Жаңалықтар

АУЫС-ТҮЙIС

ашық дереккөзі

АУЫС-ТҮЙIС

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Өмiрзақ Шөкеев I вице-премьер болып тағайындалды. Ал, оның орнына вице-премьерлiкке бұған дейiн Көлiк және коммуникация министрi қызметiн атқарған Серiк Ахметов қонжиды. Көлiк және коммуникация министрлiгiне осы министрлiкте жауапты хатшы қызметiн атқарып келген Әбiлғазы Құсайынов отырды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы әкiмi болып бұған дейiн Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi болған Бердiбек Сапарбаев тағайындалса, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi болып Асқар Мырзахметов тағайындалды.