Жаңалықтар

КОЛБИН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҚАСIРЕТI

ашық дереккөзі

КОЛБИН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҚАСIРЕТI

Уважаемый Мухтар Шаханович!

Ваши письма, поступившие из Секретариата внеочередного третьего Съезда народных депутатов СССР, рассмотрены.

Направленная в январе с.г. по просьбе Президиума Верховного Совета Казахской ССР группа прокурорских работников была сформирована с учетом имевшихся возможностей из числа работников аппарата Прокуратуры СССР и прокуратур областей РСФСР и Украинской ССР в количестве 7 человек…

Группе прокуроров поручалось проверить законность действий правоохранительных органов во время декабрьских событий 1986 года, а также законность и обоснованность принятых ими решений об ответственности лиц, совершивших правонарушения, связанные с указанными событиями…

Вопреки упорно распространяемым слухам о гибели и пропаже без вести большого количества участников декабрьских событий, установлено, что непосредственно на площади погибли два человека: дружинник Савицкий – при исполнении общественного долга и участник беспорядков студент – Спатаев, который умер в больнице. Кроме этого, был убит работник автобусного парка Аристов во время проверки им билетов в автобусе, находившемся вдали от площади.

Сведений о гибели или исчезновении других лиц не поступало.

Имеются данные о значительном количестве лиц, которым были причинены телесные повреждения различной тяжести…

Действительно, по некоторым делам выводы прокуроров о законности приговоров не совпадали с позицией экспертов Комиссии.

Если при обсуждении этих расхождений не удавалось выработать единое мнение, то принималось решение о том, что Комиссия вправе высказать свое мнение о необходимости опротестования приговора по конкретному делу непосредственно руководителям прокуратуры и Верховного суда республики, которые по закону вправе принести протест в порядке надзора, поскольку окончательное решение по делу вправе принять только суд.

После проверки группа прокуроров подробно информировала о своих выводах на заседании Комиссии, проходившем под председательством ее сопредседателя т.Мурзалиева К.Г…

Справка о результатах проверки была передана в Президиум Верховного Совета Казахской ССР.

Публикация данных, изложенных в справке, Прокуратурой СССР не намечается.

С уважением,

Первый заместитель Генерального прокурора СССР

А.Д.Васильев

Менi таң қалдырған екiншi хат – А.Васильевтiң хаты едi. Соңғы комиссия өз жұмысын бастаған және аяқтаған кезең аралығында оның бiрде-бiр жиынына қатыспаған көрнектi қазақ ақыны, қадiрмендi ағатайым Қадыр Мырзалиевтiң бiздiң комиссия жұмысын жоққа шығарғысы келген МҚК, IIМ және Прокуратура қызметкерлерiнен құрылған топ жұмысын қолдағаны маған төбемнен жай түскендей әсер еттi. Менiң Мәскеуде жүргенiмдi пайдаланып, бұл ойынға ол кiсiнi кiм итердi екен? Байқауымша, үлкен деңгейдегi адамдар араласқан сияқты…

* * *

Желтоқсан оқиғасының қасiреттi рең алуына тiкелей қатысы бар елуге тарта басшы қызметкерге жiберiлген жеделхаттың көбiсiнен мардымды жауап ала алмадық. Бiразы денсаулығын сылтауратты, бiразы жұмысбасты екенiн, уақытының тапшылығын көлденең тартты. Кейбiрi ләм-мимсiз үнсiз құтылды. Тек бiрнеше адам ғана қинала-қинала сыр ашуға мәжбүр болды. Оның өзiнде де алдарына тапжылтпайтын құжаттарды жайып салған соң ғана бас асаулығы бәсеңдедi.

Бұл шақырту сол қантөгiстiң бас айыпкерi Колбинге де жiберiлген. Бiрақ КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң мүшесi, КСРО Халықтық бақылау комитетiнiң төрағасы боп Мәскеуден жайлы пана тапқан Геннадий Васильевич бiздiң шақыртуымызға онша мойын бұрғысы келмедi.

Кремльде сессия жүрiп жатқан кез. Менiң алдымдағы қатарда 1989 жылдың жазында-ақ өз орнын Н.Назарбаевқа босатып берiп, КСРО Халықтық бақылау комитетiнiң төрағасы боп сайланса да, Жоғарғы Кеңестiң мүшесi ретiнде Колбин Қазақстан депутаттарымен бiрге отырады. Барып қасындағы бос орынға жайғастым. Менi көрдi де қозғалақтап, берекесi қашып сала бердi. Елемегенсiп, мiнберде тұрған шешеннiң сөзiне зер салған сыңай танытты. Бетпе-бет кездесiп қалғанда бас изесiп, сәлемдескенiмiз болмаса, одан арғы iзет-ибаға бармаймыз. Арамыздағы ұзаққа созылған үнсiздiк пен салқындық ат құйрығын кесiскен қаталдыққа алмасып бара жатқандай.

– Геннадий Васильевич, – дедiм өзiне бiрқырындай бұрылып. – Сiз комиссияның атынан шақыру алдыңыз ба?

Ол да менiң сөзiмдi күтiп отырса керек. Өңi бұзылып сала бердi. Маған кектене қарағанда, қасы тiкiрейiп кеттi.

– Мұхтар, – дедi сәл тұтығып. – Сiз менiң соңыма түсуiңiздi қашан қоясыз?..

– Менiң сiзден алғалы жүрген жеке басымның өшi жоқ. Бiрақ өзiңiз жасырын жұмыс жүргiзудi тоқтатпай келесiз. Мәселен, сiздiң бiз құрған Парламенттiк комиссия шешiмiн жоққа шығару үшiн МҚК-дан, IIМ-ден, Бас Прокуратурадан арнайы комиссия шығару туралы Горбачевке жасырын ұсыныс бергенiңiз маған белгiлi.

– Оны сiзге Горбачевтiң өзi айтты ма?

– Кешiрiңiз. Бұл менiң құпиям…

– Менi Үкiмет есебiнен ұшақпен көшiп келдi деп Горбачевке хат түсiрген де сiзсiз. Жалпы iзiмнен қалар кезiңiз бола ма?

– Желтоқсан оқиғасы кезiнде бүкiл қазақ халқының жанына жара, арына таңба түстi. Ендеше сол жан жарасы жазылып, қара таңба өшкенде ғана сiз өзiңiздi «боспын» деп сезiне аласыз, – дедiм. Әрi тыңдауға шыдамы жетпеген ол:

– Өзiңiзге тым үлкен мiндет жүктеген екенсiз… – деп Колбин отырған орнынан бiр көтерiлiп басылды.

– Тағы не айтасыз? – дедiм едәуiр үнсiздiктен соң.

– Ендеше тыңдаңыз, қымбаттым – дедi ол нарттай қызара бөртiп. – Менi Қазақстанға жiберген Саяси Бюро мен Бас хатшы Горбачев. Мен олардың тапсырмасын ғана орындадым. Шақыртуды соларға жiберiңiз! Егер олар: «Комиссия мүшелерiнiң алдында жауап бер!» десе барамын. Әйтпесе, сiздiң шақыртуыңыздың құны маған – көк тиын! Әлi де ескертемiн, менiң босқа жүйкемдi жұқартпаңыз. Қоймайды екенсiз, жақсылыққа жолықпайсыз…

– Әйтпесе, жүз алпыс сегiз адамның соңынан сiз де кетесiз дейсiз ғой…

Колбин жан-жағына сақтықпен көз салды да, бәсең дауыспен:

– Дәл солай, – дедi.

– Оны сiздер баяғыда-ақ жасамақшы болғансыздар. Бiрақ қазақ халқы көтерiлiп кете ме деп қорықтыңыздар ғой, – дедiм мысқылмен.

– Тоқташы, осы сен соңыма түсуiңдi қоясың ба, жоқ па? – дедi ол бiрден "сенге" көшiп, қалшылдаған күйi. Қолы дiрiлдеп, оң қалтасынан бiрнеше дәрi алып шықты. – Мiне, көрдiң бе, күн сайын бiр уыс дәрi iшемiн. Бәрi сенiң әлегiң.

– Мұхтар Шаханович, ауырып жүрген адамды сонша неге қинайсыз? – деп қасында отыратын қазақстандық Криворучко деген депутат әйел араға килiктi. Колбиннiң оқыс шыққан дауысына жан-жағында отырған депутаттар жалт қарасты. Мен жаймен тұрдым да, өз орныма беттедiм.

Кешiкпей үзiлiс жарияланды. Кофе iшiп келмек боп төменге қарай бет алдым. Арқама қарасам Колбин ентелей басып келе жатыр екен. Қуып жетiп жаныма тоқтады да:

– Мұхтар, сәл шетке шығайықшы, – деп өтiндi. Жүзiнде әлгiндегi зiлдiң бiрi жоқ. Тiптi жайдары.

– Жаңа қызбалыққа салыныппын. Кешiрiңiз! Менi де түсiнуге тырысқаныңыз жөн болар едi, – дедi жалынышты кейiп байқатып. – Қиыла сұранамын, бiр-бiрiмiзге деген өкпемiз осы арада қалсын…

Мен үн-түнсiз бұрылдым да, жүре бердiм.

* * *

КСРО Президентi М.Горбачевқа, КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң төрағасы А.Лукьяновқа ашық хат жолдағаныма да бiраз уақыт өткен. Не де болса, ушыққалы тұрған үлкен проблеманың анық-қанығына көзiмдi терең жеткiзейiн деген оймен Кремльде, төртiншi съезд кезiндегi бiр үзiлiсте А.И.Лукьяновқа жолықтым.

– Анатолий Иванович, менiң ашық хатымды оқыған боларсыз. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасын парламенттiк тексеруден кейiн, кiлең КСРО Қауiпсiздiк комитетiнен, Iшкi iстер министрлiгiнен, Бас Прокуратура қызметкерлерiнен жинақталған комиссияның құрылуына нендей қажеттiк туды? Әлде мұны мундир намысын қорғау деп түсiнемiз бе? – деп бiрден шабуылға көштiм.

– Неге бiз сiзге ғана сенуiмiз керек? – деп Лукьянов қулана жымиды.

– Маған емес, парламенттiк комиссияға деңiз, – дедiм оның сөзiн түзетiп.

– Несi бар, олар да тексерсiн, өздерiнше дәлелдесiн. Соңынан салыстырып көрермiз.

– Бұл комиссияны құруға сiз рұқсат бердiңiз бе?

– Иә, бiрақ сiздiң республика басшыларының келiсiмiмен және қолдауымен…

Менiң түрiмнiң бұзылып кеткенiн аңғарса керек.

– Жолдас Шаханов, – дедi сосын ол бiрден жұмсарып, – сiз ақын емессiз бе? Шығармашы адам ретiнде бұдан әлдеқайда пайдалы iспен шұғылдануыңызға болар едi. – Ол бұрылып жүре бердi.

– Анатолий Иванович, – дедiм соңынан дауыстап, – мен бұл мәселе туралы съезд мiнберiнен қайта мәлiмдеме жасауға мәжбүрмiн.

Ол бұрылып, қасыма қайта келдi. Сосын:

– Сiз де шаршамайды екенсiз, – деп зорлана жымиды. – Ендеше былай етелiк. Түскi үлкен үзiлiстен соң маған, төралқаға келе қойыңыз, ақылдасайық.

Съезд төрағасы екi сағаттық үзiлiс жарияласымен тiке төралқаға тарттым. Лукьяновпен бiр-екi депутат сөйлесiп тұр екен. Әңгiмелерiне бөгет болмайын деп, шет жаққа шығып тостым. Анатолий Ивановичтiң алды босасымен қасына таяй берiп ем, бiрден түсi қуарып сала бердi. Орындыққа сұлқ түсiп, жүрегiн ұстап, қолын ербеңдеттi. Жақын маңда тұрған бiр әйелдiң:

– Дәрiгер, тез арада дәрiгер шақырыңыздар, – деген жан дауысы шықты.

Япырай, бiрдеңе бола қалса, Шахановпен ренжiскеннен соң осындай күйге түстi десе жақсы атақ емес-ау деген ой басыма сап ете қалды. Кетiп қалу да азаматтыққа жатпас. Лезде дәрiгер де жетiп үлгердi.

– Әдеттегi жүрек ауруы ғой, – дедi жақын маңда тұрған бiреу. Содан соң есiкке қарай жылыстап шығып кеттiм.

Төмендегi буфеттен жүрек жалғап, орныма оралғаным сол едi, Лукьяновтың көмекшiсi iздеп келдi.

– Жоғарғы Кеңестiң жаңа мүшелерiн сайлау кезiнде сiздi Анатолий Иванович Григорьев залында күтiп отырады. Сол жерде жолығып әңгiмелесесiздер, – дедi ол.

Жоғарғы Кеңес төрағасының көмекшiсi менi көз жауын алатын Григорьев залының оң жақ шетiне қойылған орындықта жалғыз отырған Лукьяновқа алып барды.

– Сiздi көрген соң жүрегi ұстап қалды екен деп ойлап қалмаңыз, – дедi ол күлiмсiреп.

– Қазiр қалайсыз? – дедiм өзi нұсқаған орындыққа жайғаса берiп.

– Рахмет, жақсымын.

– Мұхтар Шаханович, – дедi ол жайдары қалпы. – Сiз бен бiз әрiптес емеспiз бе? Әйтсе де әлi күнге дейiн екеумiз лирика тiлiнде сөйлесе алмай келемiз.

Соңғы кездерi маған бiрнеше адам Лукьяновтың лирикалық өлең жазатынын айтқан едi. Бiрақ өзiм оқымағандықтан "ет пен терiнiң арасындағыдай" немесе Андроповтың өлеңiнiң арғы жақ, бергi жағындай бiрдеңе болар деп аса мән бере қоймағанмын. Өйткенi қоғам күнi бүгiнге дейiн өлең ұйқастырушылықты ақындықпен шатастырумен келе жатқан жоқ па? Сондықтан да көңiлiне қарап:

– Иә, мен де соған қынжыламын, – дей салдым.

– Ал, дәл қазiр бiздiң уақытымыз аз. Бiрден iске көшейiк, – дедi төраға. – Сонымен сiз МҚК-ның, Iшкi iстер министрлiгi мен Бас Прокуратураның Желтоқсан оқиғасын тексеруiне қарсысыз?

– Солай. Өйткенi қылмыс солардың қолымен жасалды. Ендi комиссия құрып, өздерiн өздерi ақтап алмақ па? Мұны естiсе ашынған халықтың қайтадан бас көтеруi мүмкiн.

– Бұл мәселе жөнiнде өткенде де әңгiме болған. Дегенмен сiздiң осы талабыңызға жауапты Горбачевпен ақылдасып алғаннан кейiн айтайын. Келiстiк пе? Тағы қандай сауалыңыз бар?

– Бiз 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тiкелей ушығуына кiнәлi 44 адамның атын атадық. Сол тiзiм Колбиннен басталады, – дедiм мен. – Комиссияның тұжырымдамасында Колбиндi КСРО Халықтық бақылау комитетiнiң төрағасы қызметiнен тайдыру туралы ұсыныс бар. Бiрақ бiз әзiрлеген тiзiм Горбачевтен басталушы едi. Қазақстандағы билiк табан тiреп тұрып алған соң амалсыздан Горбачевтi алып тастауға мәжбүр болдық.

– Ендi бұларыңыз тым артық, – дедi Лукьянов түсi бұзылып. – Горбачевтiң демократтығын жоққа шығаруға бола ма? Бұрынғы билiк салтанат құрып тұрғанда Желтоқсан оқиғасын көтергенiңiз үшiн сiз түрмеде жатар едiңiз.

– Мүмкiн…

– Мүмкiн емес, ол айна қатесiз шындық. Жолдас Шаханов, негiзгi сауалыңызға көшiңiз…

– Көшсем, сiздер оқиғаға тiкелей кiнәлi адамды жазалаудың орнына жоғарылатқалы жатырсыздар. Қазiр "Колбин Ульяновскiге қайтадан облыс басшысы боп кетедi екен" деген әңгiме гулеп тұр…

– Ашығын айтайыншы, қоймадыңыз ғой, – дедi Анатолий Иванович. – Өткендегi сiздiң ашық хатыңыздан кейiн Горбачев екеумiздiң арамызда Колбин туралы әңгiме болған. Мен сiздi жақтап сөйлегенмiн… Колбин жақында зейнетке кетедi. Сонымен сiздiң есебiңiз түгел…

– Бұларыңыз да жартыкеш шешiм ғой. Сонда жайдан-жай, тым құрыса сөгiс те, ескерту де алмай зейнетке шығып кете бередi ме?! Әдiлеттiлiк қайда?

– Уақытымыз бiттi, жолдас Шаханов, – деп Лукьянов сағатына үңiлдi. – Съезд басталуға 4 минут қана уақыт қалды.

– Орталықтан жасақталған комиссия жөнiнде сiздердiң қандай шешiмге келгендерiңiздi қайдан бiлемiн, – дедiм мен қиналып.

– Былай етейiк, – деп Лукьянов блокнотына жетi сан түрттi де маған ұсынды. – Ертең съезд бiткен соң осы телефонға хабарласыңыз. Тағы бiр жолығып әңгiмелесермiз. Қандай тоқтамға келгенiмiздi сол жерде анық бiлесiз.

Лукьянов тағы да сөзiнде тұрды. Келiсiлген уақытта телефон соғып ем, өзiне шақырды. Хатшы қызына шай алдырды.

– Сонымен, жолдас Шаханов, сiз жеңдiңiз. Қоғамға өзiңiз сияқты қайсар ақындардың да қажет екенiн дәлелдедiңiз, – дедi ол әзiлмен жымиып. – Ендi сiз басқарған Парламенттiк комиссия шешiмiне МҚК, IIМ және Бас прокуратура тұжырымдамасы қарсы қойылмайтын болды. Осыған мен Михаил Сергеевичтi көндiрдiм.

– Мұныңыз үлкен азаматтық болды, – дедiм мен қуанып.

– Өткен жолы маған сыйлаған өлеңдер жинағыңызды түнде тағы бiр рет қарап шықтым, – дедi ол сабырлы қалпын бұзбастан. – Евтушенконың сiзге жайдан-жай назар аудармағанына көзiм жеттi… Былтыр мен де "Үндесу" деген атпен өлеңдер жинағымды жарияладым.

– Иә, маған Гүлрухсор Сафиева айтқан едi. Бiрақ жинағыңызды Кремль дүкенiнен таба алмадым…

– Қазiр сiзге сыйлайын десем мұнда бiр данасы да қалмапты, – дедi ол. – Келесi жолыққанда мiндеттi түрде беремiн. Менi сiздiң поэзиядағы бағыт-бағдарыңыз қызықтырады. Келесiде екеумiз саясатты бiр сәтке жинап қойып, осы тақырыпта әңгiме қозғасақ қалай қарайсыз?

– Келiстiк!

Бiрақ өмiрдiң бұралаң соқпақтарында Анатолий Ивановичпен жолымыз қайта тоғыспады. Кейiннен ол кiсi Горбачев саясатына қарсы шығып, Тамыз төңкерiлiсiне араласты. Оның Бутырка түрмесiнде жатып Осенев, Днепров деген атпен жариялаған "Түрмеде жазылған жырлар", "Қарсылық жыры" деген кiтаптары шықты. А.Лукьяновтың КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң төрағасы болып тұрған шақтағы Желтоқсан көтерiлiсiне баға берген Парламент комиссиясының шешiмiн жоққа шығаруға талпынғандарды қолдамаған iс-әрекетi мен азаматтығы есiмде тасқа басылғандай жазылып қалыпты.

* * *

Жуырда Желтоқсан көтерiлiсiне байланысты бiрнеше мың хат жинақталған өз мұрағатымды қарап отырып, Д.Қонаев кезiнде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетiнiң iс басқарушысы қызметiн атқарған А.Статениннiң маған және Мәскеулiк депутаттарға жолдаған хатының көшiрмесiн тауып алдым. Бұл хатқа мен арнайы қолдау жазып, оған А.Сахаровқа, А.Собчакқа және Р.Медведевке қол қойдырып, Кремльде өткен бiр жолығысуда КСРО Президентi М.Горбачевтiң жеке өзiне тапсырғаным есiмде. Жоғарыда суреттелген екеуара әңгiмеде Колбиннiң маған үлкен өкпе артуы да негiзсiз емес. Ендi Колбин кезiндегi асырасiлтеушiлiктен едәуiр хабар беретiн бұл хатты оқырмандар назарына ұсына отырып, сол құжаттың кей тұстарына бүгiнгi дәуiр тұрғысынан өз ойымды бiлдiре кеткендi жөн санадым.

Члену Верховного Совета Союза ССР,

Народному депутату СССР,

Председателю комиссии Верховного совета

Казахской ССР по расследованию

Декабрьских событий в Алма-Ате в 1986 году

тов. М.Шаханову

Народным депутатам СССР

тов. Сахарову А.Д.

тов. Собчаку А.А.

тов. Медведеву Р.А. и др. депутатам

ЗАЯВЛЕНИЕ

По решению первого съезда народных депутатов СССР, в Казахстане создана при Верховном Совете Казахской ССР, комиссия по расследованию событий происшедших в г.Алма-Ате в декабре 1986 г.

Комиссия, как я себе представляю, должна разобраться в причинах возникновения этих событий и их подавления.

Я был очевидцем, когда 17 и 18 декабря 1986 года, без какой-либо надобности, лишь бы согнать молодежь с площади, по указанию Колбина Г.В. их в декабрьский мороз обливали из спецавтомашин водой, били дубинками, а это, как видно, вызывало ответную реакцию, приведшую к хулиганским действиям толпы, сопротивлению милиции и войскам.

Мне неизвестно, кто направлял студентов на площадь, кто заставлял их писать лозунги – "Долой Колбина" и нести их на площадь. Видимо казахская интеллигенция хотела, чтобы партийный лидер в республике был казах.

Является ли это выражением национализма? По-моему нет. Я всю жизнь работал в Казахстане и считаю эту республику наиболее интернациональной, наиболее приверженной идеи дружбы народов. Особенно уважительно здесь относятся к русскому народу. Желание иметь у руководства человека коренной национальности – естественное желание, раз в стране имеются национальные образования в виде различных автономий…

Выступая с различных трибун Колбин Г.В. не забывал призывать общественность утверждать высокие принципы социалистической морали и нравственности, бороться за честное и скромное имя партийца, свободное от корысти и злоупотреблений, в то же время он, видимо, считал, что к нему-то это уже никак не относится. Иначе как можно понять, его прямые указания о расходовании немалых средств (40 тыс. рублей) на ремонт для него квартиры в новом доме. Его указание о выделении семейной дочери (Каменных), приехавшей вместе с ним – 4-х комнатной квартиры на 2-х человек вне всякой очереди и сверх всякой нормы.

А чего стоит перевозка его домашних вещей? 6 января 1987 г. на транспортном самолете ИЛ-76Т из Ульяновска в Алма-Ату прибывают его дочери Каменных домашние вещи в количестве 319 мест. На это было истрачено 26700 рублей. Конечно, не за счет кошелька Колбина. И в тот же день из Ульяновска в Алма-Ату на другом самолете ТУ-134 отдельным рейсом, без пассажиров, прилетела его супруга с двумя собачками. Этот рейс обошелся государству – в 7700 рублей. Он говорил, что ему все это разрешено наверху! Только как тут быть с принципами морали и нравственности? Какие к ним подходы найти? Чтобы сочетать с умом, честью и совестью нашей эпохи!

Если мы сегодня говорим о необоснованных зверствах 30-40-х и 50-х годов, реабилитируем несчастных оклеветанных и оговоренных людей того времени, требуем наказания виновных, то как должны поступать с теми, кто в наши дни подвергся таким же истязаниям?

Просил бы Вас, поддержать протест генерального прокурора СССР от 2.12.1988 г. по моему делу, о моей невиновности и полной реабилитации.

С глубоким уважением А.Статенин,

Ветеран труда, лауреат

Государственной премии СССР

Уақытында Колбиннiң тағдырын өзгертуге сеп болған осы хатқа 19 жылдан соң, яғни егемендi ел атанған бүгiнгi дәуiрдiң көзiмен қарап көрелiк. Бейшара Колбиннiң жеке басының мүддесiне, өз дүние-мүлкiн Ульяновскiден Алматыға көшiрiп әкелгенiне тоқталар болсақ, ол заңға сыйымды. Өйткенi оны Қазақ КСР-iн басқаруға КОКП Орталық комитетiнiң Саяси Бюросы жiберiп отыр. Сондықтан ол үйiн, бала-шағасын мемлекет есебiнен көшiрiп әкелуге құқылы. Бiрақ темiр жол арқылы. Ұшақпен әкелгенi ғана сол кезгi заңға томпақтау. Ал, «қызына үй әпердi» деген кiнәға бүгiнгi дәуiр көзiмен үңiлелiк.

Колбиннiң қызына кезексiз берiлген үй не, тәйiрi, кезiнде халық игiлiгiне қызмет еткен, о шетi мен бұ шетiне ат шаптырым әлденеше қабаттық зәулiм сарайлар, жоғарғы оқу орындары бүгiнгi билiк басындағылардың ұл-қыздарының, күйеу балаларының, жақын-жұрағаттарының жекеменшiгiнде емес пе?

"Рухымыз ұтылған сайын қоңдана түсетiн байлар,

Сенбiлiк түскi асын Швейцарияға барып iшетiн байлар,

Балабақшаларымыз бен мәдени ошақтарымызды қайтарсын…" деген өлең жолдары негiзсiз жазылды деп қазiр кiм айта алады?

Мұнайдан, түстi металдардан және өзге игiлiктерден алынған қыруар табыс көзiнiң қайда кеткенiн, оның кiмнiң қалтасына құйылып жатқанын бiлуге (тiптi, журналист ретiнде) мүмкiндiгiңiз бар ма? Бiлуге құштарлық танытсаңыз, өзiңiзге қауiп төндiруiңiз де ғажап емес. Ақпарат құралдары ертеден кешке дейiн жағы талмай елiмiзде "өнегелi демократия бар" деген пiкiрдi ел санасына сiңiрумен келедi. Өкiнiшке қарай, ол демократия тек сөз жүзiнде ғана емес пе? Кiмнiң қалтасында ақша, қолында билiк болса осызамандық демократия соның шылауында. Кеңестер Одағына жылап көрiсер жағдайға жеткенiмiз кiмге құпия? Колбиннiң үстiнен жазылған Статенин арызының көшiрмесiн қарап отырып, осындай мұңлы ойларға табан тiредiм. Бiр жағынан Колбин сорлыны аяп кеттiм…

"Көзқарас жыл сайын өзгере бере ме демократияға?

Күллi рухсыз демократияның барар жерi "жемократия" ма?"

Сонда бiз не үшiн жағаласқанбыз? Қазақ халқын ғаламдық жаһандану үрдiсiнен, шовинистiк әсiре күштерден сақтап қалу майданында "ұлт" деп, "тiл" деп жар құлағымыз жастыққа тимей шырылдасақ та, ұтқанымыздан ұтылысымыз он есе ұлғайыпты. Колбин кезiндегi тiл мен рух мүддесi шешiлмек түгiл онан сайын азып-тозып, құрдымға бет алғандай. Жаңа күш жинауымызға басынан бақайшағына дейiн орыстанған, билiк баспалдақтарын түгелге жуық жаулап алған өз шала қазақтарымыз бен космополиттерiмiздiң бұрын-соңды күтпеген қарсылығына жолықтық. Сөйтiп, қазақты қазақтың қолымен тұқырту, рухқа қарын арқылы соққы беру, яғни, бұрыннан жоспарланған ұлтсыздану кезеңiнiң басты саясаты қысылмай, қымтырылмай, менменсiнген кейiпте алдымызды орады…

Колбин 1998 жылы о дүние есiгiн қақты. Алғырлығын да, олқылығын да қатар алға шығарған, кейде ақкөңiл, кейде қырсық, кейде шыншыл, кейде шамшыл мiнезiмен заман ағымына сай интернационалдық рухты ғана ту еткен адам едi. Мәскеудiң ұлтсыздандыру, орыстандыру саясатына жасырын және адал қызмет атқарды. Сондықтан да оны түсiну және оған әдiл баға беру, алғашында бiзге елеулi қиындық тудырғаны рас. Ендi ол өзiнiң жақсылығымен де, жаманшылығымен де маңдайынан соры кетпеген қазақ халқының мұңлы тарихына айналды.

Бiрақ адам баласы қанша жерден мықтылық танытса да, өзiнiң өткен ғұмырын өзгертуге дәрменсiз…