Жаңалықтар

Fitch Ratings: МҮМКIНДIКТЕР МЕН ҚАУIП-ҚАТЕРЛЕР

ашық дереккөзі

Fitch Ratings: МҮМКIНДIКТЕР МЕН ҚАУIП-ҚАТЕРЛЕР

Қаржылық дағдарыс ушыға бастаған тұста әлем халықаралық рейтингiлiк агенттiктер пiкiрiмен санасуға мәжбүр болды. Өйткенi, инветсиция салуға қауқарлы әрi мүдделi қалталылар қауымы аталған агенттiктер кесiп-пiшкен “тонға” қарап әрекет етуге тырысады. Былтыр жыл басында әлемдiк нарықтағы қазақстандық бағам көрсеткiштерiн бiрiнен кейiн бiрi құлдыратқан халықаралық агенттiктерге барынша шынайы әрi толық мағлұмат беруге бүгiнде қазақ билiгi де мүдделi. Алдағы сейсенбiде өтетiн Fitch Ratings агенттiгiнiң дағдарыстың ахуалды сарапқа салуға арналған конференциясында Министрлер кабинетiнiң бiрқатар өкiлдерi қатыспақ.

Үстiмiздегi жылдың 21 сәуiрiнде халықаралық рейтингтiк агенттiк – Fitch Ratings Алматы қаласында өзiнiң Қазақстан бойынша жыл сайынғы III конференциясын өткiзбекшi. Конференцияның бағдарламасы “Макроэкономикалық ахуалға шолу: Қазақстанның тәуелсiз қауiп-қатерлерiнiң күшеюi”; “Қазақстанның банк саласы: құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi ме?”; “Қазақстанның корпоративтiк саласы: қазiргi жағдайдағы несиелiк қабiлеттiк маңызды факторлары саналатын қаражат және қайта қаржыландыру мәселелерi” деп аталатын үш бөлiктен тұрады. ҚР Қаржы министрi Болат Жәмiшев, ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Бақыт Сұлтанов, ҚР Ұлттық банкiнiң төрағасы Григорий Марченко, ҚР Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттiгiнiң жетекшiсi Елена Бахмутова, сонымен қатар елiмiздегi ең iрi компаниялар мен банктердiң, халықаралық қаржылық ұйымдардың, жергiлiктi атқарушы билiк, инвестициялық қауымдастық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысады. Ал Fitch Ratings агенттiгi тарапынан маңызды тәуелсiз, банктiк және корпоративтiк саланы зерттейтiн сарапшылар ойларын ортаға салмақ.

Жоспар бойынша, “Макроэкономикалық ахуалға шолу: Қазақстанның тәуелсiз қауiп-қатерлерiнiң күшеюi” тақырыбындағы алғашқы дөңгелек үстелдiң модераторы – министр Болат Жәмiшев. Конференцияны кiрiспе сөзбен ашқаннан кейiн ол сөз тiзгiнiн министр Б.Сұлтановқа, Fitch Ratings агенттiгiнiң Тәуелсiз сараптама тобының жетекшiсi Эндрю Кохунға бермек. “Қазақстанның банк саласы: құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi ме?” деген мәселенi қаузайтын екiншi дөңгелек үстелдiң модераторы – Джеймс Уотсон (СFА, Басқарушы директор, Fitch Ratings агенттiгiнiң қаржылық ұйымдар жөнiндегi сараптамалық топ), баяндама жасаушылар – Елена Бахмутова мен Алексей Кечко (СFА, АССА, Қаржылық ұйымдар жөнiндегi сараптамалық топ). Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында Данияр Акишев (ҚР Ұлттық банкi), Арман Дунаев (“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры), Михаил Ломтадзе (kaspi bank), Александр Пикер (АТФ банкi), Милена Иванова-Вентурини (директор, Сараптамалық басқару, Орта Азия акцияларының нарығы, Ренессанс Капитал) бар.

Үшiншi дөңгелек үстелде талқыға салынатын тақырып – “Қазақстанның корпоративтiк саласы: қазiргi жағдайдағы несиелiк қабiлеттiк маңызды факторлары саналатын қаражат және қайта қаржыландыру мәселелерi”. Модератор – Николай Лукашевич (СFА, аға директор, Корпорация бөлiмiнiң басшысы, Ресей/ТМД, Fitch Ratings), баяндама жасайтындар – Рейтингiлiк агенттiктермен қарым-қатынас жөнiндегi департаменттiң жетекшiсi, СЕМЕА аймағы, UBC), Ангелина Валавина (МВА, Директор, Энергетикалық сала, Fitch Ratings). Пiкiрсайысқа қатысатындар – Нұрлан Аханзарипов (Интергаз ОРталық Азия), Арнұр Нұрқатов (Қазақтелеком), Ержан Тәжияқов (“Қазақстан Темiр жолы”), KEGOC өкiлi.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ