Жаңалықтар

ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕС КҮЙРЕУI МҮМКIН

ашық дереккөзі

ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕС КҮЙРЕУI МҮМКIН

Орта ғасырларда көптеген патшалықтар өмiр сүрдi. Қазiр оларды тарих беттерiнен ғана оқи аламыз. Олар жер бетiнен жойылып кеттi. Неге? Оған бiрнеше себеп бар. Соның бiрi: мемлекеттiк билiк басында бiр әулеттiң ғана отыруы. Бiр отбасы билеп-төстеп, бiр бағытты ұстанды. Ақыры болашағы ұзаққа бармады.

Отбасылық бизнес те — бiр отбасы билiк жүргiзетiн шағын мемлекет. Бiздiң қазақтың туысқаншылдығы өз алдына бiр әңгiме. Ауылдан келген бауырын өз қамқорлығына алады немесе ағайындылар бiрiге отырып өз бизнесiн ашады. Бар жиған-терген капиталын ортақ мүддеге жұмсайды. Осылайша отбасылық бизнес ашылады. Отбасы бизнесiнiң үш түрi бар: жеке өзiнiкi, мұраға қалған және туыстарымен бiрiге отырып айналысу. Сонымен басқа да ағайынның балалары тартылады. Ол кәсiпқой маман ба, арнайы бiлiмi бар ма, ол маңызды емес.

Қазiргi қалыптасқан дағдарыс отбасылық кәсiптiң соңғы нүктесiн қоятын секiлдi. Себебi отбасылық бизнес көп жағдайда орта және шағын бизнестiң негiзiнде құрылады. Қазақстандағы отбасылық бизнестiң күйреуi мүмкiн. Бұл мәлiмет халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Қазақстанда жүргiзген зерттеуi нәтижесiнде айқындалды. Зерттеу қорытындысы бойынша отандық компаниялардың 7 пайызының басты акционерлерi бiр отбасының мүшелерi болып шықты. Ал компаниялардың 11 пайызы директорлар кеңесiне туысқан адамдарын отырғызса, 10%-ға жуығы билiк басында өз туыстарын ұстап отыр.

Алматы қаласында өткен ТМД елдерiнiң тәуелсiз директорларының II саммитiнiң шешiмi бойынша зерттеу жүргiзiлiп, оған қазақстандық 50 компания қатысқан болатын. Зерттеу нәтижесi бойынша отандық компаниялардың бiрлескен басқарудан және iс-қағаздар жүргiзуден деңгейi төмен болып шыққан. Тағы да әрiптес ретiнде жүрген отбасы мүшелерiнiң бiрлесе басқарудан бiлiмiнiң болмауы және заңнамадан хабарсыздығы (48%) көрiнiп тұр. Бiрақ IҒС зерттеуге қатысқан компаниялардың 40 пайызы өз жағдайын жақсы деп бағалаған. Сонымен қатар компаниялардың iшiнде тек 25%-ның ғана бизнестi одан әрi iске асыру, яғни жетiлдiру жоспары бар екен. Мұндай компанияларға шетелдiк инвесторларды тартқысы келгендер жатады. Ал қалған отбасылық бизнес иелерiнде жоспар да жоқ екен. Ендеше, олар дағдарысты қалай айналып өтпек?

Ақниет Оспанбай, ҚазМҰУ-дың студентi