Батысқа бастайтын жол
Батысқа бастайтын жол
ҚР Көлiк және коммуникациялар министрi Серiк Ахметовтiң мәлiмдеуiнше, ол басшылық ететiн министрлiк "Батыс Еуропа — Батыс Қытай" халықаралық көлiк жолы жобасының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлептi.
Аталған жоба жүк тасымалы үш бағытта, яғни, Қытай — Қазақстан, Қытай — Орталық, Қытай — Ресей — Батыс Еуропа маршруттары бойынша қамтамасыз етiлетiн көрiнедi. Санкт-Петербор — Мәскеу — Қазан — Орынбор — Ақтөбе — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Алматы — Қорғас — Қытай бағытындағы көлiк жолының ұзындығы 8 мың 445 шақырым. Оның 2787 шақырымы Қазақ жерiнiң үлесiнде. Серiк Ахметов: "Техникалық-экономикалық негiздемеге сәйкес, Қазақстанның 4,5 млн. адам тұратын 5 облысына қарасты 2,5 шақырымдық учаскелерiн қайта жөндеуден өткiзу қажет. Жобаның жалпы құны 900 млрд. доллардың көлемiнде" дейдi. Қаржылық қолдауға республикалық бюджеттен ақша бөлiнедi. Сонымен қатар Дүниежүзiлiк банк, Азиялық Ислам банкi, Еуропалық қайта құру және даму банкi сияқты бiрқатар халықаралық банктермен келiссөздер жүргiзiлген. Қазақ пен қырғыздың қорыҚазақтар мен айырқалпақтылар бiрiге отырып, инвестициялық қор құруға ниеттi. Бұл туралы қырғыз әрiптесi Эднан Қарабаевпен кездескен ҚР Сыртқы iстер министрi Марат Тәжин мәлiмдедi.
Министрлiктiң мәлiметтерiне жүгiнсек, соңғы жылдары екi ел арасындағы тауар айналымы едәуiр артып келедi. 2007 жылы бұл көрсеткiш алдыңғы жылмен салыстырғанда, 30 пайызға артып, 531 млн. АҚШ долларын құраған. Қырғызстанға инвестиция құюда ТМД елдерi арасында Қазақстанның рөлi ерекше. Былтыр 9 айда қазақтардың қырғыз экономикасына салған қаражаты 151 млн. долларға жетiптi. Бұл қырғыздар елiне келетiн инвестицияның 46,7 пайызына тең. Марат Тәжин: "Бүгiнде сарапшылар заңдық тұрғыдағы мәселелердi саралауда. Үстiмiздегi жылдың сәуiрiнде Қырғызстан президентiнiң Астанаға сапары барысында бұл мәселе толығымен шешiледi деген үмiттемiз" дейдi. Өлiм жазасына кесiлмекҚытайда 5 адам "тауарлық чектi қолдан жасады" деген айыппен тұтқынға алынды. Егер алаяқтыққа қатысты қозғалған қылмыс дәлелденсе, әлгi бесеу өлiм жазасына кесiлмек.
Қытайдың Гуйчжо провинциясындағы фабрикада жалпы құны 147 миллиард долларлық миллионнан астам тауарлық чектi қолдан жасады деген айыппен темiр торға тоғытылғандар қытайлық мемлекеттiк қазынаға миллиардтаған доллар шығын келтiруi мүмкiн. Олардың алаяқтыққа ұрынғаны туралы бұлтартпас айғақтар табылса, 5 Қытай азаматы өмiрiмен қоштасады. Бұл соңғы 50 жылда кездескен ең үлкен экономикалық қылмыс. Салық жинау мәселесi күн тәртiбiнде тұрған қытайлық билiк үшiн жалған тауарлық чектердi пайдалана отырып, салықтан жалтару кiсi өлтiрген ауыр қылмыспен тең. Орыстар немiстерге ашулыКремль Ресейдегi немiстердiң Lufthansa әуекомпаниясына тиесiлi есепшотты жауып тастады. "Салық төлеуден жалтарды" деген айыппен орыстар немiстерден 7 миллион доллар көлемiнде қаржы талап етiп отыр.
Мәскеу немiстердiң компаниясын бiрнеше жыл бойы салық төлемеген деп айыптауда. 7 миллион долларға бағаланған наразылықты Lufthansa қабыл алған жоқ, керiсiнше, қарсы шағыммен Мәскеудiң арбитраждық сотына жүгiндi. Компания басшылығы Ресей мен Германия арасындағы екi жаққа бiрдей салық төлеудiң тоқтатылғаны туралы келiсiмдi көлденең тартады. Былтыр орыстар компанияның Lufthansa-Cargo бөлiмшесiнiң еншiсiндегi ұшақтардың Қазақстаннан Красноярскiге аялдама жасауының төңiрегiнде де бiраз дау болған. Халықаралық тәжiрибенi көлденең тарта отырып, әуе кеңiстiгiн пайдаланғаны үшiн қаржы талап еткен Ресейге "Орыстар өздерi халықаралық заңдық құжаттарды сақтамайды, есесiне, өзгелерден талап етедi" деп бұлқан-талқан болған. Осыған қатысты келiссөздер әлi аяқталған жоқ. Ендi келiп салыққа байланысты дау өршiдi. Пiкiр қайшылықтарының қалай шешiлетiнi әзiр белгiсiз. Бiрақ мамандар егер немiс компаниясының Ресейде жұмыс жасауына кедергi келтiрiлетiн болса, орыстардың мол пайдадан қағылатынын айтады. Өйткенi, Ресейде әлемдiк деңгейде қызмет көрсететiн әуе компанияларының iшiнде ең үздiгi — Lufthansa.Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ