Оқжетпес” шипажайының алдына келiп тоқтадық.
Шипажай ғимаратының қарсы алдында таяқ тастам жерде аспанды тiреп, тастары қолдан қаланғандай қаланы келiп ұшар басына үлкен тас қойылып сүйiрленiп бiткен кеудесiн паңдана керiп, қасқайып тұрған Оқжетпес шыңы. Ну орманнан түзiлiп көтерiлген будың, үлпiлдеген ақша бұлтқа айналуын қалықтап, әп-сәтте төменгi саяжайды ну орманды көрсетпей ауада жылжып, Оқжетпестiң белуарынан ала қалықтап, жылжытып самал жел айдап барады. Үлпiлдеген ақша бұлттан биiк тұрып, құдды алып кемемен ғарышта қалықтап бара жатқандай әсер қалдырады. Осы ғажап сұлулық өн-бойыңды баураған сәттегi керемет қуаныш сезiмiн тiлмен жеткiзу мүмкiн емес. Оқжетпестен қалықтап қыран құс ұшып шықты. Жарылған жарығы, не бiр саңлауы жоқ түйе тасты тесiп, өсiп шыққан шырша қара тастан қорек алып, табиғаттың қатал арығымен ызғарлы желiне, аптап ыстығына да мойымай, күннiң сәулесiнен нәр алып жасыл өркен жайып өсiп тұрған шыршаның төзiмдiлiгiне сүйсiнiп таңдай қағасың.
Көкшенiң шоқысында тұрып айналаға көз салсаң ғажап!!! Сұлу сардаланың ортасынан ойып аумағы 22 км. ғана болатын жердi айнала таумен қоршап, ойпаң жерге жұмақ пейiшiн орнатқан ба дерсiң бұл құдiрет. Ойдым-ойдым орналасқан, берi айнадай жарқыраған айнакөл күмiстей жарқыраған күмiс көл, әулие көл, барлығы 80 көлдi құрап сылдырлаған киелi бұлақтарының жағасында папоротник өскен.
Әр қырынан қарағанда өзгерiп тұратын Жұмбақтастың өзi бiр төбе. Адамнан қорықпай жайылып жүрген елiгi мен бұғысы көлде жүзген үйрегi мен балығы, ағаштан ағашқа секiрген тиiнi, қарқылдаған сауысқаны мен таңсәрiде сайраған бұлбұлы, желегi жасыл жiбектей судыраған ұзын сирақ сұлу аққайың жасыл орманы бәрi-бәрi сұлу. Бәрi көз алдымда, бәрiн сағынамын… “Оқжетпес” шипажайының президентi Ахметов Әмiр Амантайұлының шебер басқаруындағы ұжымның ұйымдасып атқарған жоғарғы сапалы қызметтерiне мыңда бiр алғыс.
Тек менi табиғи осы сұлулықтың көркiн бұзып басқа да құрылыс сала бермей, келер ұрпаққа осы қалпында жеткiзiлсе деген ой мазалай бередi.
Сәлима Мұқашқызы