Тау-кен металлургия кешенін дамытуға 7 млрд. доллар бөлінді

Бүгін Астанадағы Тау-кен металлургияның VI-шы халықаралық конгресі барысында ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі Альберт Рау: «2014-2018 жылдар аралығында тау-кен металлургия кешенін дамыту жоспарына 7 млрд доллар қарастырылған»,- деп хабарлайды. Алдағы уақытта аталған қаражат негізінде  27 инвестициялық жоба іске аспақ. Соңғы жылдары елдегі түрлі түсті және қара металлургияны дамыту мәселесіне мемлекет айтарлықтай қолдау танытып келеді.

Сондай-ақ вице-министр, Елбасының тапсырмасы бойынша 2014-2018 жылдар аралығында тау-кен металлургия кешенін дамыту жоспары жасақталғанын, жоспар бойынша металлургияның шикізат базасын алдын-ала дамытуға бағытталғанын тілге тиек етті. «Нормативті құқықтық базаны және жер қойнауын пайдалану құқығын беру жүйесін жетілдіру, геологиялық барлау жұмыстарын дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен халықаралық серіктестік қарастырылған. Жоспарды ҚР Үкіметі бекітті және осы жылдан бастап жүзеге асыра бастады», — дейді А.Рау.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button