Жаңалықтар

“АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ”

ашық дереккөзі

“АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ”

Өткен аптада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнде “Археология және этнология” зерттеу орталығының тұсаукесер рәсiмi өттi.

Белгiлi археологтар мен ғалымдар, сондай-ақ студенттерден құралған топ палеолит дәуiрiнен бастап, осы заманға дейiнгi жәдiгерлердi зерттеумен тыңғылықты айналысуға бет алыпты. Болашақта бұл орталық ғылыми-зерттеу институты болмақ. Осы орталықтың негiзгi мақсаты — оқу процесiн ғылыми зерттеумен ұштастыру.

Зерттеу орталығы тас, қола, темiр дәуiрлерi мен орта ғасыр археологиясы, сондай-ақ қазақ этнографиясын қамтитын бес бөлiмнен тұрады. 1970 жылдан бастап студенттермен бiрге жүргiзiлген қазба жұмыстарының нәтижесiнде табылған жәдiгерлердiң саны мыңнан астам. Археология жетiстiктерiнiң бiрi, әрине Алтын адамның табылуы. Оны 1970 жылы Ақышев, 1999 жылы Зейнолла Самашев тапқан болатын. Ендi бiр топ студенттерiн бастап, Шiлiктi елдi мекенiнде Әбдеш Төлебаев үшiншi Алтын адамды ашты. Бұл сақ дәуiрiнiң бүкiл Еуразия даласындағы ең көне алтын адамы, осыдан 2800 жылғы тарихы бар қазақ жерiндегi сақ мемлекетiнiң басшысы. Бүгiнгi таңда Алтын адамның киiмi, бүкiл бет-әлпетi қалпына келтiрiп жатыр. Бұл жәдiгерiмiз екi-үш айдан кейiн осы орталықтың төрiн иеленбек.

Ал осы орталықтың ашылуында қандай проблемалар туындағаны жөнiнде Әбдеш Тәшенұлы:

— Мен әрине проблемадан бастағанды жөн көрмеймiн. Бiз, қазақ, басымызға түскен қиындықтарды жеңуге бейiмделген халықпыз. Ректорға барып “орталық құрамыз” дегенде, мына қиыншылық заманда ақшаны өздерiң тапсаңдар ғана құруға рұқсат беремiн деген болатын. Ал қаражатты әртүрлi жобаларға қатысып, гранттар жеңу арқылы таптық. Одан қалса, жеке инвесторларды қызықтырып, демеушiлiкке тарттық. Бұл орталықтың ашылуына тiкелей студенттер мен мұғалiмдердiң еңбегi зор, — дейдi.

Назым ӘШIМХАН