Жаңалықтар

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

ашық дереккөзі

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

Балалардың «Эльдани» қайырымдылық қоры сал, эпилепсия, қимыл-әрекет жүйесiнiң бұзылуы дертiне шалдыққан жастар мен балаларға психологиялық, реабилитациялық және әлеуметтiк тұрғыда көмек көрсетедi. Осы мақсатта қор 2008 жылдың қаңтарынан бастап «Мүмкiндiгi шектеулi адамдардың өмiр сүруiнiң баламалы жолдары» атты жобаны жүзеге асыруды қолға алғалы отыр.

«Эльдани» қорының бағдарламасы мен жобасының басты мақсаты мүмкiндiктерi шектеулi бүлдiршiндердiң бастарына түскен қиындыққа төзуге баулуға, мүмкiндiгi шектеулi адамдарға деген қоғам көзқарасын түбегейлi өзгертуге ықпал ету.

«Эльдани» бағдарлама аясында Алматыдағы мемлекеттiк мекемелер мен жетекшi кәсiпорындар ғимараттарында мүмкiндiгi шектеулi жасөспiрiмдер дайындаған сувенирлердiң көрмесiн, театрландырылған шоу-бағдарламалар ұйымдастырады. Сонымен қатар жоба шеңберiнде Алматы қаласындағы көшеге шығуға, мектеп пен балабақшаға баруға қауқарсыз мүмкiндiгi шектеулi жастар мен балалардың үйiне қонаққа бару көзделген.