"КАЗКОМ" «БАЯНСҰЛУДЫ» ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ

"КАЗКОМ" «БАЯНСҰЛУДЫ» ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ

"КАЗКОМ" «БАЯНСҰЛУДЫ» ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ
ашық дереккөзі

"Казкоммерцбанк" АҚ-ы Қостанайдағы "Баян сұлу" кондитерлiк фабрикасының өндiрiсiн кеңейту мақсатында 29,7 млн. АҚШ доллары сомасында қаржы бөлдi. Бұл қаржы фабриканың шоколад пен кәмпит өнiмдерiнiң көлемiн ұлғайту үшiн және олардың өнiмдерiнiң қатарын көбейту үшiн жұмсалмақ.

"Баян сұлу" компаниясы елiмiздегi iрi кондитерлiк фабрикалардың бiрi болып саналады. Бұл фабриканың жұмыс iстеп келе жатқанына да отыз жылдан астам уақыт өттi. Бүгiнде тәттi өнiмдердi өткiзуден Қазақстан нарығында алғашқы орындардың бiрiнде.

Банк бөлетiн қаражат фабриканың өндiрiстiк аумақтарындағы жаңа шоколад цехының жабдықтарын сатып алу, оларды құрастыру және iске қосу, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстi жаңарту үшiн жұмсалатын болады.

"Бiз "Баян сұлу" компаниясымен серiктесiп, жаңа жобаны қолға алғанымызға қуаныштымыз, – дейдi "Казкоммерцбанктiң" басқарушы директоры Ерiк Балапанов. — Өйткенi, бүгiнде "Баян сұлу" тамақ өнеркәсiбi секторындағы дамып келе жатқан үлкен компаниялардың бiрi".

Бүгiнде "Баян Сұлу" компаниясы Германияның F. B. Lehmann Maschinenfabrik GmbH, Petzholdt-Heidenauer Maschinen-und Anlagenbau International GmbH және BSA Schneider Anlagentechnik GmbH секiлдi белгiлi кондитерлiк жабдықтар шығарушыларынан жабдықтар тасымалдауға келiсiп отыр.

Г. ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ