БАС МҮФТИ — КӨРНЕКТI ШЫҒЫСТАНУШЫ ҒАЛЫМ

БАС МҮФТИ — КӨРНЕКТI ШЫҒЫСТАНУШЫ ҒАЛЫМ

БАС МҮФТИ — КӨРНЕКТI ШЫҒЫСТАНУШЫ ҒАЛЫМ
ашық дереккөзі

Өткен жылы 6-7 маусымда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнде Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, бас мүфти, ҚР Жоғары мектеп Ғылым академиясының академигi, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар қажы Дербiсәлiнiң 60 жылдығына арналған. "Әбсаттар Дербiсәлi және шығыстану мен руханият мәселелерi" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болған едi.

Жыл соңында сол айтулы конференцияның материалдары "Қазақ университетi" баспасынан "Әбсаттар Дербiсәлi және шығыстану мен руханият мәселелерi" деген атпен ғылыми жинақ болып шықты. Бұл жинақта ол туралы Түркия, Египет және ТМД елдерiнiң белгiлi әлемдiк және дәстүрлi дiнбасыларының, мемлекет, қоғам және өнер қайраткерлерiнiң, ғалымдардың, жазушылар мен ақындардың, журналистердiң баяндамалары мен мақалалары жарық көрдi. Олар Әбсаттар қажы Дербiсәлiнiң шығыстану мен мәдениеттану, Ислам тарихы, араб тiлi мен әдебиетi, қазақ әдебиетiнiң ежелгi бастаулары жөнiндегi ғылыми еңбектерiн жан-жақты саралай келiп, жоғары бағалаған. Кiтап көпшiлiк оқырмандарға, ғылыми қызметкерлерге арналған.