САЛЫҚ ТУРАЛЫ БIЛГIҢIЗ КЕЛСЕ…

САЛЫҚ ТУРАЛЫ БIЛГIҢIЗ КЕЛСЕ…

САЛЫҚ ТУРАЛЫ БIЛГIҢIЗ КЕЛСЕ…
ашық дереккөзі

Экономика – әр елдiң мемлекеттiк тұтастығын, саяси тұрақтылығын, ұлттық қауiпсiздiгiн, халқының әлеуметтiк ахуалын, тiптi, мәдени деңгейiн таразыға тартатын сала. Әлемдiк саясатты экономикасы қуатты елдер түзедi. Саяси басымдыққа ие болатындар да – экономикалық тұрғыда дамыған елдер. Демек, кез келген мемлекеттiң азаматы экономикасының неғұрлым қарыштап дауына мүдделi. Осы мақсатта, Халықаралық «Түркiстан» апталығы 2008 жылдан бастап арнайы «Экономика» бетiн ашуды қолға алды. Әлеуметтiк, қаржы, банк, өндiрiс, өнеркәсiп, кәсiпкерлiк сияқты басқа да салалар қамтылатын айдарларда қазақстандық және халықаралық экономикалық мәселелердi сөз ететiн мақалалар жарияланады.

САЛЫҚ ТУРАЛЫ БIЛГIҢIЗ КЕЛСЕ…
 

ҚР Қаржы министрлiгi жеке тұлғалар үшiн салық пен салық туралы заңнамалар жайлы ақпарат беретiн байланыс орталығын ашты. Бастапқы кезде орталық тек астаналықтарға қызмет көрсеткенмен, республикамыздың түкпiр-түкпiрiндегi салық мәселесi толғандырған отандастар қоңырау шалып, сауал тастауға мүмкiндiк бар.

Әзiрге телефон арқылы сөйлесу ақысын азаматтар өздерi өтейдi. Байланыс орталығының басшысы Серiк Құдабаев қазақстандықтарға тегiн қызмет көрсету 2009 жылы жүзеге асырылатынын айтады. Ал 2010 жылы заңды тұлғалардың барлығына салыққа қатысты заңнамалар телефон арқылы түсiндiрiлетiн болады. Демек, Қаржы министрлiгiне айтарыңыз не сауалыңыз болса, аталған байланыс орталығына хабарласуыңызға болады.
БАНКТЕРДIҢ 11 АЙДАҒЫ ТАЗА ПАЙДАСЫ 4,6 ЕСЕГЕ ӨСКЕН
 

2007 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстандағы коммерциялық банктер 207,4 миллиард теңге көлемiнде таза пайда тапқан. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және бақылау агенттiгi (ҚНБА) хабарлады. Екiншi деңгейдегi банктердiң былтыр 11 айдағы жалпы кiрiсi 1618,1 миллиард теңгенi құраған. Бұл 2006 жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда, 106,3%-ға артық.

Шыққан шығын – 1410,7 млрд. теңге (90,9%). 2007 жылдың 1 желтоқсанындағы банк саласының жалпы есептiк өзiндiк қоры 1760,3 млрд. теңге. Яғни, 1,65%-,а өскен. Банктердiң несиелiк қоржыны банкаралық қарыздарды қоса есептегенде, былтыр қараша айында 22,8 млрд. теңгеден 8806 млрд. теңгеге азайған. 2007 жылдың қаңтарында керiсiнше, 2814,3 млрд. теңгеге көтерiлген едi. ҚНБА хабарлауынша, банктердiң несиелiк қоржын жүйесiндегi стандартты несиелер үлесi 42,6%-ды (былтыр 1 қарашада – 40,9%), үмiтсiздерi – 1,4% (1 қарашада – 1,3%). Жекеменшiк банктердiң жеке және заңды тұлғалардан тартқан салымы (банктер мен халықаралық қаржылық ұйымдарды есептемегенде) былтырғы желтоқсанда 6379,1 млрд. теңге болған. Бұл қараша айымен салыстырғанда, 3,3 пайызға артық.
БАНКТЕН БАНК ҚАРЫЗ АЛДЫ
 

Былтыр халықаралық рейтингтiк агенттiктер Қазақстанның болжамдық көрсеткiшiн төмендетiп тастағанда халықаралық сарапшылар отандық банктердiң ендi жеке-жеке несие алатынын айтқан едi. Онда да сенiмi мен беделi жоғары банктер.

Өткен аптада АҚШ-тың National City Bank қазақстандық «ЦентрКредит» (БЦК) банкiне 30 миллион доллар көлемiнде қарыз бердi. Банк өкiлдерiнiң хабарлауынша, 7 жылдық мерзiмге берiлген несие негiзгi қарызды төлеуде екi жыл жеңiлдiкпен қайтарылуы тиiс. Сырттан тартылған қаражат банктiң бөлшек кәсiпкерлiгiн дамытуға бағытталады. 30 миллион көлемiндегi қарыз АҚШ-тың мемлекеттiк OPIC (Oversears Private Investment Corporation) агенттiгiнiң кепiлдiгiнiң арқасында берiлген. БЦК OPIC-тiң кепiлдiгiмен осымен екiншi мәрте несие алып отыр. 2005 жылы америкалық агенттiктiң кепiлдiгiмен Wachovia Bank ЦентрКредитке шағын және орта кәсiпкерлiктi және бөлшек саланы дамытуға 9 миллион доллар қарыз берген.
ЖОЛ АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
 

Қостанайда қоғамдық көлiкте жүру ақысы қымбаттайды. 18 қаңтар күнi қостанайлықтардың автобустарға төлейтiн жолақысы 35 теңге (бұрынғы баға – 30 теңге), ал маршруткаларда 40 теңге болмақ. Жарты жыл бойы облыс әкiмдiгiне бағаны өсiру туралы өтiнiштерiн өткiзе алмай шаршаған жолаушы тасымалдау компанияларының өкiлдерi өздерiнiң шығынға белшеден батқанын көлденең тартыпты.

«Жарық жол» ЖШС басшысы В.Мущинский жанар-жағар май мен көлiкке қажеттi бөлшектердiң құны артқан сайын шығын да өсiп барады. Жолдардың нашарлығынан да шығын көп. Осыдан бiр ай бұрын облыс әкiмi бiзге жолақысын 40 теңгеге дейiн өсiрудi қолдаған болатын. Бiрақ 4 қаңтарда небары 5 теңгеге қымбаттатуға рұхсат еттi» дедi. Жолаушы тасымалдайтын компаниялардың көпшiлiгi 40 теңгенiң өзiн қанағат тұтпай отыр. Олардың айтуынша, компания ойдағыдай жұмыс iстеуi үшiн жол жүру ақысын әлде де көтеру керек. Бағаны өсiруге қатысты мәселенi қашан шешiмiн тапқанша көтере беремiз деп отыр. «Былай тартсаң – арба, былай тартсаң – өгiздiң» керi осы…
ЕУРОПАДАҒЫ ЕҢ ТӨМЕН ЖАЛАҚЫ АЛАТЫН ЕЛ
 

Қымбатшылықпен күрес әлемдiк деңгейде жүрiп жатыр. Елдiң әлеуметтiк ахуалы алатын айлығына, күнкөрiс деңгейiне қарап анықталатыны белгiлi. Жүргiзiлген зерттеулер бойынша, 2007 жылы Сербия мен Украина Еуропадағы жалақы деңгейi ең төмен мемлекеттер қатарынан көрiндi.

Украиндардың айлығы былтыр 10%-ға өскенмен, ол қымбатшылықтың көмейiне тоғытылыпты. Дүниежiлiк қаржы қоры Украинадағы инфляция деңгейiнiң 10% болатынын ескерткен. Ал Сербиядағы ең төменгi еңбекақы 5%-дан сәл асқан. Ал инфляция 6%-дың үстiнде. Батыс Еуропада жалақы орташа есеппен алғанда, шамамен 3,4%-ға артқан. Бұл инфляция деңгейiнен екi есеге көп. Бұл көрсеткiш Шығыс Еуропада 2,3%-ға тең. Қазақстанға келсек, елiмiздегi орташа жалақы көлемi – 53 928 теңге. Бұл – ҚР Мемлекеттiк Статистикалық агенттiгi тарапынан 2007 жылдың қарашасында берiлген көрсеткiш.
Әттеген-ай!  
ҰРПАҚТЫ ҮКIМЕТКЕ ТЕЛМIРТКЕН КIМ?
 

2008 жылдан бастап халық қазынасынан бөлiнетiн әлеуметтiк көмектер деңгейi көтерiлдi. Республикамыздағы баланың туылуына және оның күтiмiне қатысты жәрдемақы жылда көбейтiлгенмен, Қазақстан әлеуметтiк төлемдердiң деңгейi жағынан Ресей мен Украинаға есе жiберiп алады. Мысалы, орыстарда жүктiлiк пен бала тууға қатысты айлық жәрдемақы – 23,4 мың рубль.

Олардың 1 рублi бiздiң 5 теңгемiзге тең. Демек, ресейлiк аналарға ай сайын үкiметтен 117 мың теңге үлестiрiледi. Сонымен қатар Ресей Федерациясының әрбiр аймағында дүниеге сәби келген отбасыларға түрлi әлеуметтiк көмектер қарастырылған. Ипотекаға үй алу, отағасын жұмыспен қамтамасыз ету т.б. Ол аз десеңiз, 2006 жылдан бастап екiншi сәби туылған әр отбасына 3 жылдан кейiн 250 мың рубль (1 250 000 теңге) алуға мүмкiндiк бар. Ал Украинада мемлекеттiк бюджеттен бiрiншi бала туылғанда 12 мың гривна төленсе, екiншi балаға – 25 мың, үшiншi балаға 50 гривна төленедi. 1 гривна – бiздiң 25 теңгемiз. Сонда 1 балаға – 300 000 теңге, екi балаға – 625 000 теңге, 3 балаға – 1 250 000 теңге. Қазақ аналарының үстiмiздегi жылдың басына дейiн алып келген 3300 (бiр балаға) және 3500 (екi балаға) теңгесi көзге қораш, айтуға ұят… 2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айында елiмiзде 239 563 сәби жарық дүниенiң есiгiн ашыпты. Олардың 123 178 – ұл бала болса, 116 385-сi – қыз бала. Туылған нәрестелер саны 2006 жылмен салыстырғанда, 16275-ке көп. Лайым, Алла Тағала көпсiнбесiн деңiз. Үкiметiнiң болмашы тиын-тебенi үшiн емес, ұлт алдындағы мiндетi үшiн құрсағы алтын аналар бала табудан қашып отырған жоқ. Тек қазақтарды айқаймен, «тамақ жыртатын құрғақ қасықпен» емес, қаржылай қолдаумен, әлеуметтiк көмекпен көбейту керектiгiн бiздiң билiктiң бiле тұра бiлмегенситiнi өкiнiштi.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ