Жаңалықтар

Аяғы ауыр түлек өз өмірін қиғысы келді

ашық дереккөзі

Аяғы ауыр түлек өз өмірін қиғысы келді

Ақтөбелік түлек өмірмен қоштаспақшы болды. "Мой город" порталының хабарлауынша, бойжеткенді мұндай қадамға итермелеген – ішіндегі шаранасы. Портал жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылында тұратын 17 жасар қыз қолына түскен дәрі-дәрмектің бәрін жұтып, комаға түскен. Кейін мектеп түлегінің жүкті екені анықталды. 15 маусым күні ауруханаға жеткізілген бойжеткеннің жағдайы мәз емес. Алдын-ала мәлімет бойынша, қыз мұндай әрекетке әкесінен қорыққандықтан барған. Бойжеткеннің медбике болып істейтін анасы жүктілік туралы білген, бірақ отағасынан жасырып жүріпті. Дәрігерлердің ануқтауынша, өз өмірімен қоштаспақшы болған қыз жүктіліктің төртінші айында екен. Түлек алдымен балалар ауруханасына жатқызылған. Бірақ жүкті екені белгілі болғаннан кейін Новое селосындағы облыстық ауруханаға жіберіпті. "Ол комада болды, неден уланғаны түсініксіз. Оны бізге ауылдың "жедел жәрдемі" алып келді. Қыз таяуда мектеп бітірген, ҰБТ тапсырған, қазір жүктіліктің төртінші айында. Біз оны 17 маусымда санавиациямен Ақтөбеге жібердік", - дейді ақ халаттылар.