ҚАСИЕТТI МӘУЛIТ ТҮНI КЕЛЕ ЖАТЫР
ҚАСИЕТТI МӘУЛIТ ТҮНI КЕЛЕ ЖАТЫР
Аллаһ Тағаланың рахым нұры, ақырзаман пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) дүние есiгiн ашқан рәбиул-әууәл айы басталды.Күллi мүсiлiмдi келе жатқан Мәулiт мерекесiмен құттықтаймыз!
Ол наурыздың 19-ынан 20-сына қараған түнге сәйкеспек.
Сүйiктi Пайғамбарымыздың дүниеге келу тарихын қысқаша баяндамақпыз.
Милади 571 жыл, көкектiң 20-сы. Бұл ай күнтiзбесiндегi рәбиуләууәлдiң он екiншi түнi едi. Осы түнi, яғни дүйсенбiнiң таңында, Меккеде хазретi Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келдi.
Пiл оқиғасынан кейiн 50-55 күн өткенде хазiретi Ибраһимнен Исмайылға, Әбдүмүттәлiптен Абдуллаһқа берiлген нұр жер-жиһанды дүр сiлкiндiрiп, дүниенi дүрияға бөледi.
Сол түнi туған таңғажайып ерен жұлдыз – хазiретi Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) жұлдызы болатын. Яһудилердi есiнен тандырған бұл оқиға олардың: "Пайғамбарлық құрайыштықтарға жеттi. Ендi құрайыштың даңқы жер жарады" деген қызғанышын оятып, пайғамбарлық бiзден аспайды сияқты пиғылын жоққа шығарды.
Сондай-ақ, сол түнi Медайиндегi Кисра сарайының бағандары, Қағба маңындағы пұттар жермен-жексен болып, отқа табынушы-мәжусилердiң оты бiржола сөндi.
…Ақырзаман пайғамбарының келуiн күткендер көп едi. Солардың бiрi Зәйд бин Амр сахаба болған Амр бин Рәбиаға ертеректе былай деген екен: "Келуiне өте аз уақыт қалған бiр дiндi бiлемiн. Ол күнге жете аламын ба, жете алмаймын ба, бiлмеймiн. Алайда хазiретi Ибраһимнен жалғасқан, Абдулмутталибтiң тектi нәсiлiнен келетiн пайғамбарды күтудемiн. Оны растап қабыл етемiн. Сенiң өмiрiң жетiп кездессең сәлемiмдi айт. Оның түр-түсiнiң қандай екенiн де айтып берейiн.
Ол ұзын да емес, қыс қа да емес, орта бойлы. Туған жерi – Мекке. Есiмi – Ахмед. Пайғамбар боп келетiн орны – осы жер. Бiрақ кейiн елi әкелген қасиеттi дiнiн ұнатпай, оны Меккеден шығарады. Ол Ясрибке (Мәдина) көшiп, әкелген дiнi сол жерде тарайды. Одан бейхабар қалма. Мен сан елдi аралап, Хазiретi Ибраһимнiң дiнiн iздедiм. Кездесiп әңгiмелескен яһуди мен христиан ғалымдарының бәрi маған "сенiң iздегенiң кейiн келедi" дедi. Одан кейiн ешқашан пайғамбар келмейдi!".
Барлық әһли кiтап иелерi Аллаһ Елшiсiмен өте таныс едi. Өйткенi Құранға дейiнгi кiтаптарда хақ пайғамбардың белгiлерi анық жазылған-тұғын. Десек те Құранда айтылғандай, олар "бiле тұра, шындықты жасырады. Қысқасы, ақырзаман пайғамбарының ең үлкен пайғамбарлық белгiсi – қасиеттi Құран. Олай болса, Аллаһ Тағаланың қасиеттi кәләмын оқуға асығайық.
Онда жын мен адамзатқа құлшылық жолын үйрету үшiн жiберiлген соңғы пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) уазипасы толық айтылған. Қасиеттi Құран тiрiлерге арналған .
Күлпара ЖҰМАҒАЛИ