Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ — МЕНIҢ ТIЛIМ

ашық дереккөзі

МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ — МЕНIҢ ТIЛIМ

Дәл осындай ұранмен “Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық қызмет көрсету комитетiнiң Алматы қаласы Түрксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы” мемлекеттiк мекемесi 2009 жылдың 1 ақпаны мен 1 наурызы аралығында “Қазақ тiлi – менiң тiлiм және Республикамның мемлекеттiк тiлi!” тақырыбында мемлекеттiк тiл айлығын өткiздi.

Түрксiб аудандық ХҚКО ғимаратының кең залы “Қазақ тiлi — менiң тiлiм!”, “Қазақ тiлi — менiң тiлiм және Республикамның мемлекеттiк тiлi!”, “Өзге тiлдiң бәрiн бiл, өз тiлiңдi құрметте!”, “Естiлердiң сөзiн ескерiп жүрген адам, өзi де естi болады”,”Қазақ қазақпен қазақша сөйлессiн!”, “Тiлi жоғалған жұрттың, өзi де жоғалады” деген секiлдi қанатты сөздермен және ақындардың тiл туралы өлеңдерiмен безендiрiлген.

Мемлекеттiк тiл айлығы кезiнде мұнда қазақ тiлiнiң мемлекеттiк басқару тiлi ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында әдiлет саласы бойынша барлық құжаттарды рәсiмдеу қазақ тiлiнде орындалған. Және мекеменiң бiрiншi басшыларының қатысуымен “Қазақ тiлi – менiң тiлiм!”, “Қазақстанның болашағы – қазақ тiлiнде!” деген тақырыптарда ашық сабақтар өткiзiлген.

Ақпанның 28-жұлдызы күнi өткiзiлген тiл айлығын қорытындылау шарасына тiл мамандары, БАҚ өкiлдерi, жазушылар мен ақындар, мекеменiң бiрiншi басшылары қатысты.

Ай бойы жүргiзiлген мемлекеттiк тiл айлығын қорытындылай келе, мекеме қызметкерлерiнiң қазақ тiлiндегi бiлiм деңгейiн саралауға қонақтар да атсалысты. Қазылар алқасының құрамына мекеме әкiмшiлiгi қызметкерлерiмен бiрге, қонаққа келген тiл мамандары, ақындар мен журналистер де кiрдi.

Қазылар алқасы ХҚКО қызметкерлерiнiң алты сайыс бойынша көрсеткен нәтижелерiнiң қорытындысын жариялады. Жалпы нәтиже бойынша 34 ұпай жинап бiрiншi топ жеңiмпаз атанды. 28 ұпай жинаған екiншi топтың да үздiктерiне сыйлықтар тапсырылды.

Түрксiб аудандық ХҚКО қызметкерлерiнiң мемлекеттiк тiл айлығының қорытындысы бойынша мекеме басшысы Оразхан Нұртайұлы Өксiкбаев қорытынды сөз сөйлеп, жеңiмпаздар мен тiл айлығына белсене араласқан қызметкерлерге сыйлықтар тапсырды.

Қазақ тiлiн үйрену немесе оны күнделiктi өмiрде қолдануды әрбiр мекеме, әрбiр ұжым, әрбiр адам өзiнен бастауы керек. Тiлiмiздi келер ұрпаққа жеткiзу елiмiздiң әрбiр азаматының борышы, мойнындағы қарызы деп түсiнуiмiз керек. Сонда ғана мемлекеттiк тiлiмiздiң қоғамда алар орны жоғары болмақ.

Белгiлi шығыстанушы, қазақ тiлiнiң жанашыры Ф.В.Радлов өткен ғасырдың басында: “Әлем тiлдерiнiң iшiнде мен үш тiлдi ұлы деп бiлемiн. Ол — орыс, француз, қазақ тiлдерi” деп теңдессiз баға берген екен. Ылайым солай болғай!