Жаңалықтар

ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР ПӘТЕРЛI БОЛДЫ

ашық дереккөзі

ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР ПӘТЕРЛI БОЛДЫ

Биыл тәуелсiз Қазақстанға 16 жыл толды. Тәуелсiздiк мерекесiнiң қарсаңында Алматы қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов 20 алматылықтарға пәтер ордерлерiн тапсырды.

Бүгiнгi қазақтың ең үлкен бас ауруының бiрi – баспана екендiгi белгiлi. Үйсiз-күйсiз, сонша жылдан берi, пәтерден-пәтерге көшiп жүрген, 20 отбасының қатарында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар да бар. Сондай-ақ, фашизмге қарсы соғысқа қатысқандар, мәдениет қайраткерлерi, аудандық әкiмдiктерде кезекте тұрғандар және биылғы жылдың 11-қазанында өмiрге үшем әкелген ана – Нұргүл Қалыбекова да бар.

«Өз үйi, өлең төсегiне» ие болған жандардың қатарында «Желтоқсан -86» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы Гүлбахрам Жебесiн, осы оқиғаға қатысушы Ержан Мәлiбеков пен Гүлмира Мұстафина да бар. 1986 жылғы қанды оқиғада да жандары жараланған жандардың ұзақ жыл күткен үмiттерi де ақталды. Пәтер ордерiн көкiрегiне қысқан желтоқсандықтардың да қуанышында шек жоқ.

Гүлзина Бектасова