Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ КАПИТАЛЫ АЛМАТЫДА БАС ҚОСТЫ

ашық дереккөзі

МЕМЛЕКЕТ КАПИТАЛЫ АЛМАТЫДА БАС ҚОСТЫ

21-22 ақпанда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетiнде елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен келген жастар “Жастар – мемлекетiмiздiң маңызды капиталы” атты университет ректорының кубогына арналған пiкiрсайыс турнирiнде бас қосты.

Екi күнге созылған сөз додасына елiмiздiң барлық қалалаларының пiкiрсайысшы студенттерi қатысты. Турнирде бүгiнгi жастар саясаты, студенттерге мемлекет тарапынан берiлген жеңiлдiктер, бiлiм сапасы, қаржылық дағадарыс кезiндегi елiмiздiң ұстанған саясаты талқыға түстi. Жастар тақырыпқа қатысты өз идеялары мен озық ойларын ортаға салып, мәселелердi жан-жақты зерделедi. Шараның негiзгi мақсаты – студенттердiң жеке тұлғалық қасиеттерiн дамыту, мемлекеттiк маңызы бар мәселелерге деген студенттердiң көзқарасын саралау, сондай-ақ, студент-жастардың бойындағы азаматтық белсендiлiктi арттыру. Жастардың рухани жетiлiп, өсуiнiң келесi сатысына көтерiлуiне ықпал ететiн шешендiк өнер сайысы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетiнде осымен дәстүрлi түрде төртiншi рет ұйымдастырылып отыр.

“Пiкiрсайыс жастарды тек қана шешендiк өнерге ғана емес, сонымен қатар жан-жақты iзденiп, бiлiмдiлiгiн ары қарай жетiлдiруге зор ықпал етедi. Сондықтан сабақтардан тыс осындай турнирдiң өткiзiлуi бiз үшiн маңызды”– дейдi университеттiң “Атамекен” пiкiрсайыс клубының жетекшiсi Шәмiш Нұркамал.

Құйынды сөзден құнарлы ой түйген жастардың сөз додасында бас жүлденi, яғни ректор кубогын Қазақ ұлттық университетiнiң пiкiрсайысшы жастары жеңiп алса, екiншi орынды шырайлы Шымкет қаласының “Аристократ” тобы қанжылады. Ал үшiншi орын Қазақ ұлттық экномикалық университетiнiң студенттерiне бұйырды.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ