Жаңалықтар

“ЯСАУИТАНУ” БАЙҚАУЫ ӨТЕДI

ашық дереккөзі

“ЯСАУИТАНУ” БАЙҚАУЫ ӨТЕДI

“Әзiрет Сұлтан” мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық мұражайы мектеп оқушылары арасында 2009 жылдың 15-17 сәуiрi күндерi дәстүрлi “Ясауитану” байқауын өткiзедi. Бiлiм және өнер сайысының мақсаты Қ.А.Ясауидiң рухани мұрасы мен iлiмiн, Әзiрет Сұлтан кесенесiне жерленген дара тұлғалардың елi үшiн атқарған еңбектерiн, сондай-ақ, Түркiстан қаласының тарихын, Әмiр Темiр дәуiрiнен қалған құнды ортағасырлық жәдiгерлердi және мұражай iсiн насихаттау.

Жылдан-жылға қанатын кеңге жайып келе жатқан байқау биыл тұңғыш рет республикалық деңгейде өткiзiлгелi отыр. Оған елiмiздiң барлық облыстары мен Астана, Алматы қалалары және Оңтүстiк Қазақстан облысындағы барлық қала, аудан мектептерiнiң оқушылары қатысады.

Байқауға 8-11 сыныптардың оқушылары қатысады. Сайысқа қатысатын оқушылар сахнаға мектеп формасымен шығатын болады. Байқауға қатысатындар туралы тапсырыс қалалық, аудандық бiлiм бөлiмдерi арқылы ұйымдастыру комиетiне 2009 жылдың 1 сәуiрiне дейiн жiберiлуi тиiс.

Байқаудың жүлде қоры

Бас жүлде – 50 000 теңге

Бiрiншi орын(бiреу) – 35 000 теңге

Екiншi орын (екеу) – 20000 теңге х 2 — 40 000 теңге.

Үшiншi орын (үшеу) – 10000 теңге х 3 – 30000 теңге.

Ынталандыру сыйлығы (бесеу) – 5 000 теңге х 5 – 25000 теңге.

Барлығы: 180000 (жүз сексен мың) теңге.

Байқауға келушiлердiң келiп-кету шығындары өз есебiнен, қонақ үй, түскi ас, кешкi ас-суы ұйымдастырушылардың есебiнен төленедi.