Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАН — ӘЛЕМНIҢ 9-МЕКЕНI»

ашық дереккөзі

«ҚАЗАҚСТАН — ӘЛЕМНIҢ 9-МЕКЕНI»

Кеше «Хабар» агенттiгiнiң ұйымдастыруымен Ресейлiк алпауыт «Лукойл» АҚ демеушiлiгiмен жарық көрген «Қазақстан әлемнiң 9-мекенi» атты иллюстрациялық кiтаптың тұсаукесер рәсiмi болып өттi. Тұсаукесер рәсiмiне аталмыш кiтапқа арқау болған кейiпкерлер мен тұлғалар қатысты.

Кiтап «Лукойл» АҚ президентi В.Ю.Алекперовтың алғысөзiмен және Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030 стратегиясы iс үстiнде: Табыстың 10 жылы» атты мақаласымен басталған. Аталмыш еңбектi парақтай отырып, көзiмiз жеткен тағы бiр нәрсе, соңғы он жылдықта бейбiт өмiр, келiсiм мен тұрақтылық нық орнаған тәуелсiз Қазақстанның дамуына өз үлестерiн қосып жүрген әртүрлi мамандық иелерi мен өнер қайраткерлерi, ғалымдар, қолөнер шеберлерi туралы үзiк сырлар берiлген.

Негiзiнен депутат, хирург Ж.Досқалиев, ақын Б.Қайырбеков, «Орал зенит» зауытының директоры В.Валиев, атақты тау-кен инженерi И.Едiлбаев, жауынгер, десант А. Жұмабаев, т.б. қатысып, өз пiкiрлерiн ортаға салды. Кездесуге шет ел елшiлiктерiнiң өкiлдерi де қатысты.

Т.НҰРМҰРАТҰЛЫ