Жаңалықтар

"КIТАП ЖАРШЫСЫМЕН" ҚАЙТА ҚАУЫШУ

ашық дереккөзі

"КIТАП ЖАРШЫСЫМЕН" ҚАЙТА ҚАУЫШУ

Ұлы ойшыл бабамыз Әбунасыр әл-Фараби "Әрекетiмiз дұрыс болу үшiн бiздiң соған баратын жолымыз қандай болу керек екенiн… анықтап алуға тиiспiз" дегенi жақсы ниетпен жаңа, игiлiктi iстi қолға алғандар үшiн айтылған өсиет.

1961 жылғы қазан айында алғаш саны жарық көрген "Кiтап жаршысы" газетiн алғаш шығарушылар да өз мақсаттарын түбегейлi айқындап алғаны хақ. Басты мақсат – жыл сайын көптеп шығарылып жатқан жаңа кiтаптарды қалың көпшiлiк, кiтапсүйер қауымға кеңiнен насихаттау, телегей-теңiз кiтаптар арасынан керегiн iздеп табуға көмектесу. Амал нешiк, аталмыш басылым 1992 жылы нарық қыспағына төтеп бере алмай, өз оқырмандарымен қош айтысқан көрiнедi. Арада 16 жыл өткенде "Балалар кiтабы" қоғамдық Қорының президентi, белгiлi қаламгер, журналист Қанат Қайым сол газеттi қайта шығару жолында үлкен күш жұмсап, биылғы ақпан айынан бастап "Кiтап жаршысыkz". – "Друг читателя" газеттерiнiң оқырмандарымен қайта қауышуына қол жеткiздi. Ақпарат кеңiстiгiне қайта оралған қос басылымның барша қам-қарекетi – замандастарымыз бен өркен жайған жас ұрпағымыздың жүрек сезiмдерiне жол тауып, көкiрек көздерiн аша бiлудi, олардың кiтап оқуға құштарлықтары мен әдебиетке iңкәрлықтарын дамыта берудi мансұқтау.

Мұрат орындалып, мақсатқа жете бергейсiң "Кiтап жаршысы!"

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ