Жаңалықтар

ТЫШҚАН ЖЫЛЫ АУЫЛ YШIН АУЫР БОЛМАЙ МА?

ашық дереккөзі

ТЫШҚАН ЖЫЛЫ АУЫЛ YШIН АУЫР БОЛМАЙ МА?

Таяуда К.Мәсiмов мырза Астанада «бағалардың төмен» екендiгiн елге жарнамалау үшiн «Рамстор» дүкенiне келдi. Баға арзан, азық-түлiк өнiмдерiнiң көптiгiнен сөрелер қайысады. Риза болған премьер-министр дүкен басшыларына алғысын бiлдiрiп кете бердi. Бiрақ, бұл Қожанасырдың тiрлiгi едi. «Мәсiмовтiң келуiне екi сағат қалғанда, дүкен басшылары дүкендегi барлық азық-түлiктiң бағасын арзандатып жаздырып қойды» дейдi бiлгiштер.

Қанша жылдан берi билiк «ауыл» деп, «Ауыл жылы» деп неше мәрте отырыс, кеңестер, жиналыстар өткiзiп, қаулы-қарар, бағдарламалар қабылдап, ауылды «көтеруге» млрд.-таған қаржы аударып келедi. Билiкте алдағанын қояр емес ауыл да алданып отырғанын түсiнер емес.

2007 жыл – Үкiметте жұмыс iстеген шенеунiктердiң көбiнiң есiнде қалатын шығар. Инфляция, азық-түлiк дағдарысы бұларға абырой әпермей отыр. Үкiмет отырыстарында қайта айналып соға беруге мәжбүрлеген мәселелердiң бiрi — елiмiздiң азық-түлiк қауiпсiздiгi және ауыл шаруашылығындағы өңдеу өнеркәсiбiн дамыту жайы. Министр А. Есiмовтың айтуынша, астық, ет, сүт, жұмыртқа, жемiс-жидек, көкөнiстi iшкi нарық сұранысынан артық өндiредi екенбiз. Бiрақ, 2007 жылдың 10 шiлдесiнде елiмiздiң iшкi нарығын көкөнiс және жемiс-жидек өнiмдерiмен толықтыру жөнiнде арнайы қаулы қабылдағандықтан, Қытайдың сапасыз өнiмдерi базарларды жайлап кеттi. Көкөнiс, жемiс импорты 3 есеге, соның iшiнде қызанақ – 17 есе, картоп – 4,7 есе артты. Осының кесiрiнен оңтүстiк облыстардың өсiрген бау-бақша, көкөнiстерi далада шiрiп, табыссыз қалған дихандар, өндiрушiлер аңқиып қалды. Алысқа бармай-ақ Астананы айнала қоршап жатқан Целиноград ауданы бақша өсiрiп, картоп егудi мүлдем доғарды. Үкiмет отырысында ауылшаруашылық министрi Есiмов: «Шiлде айында банктерден азық-түлiк өнiмдерiн өңдеу саласына қысқа және ұзақ мерзiмге несиелеу 40 милиард теңгенi құраса, тамыз айында 12 милиард теңгеге түсiп кеттi, қазiр жергiлiктi банктер ауылшаруашылық өнiмдерiн өңдеу кәсiпорындарын несиелеудi тоқтатып қойды десе де болады. Өйткенi, банктер сытқы қарыздарын төлеп жатыр екен. Бұлай жалғаса берсе өнiм өңдеумен айналысатын кәсiпорындар шикiзат сатып алу мүмкiндiгiнен айырылады. Соған орай шағын және орта бизнестi қаржыландыруға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржыдан қарастыру керек. Еуроодақ елдерiнде азық-түлiк өндiру мен оларды экспорттау iсiне мемлекет тарапынан субсидия берiледi. Сондықтан Қазақстан БСҰ-на кiрген жағдайда да азық-түлiк өндiруге 10 пайыздық субсидия сақтап қалуды көздеп отыр. Бiрақ БСҰ бiзге 5 пайызға ғана рұқсат берсе де, қазiр Қазақстан өз елiне азық-түлiк өндiруге екi пайыз ғана субсидия бөлiп отыр – дедi бiр сөзiнде. Өнiм өңдеушi кәсiпорындарға бүгiндерi 46 милиард теңге керек екенi мәлiм болды. «Казагро» холдингiнiң төрағасы Ә.Смайылов: – Биыл бiз 96 милиард теңгенi ауылға бөлдiк. Келесi жылы тағы 28 милиард теңгеге дейiн көтеремiз — деп тұрақтану қорында 174 мың тонна бидай, 3 мың тонна сиыр етi бар екенiн тек ғана банктерге сенiп отырмағандығын сөз еттi. Осыған сүйенген Мәсiмовтiң: «Қазақстанда бiр аптаға жететiн азық-түлiк қоры бар» деп жүргенi.

Қазiргi таңда ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiру көлемi төмендеп, тұтынушылар көбейiп, (сырттан келетiн миллион «еңбекшi мигранттарды» қосыңыз) қордың азаюы жылдан жылға белең алып келедi. Қазақстанға төнген бұл қауiптiң бетiн қайтаруға билiктiң шамасы жетер ме екен? Әлде «бұл бiзде ғана емес, дүниежүзiлiк дағдарыс» – деп ақталып жүре бере ме? Билiк «дағдарыстың» себебiмен емес, тек салдарымен күресуде. Ауыл шаруашылығында жанар май, минералды тыңайытқыш, пестицид, гербицид, «проблемалары» әлi шешiлген емес. Билiктiң «Ауылдардың 40 пайыз техникаларын жаңарттық» деп лизингiмен жаңа техникалар бергенi рас. Ауыл адамдарының маңдай терiмен тапқан табысына он есе артық бағамен сатып отырғандары ұят. Қазақстанда ет өнiмдерiн өңдеу 68 пайыз, сүт өнiмдерi 67 пайыз, бақша, жемiс-жидек 58 пайыз, өсiмдiк майы 28 пайызға өскенiн, соңғы төрт жылда ауылшаруашылық өнiмдерiн өңдеуге 123 миллиард теңге салынып, әлемдiк стандартқа сай сапалы өнiм шығаратын 100 кәсiпорын жұмыс iстеп тұрғанына қуанамыз. Дегенмен, өткен дүйсенбi күнгi мәжiлiстегi Үкiмет сағатында, депутат Бектөреевтiң «жанармай неге қымбаттап жатыр?» деген сауалына, индустрия және сауда министрi Ғ. Оразбақов: «Жанар май шетелдiктер иелiгiнде, бұл сала бiзге бағынбайды» деп жауап беруi жағдайдың күрделiлiгiн көрсетедi. Жанармай қымбаттаса, ауыл тұралап, азық-түлiктiң бағасы шарықтап өсетiнi бесенеден белгiлi.

Т. РЫСБЕК