Жаңалықтар

“ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН” АКЦИЯСЫ

ашық дереккөзі

“ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН” АКЦИЯСЫ

Отандық өндiрiсшiлердi қолдау — “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының шаңырақ көтергенiнен бергi қызметiндегi негiзгi бағыттардың бiрi. Бұл мәселе партия жетекшiсi және Мемлекетiмiздiң басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ерекше назарында. Әлемдiк экономикалық дағдарыс жағдайында оларды қолдау бұрынғыдан да ерекше маңызға ие болары сөзсiз.

Жергiлiктi өндiрiсшiлер әлеуетiн толығымен пайдалану, олардың өндiрiс көлемiн ұлғайтуына жағдай туғызу, бәсекеге қабiлеттi өнiм шығару, ақыр аяғында жаңа өндiрiс орындарының өмiрге келуiн ынталандыру мақсатында “Нұр Медиа” холдингi 2009 жылдың 1 сәуiрiнен 1 желтоқсанына дейiнгi аралықта “Қазақстанда жасалған” ұранымен арнайы акция өткiзедi.

Отандық тауарларды iшкi және әлемдiк рынокқа шығарушыларды қолдау үшiн холдинг құрамына енетiн “Түркiстан”, “Дала мен қала”, “Страна и мир”, “Айқын”, “Литер”, “Нұр Астана”, “Қазақстан темiржолшысы”, “Известия Казахстана”, сондай-ақ “Астана” телеарнасы, “NS” және “Iскерлер толқыны” радиостанция секiлдi газеттер беттерi мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаларға айтарлықтай жеңiлдiк жасайды.

Өздерiңiздi қызықтырған барлық сұрақтар бойынша төмендегi телефон арқылы мәлiмет алуға болады: (87172)97-76-67 және (8727) 315-02-02.