Жаңалықтар

РУХАНИЯТ КӨКЖИЕГIНЕ ЖЕТЕЛЕЙТIН ЕҢБЕК

ашық дереккөзі

РУХАНИЯТ КӨКЖИЕГIНЕ ЖЕТЕЛЕЙТIН ЕҢБЕК

Тәуелсiздiк алып, барымызды бағамдап, жоғымызды түгендеп жатқан тұста қазақ тарихына, әдебиетiне, мәдениетiне қатысты әрбiр дерек бiз үшiн қымбат.

Жуықта Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң профессоры, филология ғылымдарының докторы Серiк Негимовтың қазақ әдебиетiнiң көрнектi тұлғаларының шығармашылығы турасында жазған “Әдебиет әлемi” атты еңбегi жарық көрген-дi. “Ана тiлi” баспасы ұсынып отырған бұл кiтапта Бұхар жырау, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемiсұлы, Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсiп, Әрiп Тәңiрбергенұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрiм Құдайбердiұлы, Ғали Орманов, Қалихан Бекқожин, Сырбай Мәуленов секiлдi қазақ әдебиетi мен руханиятына еңбегi сiңген қайраткерлердiң шығармашылық көркемдiк көкжиектерi айшықталып, суреткерлiк шеберлiктерi зерделендi. Сондай-ақ, автор қазақ әдебиетiндегi қазiргi сын жайлы кеңiнен сыр өрбiтiп, оны жетiлдiре түсуге нақты ойлары мен тұжырымдарын да ұсынады. Қазақ әдебиетiнiң теориясына, келешек руханиятымыздың шарықтауына бiршама үлес қосқан Серiк Негимовтың аталмыш еңбегi ұстаздар мен iзденушiлерге, жалпы сөз өнерiн құрметтеушiлерге арналған.

Ж.Аймаханқызы