Жаңалықтар

БIЛЕ ЖҮРIҢIЗ

ашық дереккөзі

БIЛЕ ЖҮРIҢIЗ

Оралман деген кiм?

Қазақстан Республикасының "Халықтың көшi-қоны туралы" Заңының 1-бабына сәйкес оралман дегенiмiз ұлты қазақ, азаматтығы жоқ, Қазақстанда тұрақты мекендеуге келген шетелдiктер болып табылады.

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң көшi-қон комитетiнiң мәлiметi бойынша, Қазақстанның бiрiншi онжылдығында тарихи отанына оралғандар саны 60 мың қазақ отбасын құраған. 230 мыңнан астам басқа елдерден келген адамдар баспана алып, көлiк шығындары мен жәрдемақы төлемдерi төлендi. Жергiлiктi атқару органдар, кәсiпорын жетекшiлерi мен ұйымдар айтарлықтай көмек көрсеттi, көрсетiп жатыр.

Оралмандар басқа иммиграция субъектiлерi сияқты Қазақстан Республикасы территориясында тұрған күннен бастап бес күн iшiнде тiркелуi тиiс. Тiркеу жеке куәлiгi арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжаттар қатары мен тiркеу Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiледi.

Қазақстан Республикасының "Халықтың көшi-қоны туралы" Заңының 14-бабына сәйкес оралмандықты мойындау туралы қолдау хат отбасының жасы кәмелетке толған мүшесiне немесе Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiк, консулдық мекемелер өкiлдерi арқылы берiледi. Оралман мәртебесiн алғандығы туралы қолдаухатты қарау оралман иммиграциясы квотасына кiргiзу, сонымен қатар сол мәселенi шешу тiркеуге тұрғаннан кейiн екi ай iшiнде территориялық миграция және демография қызметiнде жүзеге асырылады. Оралман болып табылған тұлғаларға бекiтiлген үлгiдегi куәлiк берiледi. Оралман куәлiгi заңмен қарастырылған жеңiлдiктер мен өтемақылар алуға негiз бола алады.

Оралман мәртебесiн алған тұлға Қазақстан Республикасында кең спекторлы жеңiлдiктердi алады.

Ондай жеңiлдiк түрлерi мыналар:

– жұмысқа орналсуға, бiлiктiлiктi арттыруға, жаңа мамандық алуға көмектесу;

– мемлекеттiк және орыс тiлдерiн меңгеруге жағдай жасау;

– Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қарулы күштер қатары қызметiнен босату;

– орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм ұйымдарына түсуге квота бөлу;

– мектептер мен мектепке дейiнгi мекемелерден орын қажет еткендерге орын алып беру;

– зейнетақы мен жәрдемақы төлеу;

– бұқаралық саяси репрессия құрбандары үшiн өтемақы алатындар қатарындағы азаматтардың құқығын жаңғырту;

– Қазақстан Республикасына кiру үшiн берiлетiн визаға консулдық жинақтан босату;

– заңнамаға сәйкес кепiлденген көлемдегi тегiн медициналық көмек алу;

– Қазақстан Республикасы азаматтарына қарастырылған мемлекеттiк адрестiк көмек көрсету;

– кеден төлемдерi мен салық төлемдерiнсiз шекарадан өткiзу;

– тұрғылықты мекен-жайына тегiн жету және мүлкiн жеткiзу (соның iшiнде сиыр);

– келген жерiнен баспана алу мен бiрреттiк жәрдемақы төлеу үшiн қаражат бөлу.

Оралман мәртебесi Қазақстан Республикасы азаматтығын алғаннан кейiн жойылады.