МУЗЫКА ТIЛIН ЖАЛFАСТЫРҒАН
МУЗЫКА ТIЛIН ЖАЛFАСТЫРҒАН
… Мен бiткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспiн жемiсi көп тамаша ағаш,
Қалғанша жарты жаңқам, мен сенiкi
Пайдалан, шаруаңа жараса, Алаш!
Мiржақыптың айтқан сөзiмен арқалы дирижер Жалғасбектiң ойы ұштасып тұрғандай көрiнедi. Қай кезде де әр саланың өз таланттысы болады. Орнымен бағаланып, пайдалана бiлсек, өнерiмен ұлтын өрге сүйрерi сөзсiз.
Кешегi ғасырда қазақ музыка мәдениетiнiң қалыптасуына қолтаңбасын қалдырған, ұлттық оркестрдi әлемдiк деңгейге көтере бiлген Ахмет Жұбановтың жаңа үлгiсi бiздiң ең құнды байлығымыздың бiрi iспетттес. Қазақ мәдинетiне музыкаландырудың тың формасын ұсынған А. Жұбановтың еңбегiн алға жылжытушы консерваторияның алғашқы түлектерiнiң бiрi – Шамғон Қажығалиев, А. Жұбанов оркестр басқарар таяқшасын дирижер Шамғонға өзi берген екен.
Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық ұлт аспаптар оркестрiнiң Республикамыздан тыс шет елдерге де танымал болуына Ш.Қажығалиев ықпал етсе оның жолын жалғастырған Жалғасбектiң де еңбегi елеулi. Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi, Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты, профессор мiндетiн атқарушы, музыка тiлiн жалғастырушы Жалғасбек өнер саласына 35 жыл еңбек етiптi.
Ол арнайы музыкалық училищесiн бiтiрiп, Алматы мемлекеттiк консерваториясының студентi саналған сәттен бастап-ақ, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестерiндегi еңбек жолына араласты. Ал, Ш.Қажығалиевтiң дирижерлық класында оқып, үздiк бiтiрiп шығуы мамандығы бойынша еңбек етуiне бiрден-бiр себеп болды. Дирижердiң көмекшiсi сосын дирижер болып үздiксiз қызмет еттi, халық қалаулысына айналды. Бүгiнгi таңда бiрдiң бiрегейiндей бiлiктi маман ғана емес, талай музыкалық туындылардың өңдеушiсi, үйретушiсi, педагог-лектор. Жалғасбектiң дирижерлiк салада туа бiткен талант иесi екенiне жуырда өткен есеп беру шығармашылық концертi көптiң тағы да көзiн жеткiздi. Жетпiстен аса адамы бар сан алуан үндi оркестрдi бiр шыбықша, бес саусақпен басшылыққа алып, Құрманғазының “Серпер” күйiн күмбiрлеткенде көрермендердiң көңiл серпiлiсi көкке жеттi. Күмiсбековтың “Дала сазы” да кем түспедi. Әрбiр орындалған шығармалар тыңдаушыларының 62 тамырын шымырлата жүректерiне құйылып жатты. Бисенбек Бегендiковтың “Элегиясын” орындаған Жалғасбектiң қызы үрмелi аспа флейта үнiнiң оркестрге қосылған кереметiн көрсеттi. Жас қыздың талантына көпшiлiк тәнтi болды. Тiрi дауыста оркестрмен ән шырқаған Алтынбек Қоразбаев, Бағдат Самединова, Ермек Әбдiлдаев, Дина Дүтмағамбетовалар концерт мазмұнын байыта түстi. Домбырашы Батыржан Мықтыбаев пен қобызшы Жанар Ермағамбетовалардың аспапта ойнау шеберлiктерi кәсiби қабiлеттерiн паш еттi. Шығармашылық кештiң соңында орындалған “Махамбет” пен “Сарыарқа” күйлерi дирижердiң жоғарғы деңгейдегi маман иесi, рухы биiк арқалы талант екенiн танытты.
Түркi әлемiне танымал дирижер Шамғон Қажығалиев пен дарабоз дарын Нұрғиса Тiлендиевтiң өнер жолын жалғастырушы ғажайып ұйымдастыруышылық қабiлетi бар музыка майталманы екенiн байқатты. Оркестр ұжымы шығармашылық тербенiске енiп шабыттанса, тыңдармандар дүркiн-дүркiн қол соғып, құрметке бөледi. Осылай музыка әлемiнiң әуенi арқылы орындаушылар мен көрермендердiң көтерiңкi көңiл-күйлерi бiр жерден шығып тұрды.
Жалғасбек Нұрғиса Тiлендiұлының сенiмiнен шыққан талант. Күй құдiретiмен өзiнiң де құдiреттiлiгiн мойындатқан Нұрғиса ағаның шақыруымен 1993 жылы “Отырар сазына” жұмысын ауыстырады. “Халық қаһарманы” атағының иегерi, атақты күйшi, дирижер Нұрғиса Тiлендiұлының тәжiрибе мектебiнен өтедi. Қанаттаса қызмет етiп, жiгерлене қайраттанып ширай түседi. Сол жылдары оперсимфониялық дирижерлеу мамандығы бойынша аспирантураны да бiтiрiп алады. Абай атындағы мемлекеттiк опера және балет театрында да қосымша дирижерлық қызметiн атқарады. Нұрағаң өмiрден өткеннен кейiн, үлкен жауапкершiлiктi арқалай жүрiп “Отырар сазы” оркестрiнде көркемдiк жетекшi әрi бас дирижеор болып жетi жыл қызмет етедi. Ыстамбул қаласында өткен Түркi әлемi халықтарының халықаралық фольклорлық музыкалық фестивалiне қатысып, жоғары бағасын алады. Сондай-ақ, Ресейде, Астраханьда оркестрмен концерт қойып, қазақтың музыкалық өнерiнiң өрiсiн кеңейттi, құдiретiн танытты. “Отырар сазы” оркестрiне Тiлендиевтiң аты берiлгеннен кейiн де “академиялық” атаққа ие болуына септiгiн тигiздi. Оркестрге күш берер рухани мықтылықты меңгердi. Дирижерлiктiң өзiндiк дара жолын салды. Осы қыстың бiрiншi айында Нұрғиса Тiлендиевтiң атындағы мемлекеттiк академиялық фольклорлы – этнографиялық “Оттырар сазы” оркестрiмен жеке концертiн де өте жоғары дәрежеде өткiзген болатын.
Ендi мiне, Қазақтың мемлекеттiк Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптары оркестрiмен шығармашылық кеш өткiзiп отыр. Қазақ музыкасын зерттеушi көрнектi ғалым әйгiлi композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың бағындырған көп дауысты ұлттық оркестрi – қазақ музыка мәдениетiн қалыптастырды десек, оның биiктей беруiне Жалғасбек сияқты кәсiби деңгейi жоғары, рухы биiк, бiлiктi маман дирижерлiк етiп өткiзген осы шығармашылық кеш толық дәлл болар едi.
Амал қанша екi атын да ерттеп қойып өзi жаяу жүрген шабандоздай оркестрсiз жалынды дирижерге қарап Мiржақып Дулатовтың өлең жолдары ойыма орала бердi.
…Мен бiткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспiн жемiсi көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам, мен сенiкi
Пайдалан, шаруаңа жараса, Алаш!
Мiржақыптың айтқан сөзiмен арқалы дирижер Жалғасбек Бегендiковтiң ойы ұштасып тұрғандай көрiнедi. Қай кезде де әр саланың өз таланттысы болады. Тек бағалап пайдалана бiлсек, өнерiмен ұлтын өрге сүйрерi сөзсiз.
Қалжанова Жақсыгүл