Жаңалықтар

“ҚАЗКОММЕРЦБАНК” IШКI IСТЕР ДЕПАРТАМЕНТIНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

ашық дереккөзі

“ҚАЗКОММЕРЦБАНК” IШКI IСТЕР ДЕПАРТАМЕНТIНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

Мамыр мерекесiнiң қарсаңында “Қазкоммерцбанк” АҚ басшылығы елiмiздiң мәдени шаһары Алматы қаласының Iшкi iстер департаментiне УАЗ “Патриот” автокөлiгiнiң кiлтiн департаменттiң банкке көрсеткен көмегi үшiн сыйлыққа бердi.

Алматы тәртiп сақшыларының көмегiмен Қазкоммерцбанктiң қауiпсiздiк қызметiне өзгенiң құжаттарын пайдаланып, банк есепшотынан бес жүз мың еуро көлемiнде ақша алуға талпынған қылмыскердi ұстауға үлкен септiгiн тигiздi. Оқиға былай өрбiген. М есiмдi алаяқ әйел банктiң есiгiнiң алдында кәсiпкер азаматшаның сөмкесiн ұрлап алады. Сөмкенiң iшiнде әйелдiң төлем карточкалары бар екен. Оған қоса карточканың PIN коды да сөмкеде болыпты. Аляқ әйел карточкадағы бар сомманы оңай бiлiп алып, бiрнеше айдан соң қитұрқы әрекетiн iске асырмақшы болады. Ол банктiң Астанадағы филилындағы жеке менеджерiне хабарласып, одан Алматы қаласындағы филиалға бес жүз мың еуро көлемiндегi ақшаны аударуын сұрайды. Алматыға ақша аударудың басты себебi ретiнде шетелге кетiп бара жатып, Алматыдан ақшаны аламын деген желеу айтады. Қазкоммерцбанктiң Алматыдағы филиалында азаматша М. өзiн сабырлы ұстап, құжаттағы суреттi ажырата алмайды деген сенiммен ақшаны алып, қаша жөнеледi.

Қомақты сомадағы ақшаның жоғалғандығын бiлген банктiң қауiпсiздiк қызметiнiң қызметкерлерi бейнетаспаға түсiрiлген фактiлер арқасында алаяқтың автокөлiгiнiң нөмiрiн, оның иесiн анықтайды. Iшкi iстер департаментi мен Қазкоммерцбанктiң қауiпсiздiк қызметiнiң бiрiге iстеген жұмысы сәттi аяқталды. Зұлым iстерiн жүзеге асырмақшы болған алаяқ М. ұсталып, ұрланған ақшаның төрт жүз тоқсан сегiз мың еуросы табылды. Алаяқ М. өз қылмысын мойындады, ендi ол жазасын өтейтiн болады.

Қазкомның басқарушы директоры Бауыржан Қуатов IIД және банктiң қаупiсiздiк қызметiнiң бiрлескен жұмысына жоғары баға берiп: “Бiз бұрындары да тығыз қарым қатынаста едiк. Экономикалық дағдарыс барысында қылмыс саны ұлғайған шақта одан әрi де байланыс орнатамыз деп сенемiн” дедi. Осы мақсатта Қазкоммерцбанк клиенттерiнiң қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында сапалы әрi жедел жұмыс жасайтын болады.

Әйгерiм Бақытқызы