КОЛБИН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҚАСIРЕТI
КОЛБИН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҚАСIРЕТI
Арал және Балқаш проблемалары жөнiндегi қоғамдық комитеттiң төрағасы ретiнде мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы Г.В.Колбинге: "Сiз әлi Арал теңiзiнде болған емессiз. "Апат аймағын" өз көзiңiзбен көрiп, бұл iске тiкелей қатысы бар министрлiк пен комитет басшыларын сонда ала барсаңыз, нақты жәрдем беру мәселесiн де жергiлiктi халық тiлегiн ескере отырып шешсеңiз" деген ұсыныс-хат жолдаған болатын¬мын. Бiрнеше күннен соң Колбин менi өзiне шақырып:
– Сiздiң ұсынысыңызға шамалы ғана өзгерiс енгiздiк, – дедi. – Жиынды Арал теңiзiнде емес, Қызылорда қаласында өткiзетiн болдық. Тиiстi министрлiк басшыларын сонда алып барамыз. Министрлер Кеңесiнiң төрағасы Назарбаев баяндама жасайды. Жинақталған қоғамдық ойлар мен ұсыныстарды қоғамдық комитет атынан өзiңiз арнайы баяндама жасап айтасыз. Дұрыс па? – Дұрыс. – Бiрақ бiр мәселеге келiсiп алалық, – дедi Колбин көзiн сығырайтып. – Көрiп отырсыз, бiз Сiздiң ұсынысыңызды бiрден қабылдадық. Жиынға КОКП Орталық комитетiнiң сектор меңгерушiсi арнайы келiп қатысады. Ана жерде "Арал проблемасымен Орталық Комитет айналыспады" деп ескi әуенiңiзге қайта басып, бiзге тиiсiп жүрмегенiңiз жөн болар едi. Осыған келiсемiз бе? Сiзге ескертiп қояйын, бұдан былай Арал мәселесiн тiкелей өзiм бақылап отыратын боламын… – Егер Аралға деген көзқарас өзгеретiн болса, оның үстiне өзiңiз бақылап отыратын болсаңыз, орынсыз тиiсiп нем бар? – дедiм мен. Сонымен бәрiмiз бiр ұшаққа отырып Қызылордаға жол тарттық. Жиынға республиканың, облыстың белдi-белдi мамандары, ғалымдары, партия, кеңес қайраткерi бас құрапты. Тiптi сонау Арал өңiрiнен де көп адам шақырылыпты. Г.Колбиннiң кiрiспе сөзiнен, Н.Назарбаевтың баяндамасынан кейiнгi кезек маған да жеттi. Мен апат аймағының арғы тарихын айта келiп, оның бүгiнгi тағдыр-тауқыметiне кеңiрек тоқталдым. Жыл сайын кепкен теңiздiң орнынан 75-80 миллион тонна тұз тозаңы көтерiлiп, тек Қазақстанға ғана емес, бүкiл әлемге залал келтiрiп жатқанын, ғалымдар сонау Солтүстiк мұзды мұхиттың өзiнен Арал тұзын тапқанын, Арал маңындағы аналардың 70 пайызы анемиямен ауыратынын, бұл аймақтың кей жерлерiнде жаңа туған мың сәбидiң 80-i шетiнеп жатқанын және мұның бәрiн билiк ұзақ жылдар бойына жұрттан жасырып ұстағанын айта келiп, жұрттың назарын бiр тарихи, күлкiлi оқиғаға бұрдым. Кезiнде өзiн "күн-король" деп жариялаттырған, Францияның даңғой королi Людовик XIV бiр күнi ерiгiп отырып бiрнеше өлең жазыпты. Жалма-жан француздың атақты сыншысы Буалоны шақырып алып, әлгi өлеңдерiн оқытыпты және пiкiрiн ашық айтуды сұрапты. Буало үн-түнсiз ойланып тұрады. Қайтпек керек? Өлең туралы пiкiрiн ашық бiлдiрсе, ойына не келсе соны орындататын король жендеттерiне "мынаның басын ал" дей салуы әбден мүмкiн. Ал айтпайын десе шындық өлiп барады. Екi оттың ортасында қалған Буало жүзiн кенет жадыратып: – О, ұлы мәртебелiм! Сiз өз алдыңызға мағынасыз, мазмұнсыз, жалынсыз жыр жазуды мақсат етiп қойған екенсiз. Сол ойыңызды керемет шеберлiкпен iске асырыпсыз! – дейдi. Король ашуланарын да, қуанарын да бiлмей дел-сал күйiнде үнсiз отырып қалады… Бұл оқиғаны тiлге тиек етудегi мақсатым: "Мiне, қанша жылдан берi Горбачев бастаған "Қайта құру, яғни, демократияға шындап бет бұру мүддесi сөз жүзiнде айтылып келе жатқанымен, iс жүзiнде алға жылжып жатқан ештеңе байқалмайды. Әсiресе Желтоқсан оқиғасынан кейiнгi кезеңде қарапайым шындықтың бетiне тура қарай алмау елiмiзде кең өрiс ала бастағандай. Бiрақ қандай қиын жағдайда да шындықты айналып өтпеуге мүмкiндiк бар" деген ойды жұртқа сездiру едi. Үзiлiс кезiнде Колбин қолымды қысып тұрып: – Сөзiңiз өте мазмұнды әрi қызықты шықты – дедi. Жоғарғы мәртебелi басшыларға арналған түскi тамақ, жиын өтiп жатқан Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы драма театрының бiр бөлмесiнде әзiрленiптi. Дастарқан басында Г.Колбин, Н.Назарбаев КОКП Орталық комитетiнiң сектор меңгерушiсi (аты-жөнiн ұмыттым), Қызылорда облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Е.Әуелбеков және мен ғана тоқайластық. Алматыдан келген министрлердiң, ғалымдардың бiрде-бiреуiн шақырмапты. Үстел үстiнде түрлi-түстi тағам, жемiс-жидек самсап тұр. Бiр кезде Нұрсұлтан Әбiшұлы маған қулана қарап, қазақ тiлiнде: – Мен мына ағаңның алдында бiр қызық қалжың айтқым келiп отыр, қалай қарайсыз? – деп иегiмен Колбиндi нұсқады. – Айтыңыз, құлағымыз сiзде, – дедiм мен. – Ендеше, тыңда. – Мұхтар – дедi ол маған әдейi бұрылып, орыс тiлiнде. – Сенiң сөзiңдi жұрт өте жақсы қабылдады. Бiрнеше рет қол соғып қошемет те көрсеттi. Бiрақ сенiң Людовик ХIV туралы айтқаныңды қалай түсiнуге болады? Оның Арал теңiзiне қандай қатысы бар? Сен сол мысалың арқылы Геннадий Васильевичтi меңзеп тұрған жоқсың ба? Колбиннiң көзi атыздай болып, лезде түсi бұзылып кеттi. – Шынында, сен сол король арқылы менi келемеждеп тұрған жоқсың ба? Мысалыңның байыбына терең мән бермеген екенмiн, – деп бұрқан-тарқан ашуланды. Тiптi екi қолының дiрiлдеп бара жатқанын да аңғардым. Мен король туралы айтқан әңгiмемнiң мән-мағынасын өзiмше Колбинге түсiндiре бастап ем, ол тыңдар болмады. Нұрсұлтан Әбiшұлына көзiм түсiп кетiп едi, оның бiздiң әр қимылымызды сырттан бақылап отырғаны байқалды. Мен Назарбаевқа бұрылып, қазақ тiлiнде: – Нұреке, мұныңыз қалай болды? Осы арадағы әзiлiңiздi түсiнбей қалдым, – деп едiм ол: – Қам жеме, қазiр орнына қоямын, – дедi. Сосын Колбинге жымия бұрылып, орыс тiлiнде: – Геннадий Васильевич, мен жай әзiлдедiм. Байқайсыз ба, Мұхтар ылғи да өз шығармаларын тарихи фактiлермен, философиялық астармен көмкерiп отырады. Бiз Мұхтармен бұрыннан әзiлдесемiз. Мынау да сол екеуара айтылған шымшыма әзiлiмiздiң бiрi. Ал ана корольдiң Сiзге ешқандай қатысы жоқ. Король арқылы Мұхтар мүлде басқа мағынаны уағыздап тұр. Жұрт та солай қабылдады, – дедi. – Ә, солай ма? Әйтпесе мен басқа ойға бұрылып кете жаздадым ғой… – деп Геннадий Васильевич жадырап сала бердi. Иә, сол жолы мен Колбиндi мүлде басқа қырынан таныдым… * * *Шын достықты қолдан жасау қалай мүмкiн болмайтын болса, әрбiр ұлт та бiр-бiрiн де солай күшпен сыйлата алмайды. Сондықтан да, менiң ұғымымша, кез келген ұлт бiрiншi кезекте алдымен өз дәстүрiн өзi құрметтеуi, өзi ардақ тұтуы шарт. Өз қадiр-қасиетiн мәпелей бiлген ұлт қана өзге ұлттың рухани құндылығына үлкен құрметпен қарай алады.
Ендi дәстүр-салт туралы қысқаша ғана ой толғап көрелiк. Қайбiр жылы Қазақстанның бiр топ жазушысы – Шерхан Мұртаза, Тұманбай Молдағалиев, Сейдахмет Бердiқұлов бар, Эстонияда өткен әдебиет күндерiне қатыстық. Кокубо аралын аралағанымызда теңiз жиегiнде тұғырдың үстiнде тұрған көне қайықтар өте жиi ұшырасты. Пiшiнi мен көлемi де әр қилы. Жол бастаушы эстон жазушысы бiздiң көкейiмiздi тескен сауалды сездi ғой деймiн: – Бұл қайықтардың кем дегенде 100-150-200 жылдық тарихы бар, – дедi ол. – Осы қайықтармен бiздiң ата-бабамыз балық аулаған, бала-шағасын, немере-шөбересiн өрбiткен. Яғни, бұл қайықтар олардың асыраушысына айналған. Бабаларымызға осы қайықтардың өлшеусiз жақсылық жасағаны айқын. Ал жақсылықты ұмытпау – әркiмнiң азаматтық парызы. Сондықтан да бiздiң елiмiзде, бүгiнде iске жарамайтын көне қайықтарға мүлде басқаша көзқарас қалыптасқан. Оларды ешкiм отқа жақпайды. Қайта әр жанұя қайықтарға биiк тұғыр жасап, қорғап, ерекше сый-сыяпат көрсетедi. – Апыр-ай, мына мiнез кейiнгi ұрпаққа таптырмас тәлiм-тәрбие екен-ау. Ендi Эстон халқына бiз өзгеше үлкен құрметпен қарайтын боламыз! – дедiм мен қуанышымды жасыра алмай. Грузияда қыз күйеуге шықса, Шота Руставелидiң "Жолбарыс терiсiн жамылған батыр" дастаны оның жасауының ең басты мүлкi боп саналады екен. Қандай жарасымды. Өз рухани байлығын ерекше қадiр тұтқан ұлттың iсi емес пе бұл? Бiр кезде қазақ ұлтының әр өкiлi тал бесiкте тербелiп, ана әлдиiн естiп өстi. Бабамыз жатқан тал бесiк олардың әрқайсысына өнеге қалыбы болғаны белгiлi. 70-шi жылдардың бiрiншi жартысы. Ауылдан Алматыға жаңадан қоныс аударған кезiмiз. Кiшi ұлым – Рауан дүние есiгiн ашты. Жөргек иiсiн бұрқыратып әжесi ертеңдi-кеш қолынан түсiрмейдi. Қуанышымызда шек жоқ. Базардан жаңа бесiк сатып алып, бұдан былай тек соған бөлеп өсiрейiк деп шештiк. Осылай ниет етiп отырғанымызда, таңертең Төлеген Айбергеновтың жұбайы Үрниса жеңгемiз бесiк көтерген қалпы үйге кiрiп келдi. – Жаңа бесiк сатып алып әуреленбеңдер, – дедi ол. – Мен сендерге көне бесiк алып келдiм. Көне болғанмен, бұл өзi өте құтты бесiк. Мұнда бiздiң бес баламыз, Оразбек Сәрсенбаевтың, Софы Сматаевтың, Ахат Жақсыбаевтың балалары бөленген. Бәрi аман-сау өсiп өрбiдi… Жеңгемiздiң айтқанын орындадық. Содан көңiл жетер дос-жаранның басын қосып, той-томалағымызды жасап, Рауанды бесiкке құндақтадық. Бiр күнi ойда-жоқта ұлымызға суық тиiп, шiкiрттендi. Жалма-жан дәрiгер шақырттық. Жедел келген ақ халатты орыс келiншегi бесiктегi баланы көрiсiмен: – Өзiңiз оқу-бiлiмiңiз бар ақын сияқтысыз, мұныңыз қалай? – деп түсiн суытып, бұйыра сөйледi. – Баланы ағашқа керiп, таңып тастау деген феодализмнiң қалдығы емес пе? Масқара ғой бұл… Тез арада шешiңiздер! Дәрiгердiң бұйрық бергенiнен гөрi ұлттық дәстүрiмiзге тiл тигiзгенi шамыма батты. – Кешiрiңiз, – дедiм өңiм бұзылып. – Бiз сiздi қасиет дарыған бесiгiмiзге тiл тигiзсiн деп емес, ұлымыздың денсаулығын қарасын деп шақырттық. Қазақстанда тұрған соң, ең болмаса, мемлекет атын иеленген ұлттың дәстүрiн сыйлап үйренбегенiңiз қандай өкiнiштi. Сiз өзiңiздiң қандай деңгейдегi адам екенiңiздi толық әйгiледiңiз… Ашуға булыққан мен көршi бөлмеге шығып кеттiм. Бiрде Америка Президентiнiң жастар iсi жөнiндегi көмекшiсi Алматыға келдi. Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетiнiң сол кездегi бiрiншi хатшысы Серiк Әбдiрахманов: – Мұха, Бүкiлодақтық және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлықтарының лауреатысыз, әрi алыстан келген мейманның өзi сiзбен жолығуға тiлек бiлдiрiп отыр. Үйiңiзге шақырып, шай берiп, қабылдасаңыз қайтедi? – деген өтiнiш айтты. – Есiгiмiз ашық, келсiн! – дедiм мен. Меймандарды үйге Серiк Әбдiрахмановтың өзi бастап алып келдi. Танысу-бiлiсу, сыр-сұхбатпен отырғанда дастарқан жайылып, алдымызға сарала табақ қазақы ет тартылды. Отырыстың шырайын ендiретiн ащы-тұщы да әкелiндi. Жұбайым Розалинда бөлек табақшаға салып, жасы үлкен немесе сыйлы меймандарға тартылатын қойдың басын қонақтардың алдына қоя бергенi сол едi, Америка президентi көмекшiсiнiң қасындағы негр қыз: "А-ах!" – деп бар жан даусымен шыңғырып жiбердi. Қойдың басына қарап, екi қолын ербеңдете шалқалап, орындықтан құлап түстi. Ол бейшара, табақшада қойдың басы емес, нақ бiр адамның басы тұрғандай әсер алса керек. – Ойбай, тез алып кетiңдер, – деп айқайлап үлгердiм мен де. Бiраздан соң президент көмекшiсi: – Ғафу етiңiздер, бұрын бұл қыз да, бiз де мұндай дәстүрмен бетпе-бет жолықпағанбыз ғой, – деп қайта-қайта кешiрiм өтiндi. Бiр халық жыланға әуес, екiншiсiнiң бақаға шабыты шабады, үшiншiсi – шаянға құмар, төртiншiсi баласын бесiкке таңады, бесiншiсi пiлге мiнiп ұйықтаудан ләззат алады, алтыншысы шарап iшкен ыдысын еденге ұрып сындырады… Бiрақ дәстүр-салттың бәрiн қыспаққа алуға, шетке қағуға немесе оны күлкiге айналдыруға ешкiмге құқық берiлмеген. Мүмкiндiгiнше оған құрметпен қарап үйренген ләзiм. Өйткенi әр ұлттың өз көйлегi өз денесiне жақын. * * *КСРО халық депутаттарының сайлауына 3-4 күн қалғанда орынбасарым Мереке Құлкенов:
– Мұха, сiзге бiр ыңғайсыз жаңалық айтайын, тек қан қысымыңыз көтерiлiп кетпесiн, – дедi. – Айт! Бiз естiп жүрген құқай аз ба? Бұл жаңалығың парлап барғанда соның бiрiншi қатарына тұрар. НПРЗ. – НПРЗ дегенiңiз не? – "Не первый раз замужем" деген орыс мақалы ғой. Айта бер! – Айтсам, – дедi Мереке байыпты кейiппен. – Кеше Орталық Комитеттiң хатшылар алқасы "Жалын" журналын қарапты… – Қалай? Мүмкiн емес. Бiзден жасырғаны несi? – дедiм таңдана. – Иә, солай. Олар бас редактор ретiнде сiздi шақыруға тиiстi едi ғой, – дедi Мереке. – Жиында Колбин, Уржумов, Жәнiбеков және Устинов сөйлеп, "Журнал әдебиеттен ауытқып, Арал мен Балқаш проблемасына бет бұрған, экологиялық басылымға айналып барады", – деген сын айтыпты. Қысқасы, сiздi жардың жағасына апарып қойыпты. Қазiр алып тастауға депутатқа кандидат болған адамға қысым көрсетуге болмайды деген заң бар. Егер депутаттыққа өтпей қалсаңыз, бiттi, журналдан да кетiретiнi ақиқат. Келесi күнi таңертең Колбиннiң қабылдауына бардым. Көмекшiсi менiң келiп тұрғанымды айтып едi, бiрден қабылдады. Әдеттегi аман-саулық сұрасудан соң: – Геннадий Васильевич, мен сiздi құттықтауға келiп отырмын, – дедiм. – Немен? – дедi ол таңданып. – Сiз, 1986 жылы Қазақстанға алғаш келгенде "бiр жылдың iшiнде қазақша сөйлей бастаймын" деп уәде бергенсiз. Есiңiзде ме? (Ол басын изедi). Сол уәдеңiздiң үдесiнен шығыпсыз, – дедiм жымиып. – Түсiнбедiм, қалай? – дедi Колбин басын қасып. – Мәселен, "Жалын" – әдеби журнал. Оны оқып, түсiну – шалақазақтардың өзiне де үлкен күшке түседi, – дедiм сабырмен. – Ал сiз сол "Жалын" журналын ыждағатпен зерттеп, оқып шығып, пiкiр айтыпсыз. Уржумов, Устинов секiлдi әрiптестерiңiз де өзiңiзден қалыспапты. Сiздер осындай мiнез танытқан соң, байқауымша, қазақ тiлiнiң бағы ендi жанатын шығар… Кекетiп отырғанымды бiрден аңғарған Колбин үн-түнсiз отырып қалды. Мен әңгiмемдi өршелене жалғадым: – Егер қазақ халқы, оның ұлттық рухы аман тұрса, сiздер қаласаңыздар да, қаламасаңыздар да мен осы жолы депутат боп сайланамын. Содан кейiн бiр-бiрiмiзбен ашық пiкiр-таласқа шығамыз. Бiзде де сiз басқарған билiк жөнiнде едәуiр пiкiр жинақталып қалды. Өйткенi сiз соңғы кездерi айналаңызға Меңдiбаевтың көзiмен қарайтын болып барасыз… – Мұхтар, өкпеңiзге негiз бар, – дедi Геннадий Васильевич бiршама үнсiздiктен соң. – Кеше Гарттың үстiнен жазған хатыңызбен де танысып шықтым. Олардың жасап отырғаны демократияға тiкелей қарсы тiрлiк. Меңдiбаевқа да ескерту жасадым. Өзiм жағынан да кемшiлiк кеткенi рас. Мейлi осы әңгiме жеткен жерiнде қалсын. Мынадай келiсiмге келелiк. Ендi сiз туралы ешкiмнiң сөзiне ермеймiн. Ертең жоқ, арғы күнi менiң теледидар арқылы тiкелей сөзiм жоспарланған. Сол сөзiмде мен Олжас Сүлейменов екеуiңiз туралы аттарыңызды атамай, жылы пiкiр бiлдiремiн. Әрi ол жергiлiктi партия ұйымдарына тапсырма қатары қабылдануы тиiс… Колбин айтқанын орындады. Сайлауға екi күн қалғанда кешкiлiк Колбиннiң сөзi теледидар арқылы берiлдi. Ол Олжас екеумiз жайлы (шамамен) мынадай пiкiр бiлдiрдi: "Республикамызда елiмiз ерекше сыйлайтын екi ақын бар. Бiрi – Семей өңiрiнде ұзақ жылдар бойына жүргiзiлiп келе жатқан ядролық сынаққа қарсы дауыс көтерсе, екiншiсi – Арал теңiзiнiң құрғауына байланысты, одан өрбiген экологиялық проблемаға назар аударуға шақырады. Олар да өзге қаламдастары сияқты өлеңiн жазып жүре берсе ешкiмнен абырой, атағы кем түспес едi. Бұл екi ақын елiмiздi бүкiлхалықтық мүддеге болысуға үндеп отыр. Сондықтан республикамыздың әр адамы оларға қол ұшын берудi өздерiнiң азаматтық мiндетi қатары ұғынғаны жөн". Бiрақ мен дауысқа түскен 6 аудандағы сайлау округтерiнiң бәрiнде дерлiк Қазақстан Компартиясы Орталық комитетiнiң екiншi хатшысы Марат Меңдiбаевтың бұрынғы берiлген жасырын тапсырмасы күшiн жоймапты. Соған қарағанда Колбиннiң өткендегi сөзi ойын болған сыңайлы. Әйтсе де менiң өлеңдерiмдi жатқа оқитын, әнге арнап жазған жырларымды және өзiмнiң шығарған әндерiмдi әуелете шырқаған жастар әрбiр сайлау округiнде бiрнеше топ құрып өзгеше мiнез көрсетiптi. Олар сайлаушылардың алдына шығып: "Былшылды қойып, Шындыққа дауыс берiңiздер" деп ескертумен болыпты. (Былшыл дегенi – менiң қарсыласым, атақты шопан, ақкөңiл, қонақжай, жайсаң азамат, Социалистiк Еңбек Ерi Ботанбеков, Шындық дегенi – Шаханов). "Аяғы немен бiтер екен" деп ұйқым қашып, алаңдап отырғанымда таңертеңгi сағат 5-те үйге Колбин телефон соқты. – Мұхтар Шаханұлы, үлкен жеңiсiңiзбен құттықтаймын. Көзiм анық жеттi, сiздi қарапайым халық өте жақсы көредi екен. Депутаттығыңыз елiмiздiң игiлiгiне қызмет етсiн! Үлкен басымдықпен жеңiске жеттiңiз, – дедi. Кейiннен жанкүйерлерiм барлық аудандардан дерлiк заң бұзушылық, бюллетень ауыстыру сияқты фактiлердi бұлтартпас дәлелдермен әйгiледi. Сотқа беруге әбден болушы едi. Қазақстан КП Орталық комитетiнiң идеологиялық хатшысы Өзбекәлi Жәнiбеков ағам телефон соқты. – Мұхтар, қайтесiң соны. Бәрi жасырын түрде жабылып, сенi құлатуға тырысқанымен, 61 пайыз дауыс алдың. Ара-тұра бiздi де тыңдап қойғаның дұрыс. Тағы бiр рет жомарттық мiнез көрсете сал, – дедi. Демократияға деген сенiм салтанат құрды ма, жоқ әлде сол тұста Горбачевтiң ерекше тапсырмасы болды ма, әйтеуiр, алғашқы қайта құру кезеңiндегi сайлауда едәуiр деңгейде шындық ту көтердi. Әйтеуiр, билiк бiзге ашық түрде кедергi қоя алмады. Ал кейiнгi жылдары өтiп жатқан сайлаудың бет-пiшiнi күлкi шақырарлық. Жалғыз ғана партия жеңiске жеткен соңғы сайлаудың қорытындысы жайлы жазушы Құдияр Бiләлға сайлау комиссиясында iстейтiн, кезiнде бiрге оқыған жақын адамы мынадай мәлiмет айтыпты. "Бiздiң ауылда оппозициялық партияға 472 адам дауыс берiптi. Бiрақ жоғарыдан түскен тапсырмаға орай 472-ден 2-ақ адам қалдырдық…". Қазiргi сайлау механизмi түгелдей бүгiнгi билiктiң талап-талғамына сай орналастырылған. Колбин кезiндегi сайлауды өзгеше жылылықпен еске алып жатқанымыз да сондықтан. КҮНДЕЛIК БЕТТЕРIНЕНУльяновск қаласынан бейтаныс бiреу менiң атыма "Слово молодежи" деген жастар газетiнiң қиындысын салып жiберiптi. "Бiз қалжыңдадық, ал сiздер…" деген редакциялық мақаласын оқып шықтым. Газет өз оқырманымен әзiлдесемiн деп от шығарып ала жаздаған екен. Редакция қызметкерлерi 1 сәуiр – әзiл-оспақ күнi "Колбин Ульяновскiге қайта оралды" деп жазса керек. Әзiлдi шындай қабылдаған ульяновскiлiктер: "Жерiмiзге Колбиннiң табаны тиюшi болмасын",– деп ұрандап, бiр зауытта митинг өткiзуге жиналыпты. Газеттiң сол санында Геннадий Васильевичтiң де интервьюi жүр. – "Партия қайда жұмсаса сонда баруға әзiрмiн", – дептi ол сұхбатында. Тағдыр тәлкегi дегендi қойсаңызшы. * * *КСРО Қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгi және КСРО Прокуратурасы бiрлесiп республика Жоғарғы Кеңесiнiң Желтоқсан оқиғасы жөнiндегi Комиссия шешiмiн жоққа шығаруға шындап кiрiскенi белгiлi болды. Бүгiн мынадай әңгiме естiдiм. "Қазақфильм" киностудиясының қызметкерлерi – Әсия Байғожина мен хакас қызы – Нона "Келiсiлмеген демонстрация хроникасы" деген фильм түсiрiп жатқан. Әсия интервью алу үшiн Колбинге барыпты. – Сiзге Геннадий Васильевич тiсiн қайрап отыр, – дедi Әсия маған құпиялап. – Ендi Шаханов тырп етiп көрсiн, – десе керек КСРО халықтық бақылау комитетiнiң төрағасы Г.Колбин ағамыз, МҚК, IIМ және Бас прокуратураның жоқтан жонып, дайындап берген бiр құшақ құжатын көрсетiп. – Желтоқсан оқиғасындағы соңғы сөздi Шаханов комиссиясы емес, ендi осы құжаттар айтады… Колбиннiң жалған құжаттарды көрсете тұрып, айбат шеге сөйлегенi жаныма тыншу бермедi. Алыстан тепкен ызғардың жанға жайсыз лебiн сезгендей болдым. Жұмыс аяғына дейiн КСРО Жоғарғы Кеңесiне арнайы хат әзiрледiм. Бiрнеше күннен соң КСРО Президентi мен КСРО Жоғарғы Кеңесiне ашық хат жарияладым. Iле-шала бұл хат бiрнеше баспасөзден орын тептi.Президенту СССР ГОРБАЧЕВУ М.С.
Председателю Верховного Совета СССР ЛУКЬЯНОВУ А. И. ОТКРЫТОЕ ПИСЬМО Четыре года назад на главной площади Алма-Аты произошли известные Декабрьские события, которые явились прологом к цепи межнациональных потрясений в разных регионах страны. На втором году перестройки здесь была опробована и испытана методика подавления демократического волеизъявления народа. Алма-Атинский декабрь отозвался апрельским Тбилиси, январским Баку и сегодня – новым кровавым январем в Вильнюсе. В этой цепи событий прослеживаются общие характерные признаки. Антикоституционные решения о применении силы при¬нимаются келейно, узким кругом лиц, в обход законных органов власти, с ведома и одобрения центра. Карательные операции проводятся с неоправданной и бессмысленной жестокостью. Всю тяжесть последствий несут безвинные люди, а истинные организаторы и исполнители преступных действий остаются в тени. И главное – каждая такая операция по "умиротворению" становится катализатором для эскалации напряженности. Правда о Декабрьских событиях в Алма-Ате тщательно скрывалась. Их официальная оценка как националистического выступления экстремистских и хулиганствующих элементов, сокрытие масштабов и последствий, незаслуженное обвинение в национализме целого народа – породили межнациональную рознь и поставили под угрозу вековую дружбу и согласие народов республики. Поэтому с таким напряженным вниманием ждали люди результатов работы Комиссии Президиума Верховного Совета Казахской ССР по расследованию обстоятельств Декабрьских событий 1986 года. Её политические оценки, выводы и предложения, одобренные Постановлением Президиума Верховного Совета, были встречены общественностью республики с пониманием и удовлетворением. Впервые за годы советской власти в стране предъявлены серьезные обвинения центру в его противоправных действиях. Поименно названы политики и руководители Союза и республики, виновные в декабрьской трагедии, даны конкретные предложения по исправлению допущенных ошибок. Однако до сегодняшнего дня эти предложения не выполнены. До сих пор занимают свои руководящие посты в центре и в республике лица, запятнавшие себя нарушениями законности. Некоторые из них демонстративно повышаются в должностях и в званиях. Работа комиссии, которую я возглавлял, встретила яростное сопротивление и скрытый саботаж. Многие важнейшие документы из ЦК КПСС, КГБ, МВД, Министерства обороны и Прокуратуры СССР комиссии не представлены, часть таких документов под разными предлогами уничтожена. Комиссия была лишена возможности завершить исследование документов о фактах грубого нарушения законности со стороны правоохранительных органов. Важные сведения поступили в распоряжение комиссии уже после официального окончания работы… Силы, виновные в декабрьской трагедии, стремясь уйти от ответственности, пытаются торпедировать Постановление Президиума Верховного Совета Казахской ССР, подвергнуть его ревизии и пересмотру. Спасая "честь мундира", центр снова действует испытанными методами диктата – создает собственную межведомственную комиссию из заинтересованных представителей КГБ, МВД и Прокуратуры СССР. Цель ясна – поставить под сомнение выводы независимой парламентской комиссии. Эта новая попытка давления центра противоречит декларации о суверенитете республики и может вызвать новый виток напряженности. Нельзя допустить в республике нарушения политической стабильности, и без того достаточно хрупкой. 17 декабря 1990 г. перед зданием ЦК Компартии Казахстана в Алма-Ате собралось около 20 тысяч людей на открытие мемориальной доски в память о декабрьских событиях 1986 года. Они потребовали безусловного выполнения Постановления Президиума Верховного Совета Казахской ССР по выводам и предложениям его Комиссии, устранения с политической арены всех, кто скомпрометировал себя жестоким подавлением выступления молодежи, судебными репрессиями и нарушениями законности. События в Прибалтике убедительно доказывают, что уроки из истории нужно извлекать своевременно. Все попытки уйти от решения больных проблем отзовутся многократно новой бедой, При встрече с Вами я говорил об опасности шагов правоохранительных органов по реабилитации своих людей – виновников расправы. Это безусловно вызовет обратную реакцию народа. Я считаю своим долгом ещё раз напомнить Вам об этом. Мухтар Шаханов,Народный депутат СССР "16" января 1991 г.Менiң Жоғарғы Кеңес төралқасына және Горбачев пен Лукьяновқа жолдаған хаттарым тиiстi орындарға жiберiлсе керек. Олар маған мынадай шығарып-салма жауап қайырды:
…Ваше обращение к Президенту СССР т.Горбачеву М.С. и Председателю Верховного Совета СССР т.Лукьянову А.И. по окончательной оценке обстоятельств, связанных с событиями в г.Алма-Ате 17-19 декабря 1986 года рассмотрено. Сообщаем, что вопросы о персональной ответственности отдельных руководящих работников органов МВД будут решены в зависимости от выводов Прокуратуры Союза ССР в части правовой оценки этих событий и действий сил правопорядка. О результатах Вы будете проинформированы. В.Е.Сидоров Заместитель Министра внутренних дел СССР Народному депутату СССР тов.Шаханову М.Ш.