Жаңалықтар

ЕРIКТIЛЕР ҚОҒАМЫ ЕРIККЕННIҢ IСI МЕ?

ашық дереккөзі

ЕРIКТIЛЕР ҚОҒАМЫ ЕРIККЕННIҢ IСI МЕ?

Бұдан он шақты жыл бұрын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының шешiмi бойынша әлемнiң әрбiр елiнде Ерiктiлер қоғамының құрылуына, ол қоғамның адамдардың игiлiгi үшiн түрлiше шараларды ерiктi түрде жүзеге асырып отыруына жол сiлтейтiн арнайы құжаттар қабылданған-ды.

Биыл Елбасының Жолдауында: «Қазiргi әлеуметтiк саясат; адамзаттың сұранысы мен қажеттiлiгi басты назарда», – делiнген.

Жодауға ә дегеннен мән берген Атырау облысының тұрғындары, сан түрлi мамандық иелерi, ерiктi ұйымдардың жетекшiлерi өздерiн толғантып келе жатқан мәселелердiң шешiмiн осы аса маңызды құжатпен байланыстыра отырып тапқысы келедi. Мысалы, облыстағы үкiметтiк емес «Мүгедек әлемi» ұйымының төрайымы Гүлбаршын Нұржiгiтова: «Елбасы жолдауынан туындаған келелi iстер мен мiндеттердi жүзеге асыруға бөлiнiп отырған қыруар қаражат екен. Облыс әкiмi оны қай салаға, қай ауданға қаншадан бөлiнбекшi – бәрiн тиянақтап қойыпты. Бiздiң үкiметтiк емес ұйымның да бiр басына жетерлiк проблемасы бар. Ең бастыларын атасам, олар – мүгедектердiң жұмысқа орналасуы, мүгедек балалардың жаз айларында емдеу-сауықтыру орныдарына барулары және өздерi өнерлi мүгедек балаларды қолдап, қуаттап отыру мәселесi. Рас, былтыр жазда «Атамекеннiң» қолдауымен бiраз баламыз Қара теңiз жағасында демалып, емделiп, саулықтарын шыңдап келдi. Сол үшiн оларға деген алғысымыз шексiз», – дейдi.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында Зейнақұл Қамшыбаев деген кiсi бұдан он жыл бұрын аукцион арқылы сатып алған 350 орындық балабақшаның ғимаратын мемлекетке қайтарып берген. Жай ғана қайтарып қоймай, оны толық жөндеуден өткiзген. Жамбыл облысы бойынша өмiрде бiрiншi осындай оқиға болып саналып отырған ерiктiлiктiң мұндай тамаша көрiнiсi жас бүлдiршiндерге қандай зор сыйлық болды десеңiзшi. Бұл – көп адамдарды ойландыратын жағдай. Халық мұрасына, тарихи жәдiгерлерiмiзге дегенде шыбындай жаны шырқырап жүргендер де жоқ емес. Соңғы бiр жылдың көлемiнде баспасөз беттерiнен байқалып жүргендей, Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының халi мүшкiлденiп кеткен. Салақтық пен қаржының жоқтығынан теңдесi жоқ тамаша суреттер мен картиналар бұзылып, тiптi, шiри бастаған. Қайта қалпына келтiрiушiлiкпен (реставратор) айналысатын Сара Досходжаева деген мұражай қызметкерiнiң оған жол бермеу үшiн басын тауға да, тасқа да ұрып жүргенi байқалады. «Тап мұндайда еститiн құлақ, көретiн көз бар ма?» дегiң келедi.

Мәдениет саласы дегенде, ешқандай да жасырары жоқ, осыдан 10-12 жылдар бұрын елiмiздегi, оның iшiнде, әсiресе, ауылдық жерлердегi, аудан орталықтарындағы клубтар, кiтапханалар және басқа да мәдениет ошақтары қирап, жойылып кеттi. Монша, тұрмыс қажетiн өтеу орындары жұмыс iстеуiн тоқтатты.

Қазiргi кезде мемлекетiмiздiң экономикалық жағдайы жақсарып, ел есiн жия бастады деуге лайық кезең басталды. Ендiгi жерде адамдарға, әсiресе, жастарға бастарын қосып, тамаша сауықтарды бiрге өткiзетiн орын керек бола бастағаны байқалады.

Өкiнiшке орай мәдениет ошақтарын әспеттеуге немқұрайды қараушылық әлi де орын алып келедi. Биыл қараша айында Қарағанды қаласындағы «Ақ жолтай» спорт сарайы өртенiп кеткен. Сөйтсе, оның бiрiншi қабатында киiм-кешек, басқа да түрлiше заттар сатылатын базар орналасқан екен. Өрт осындағы сатушылардың кесiрiнен шыққан..

Ал, ендi сол спорт сарайы кiмнiң есебiнен қалпына келтiрiлер екен?

Қазiргi таңда «Әлеуметтiк бастамалар бiрлестiгi» деген ұғым кеңiнен етек жая бастады. Бұл түсiнiк өз әлiнше, өзiнiң талап-тiлегi бойынша еркiн түрде iс- қимылдар жасағысы келетiндерге әрi жақын, әрi ұнайды. Журналистер де оны айналып өте алмайтыны ақиқат.

Қоғам игiлiгi үшiн ешқандай күш көрсетусiз тиiстi iс-шараларды өз еркiмен жүзеге асырып келе жатқан ерiктiлер қоғамы демократиялық бағытымызды маңызды буындарының бiрiне айналатындығына сөз жоқ.

Қазақстан халқына Жолдауында Елбасымыз, әсiресе, жастарға үлкен үмiт артатындығын бiлдiре келiп, «Қазақстанның болашағы – жастар» деп атап көрсеттi. Ерiктiлер қоғамының iстерiн алға апаруда жастардың үлесi мол болмақ.

Райгүл САПАРҒАЛИЕВА,

Абай атындағы ҚазҰПУ студентi