Жаңалықтар

САЙЫН ДАЛАДАН – ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫНА ДЕЙIН

ашық дереккөзі

САЙЫН ДАЛАДАН – ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫНА ДЕЙIН

Қазақтың сайын даласын Парсы шығанағымен жалғастыратын темiр жол құрылысы ендiгi басталып кеттi. 900 шақырымға созылатын магистраль арқылы әлемдiк нарыққа жылына 10-12 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр.

Бүгiнде бүкiл әлем энергоқор, мұнай сияқты басқа да шикiзаттар мен жүктi тасымалдаудың жолдарын мүмкiндiгiнше көбейтуге ден қойған. Қашанда «кiсiдегiнiң кiлтi – аспанда» болатынын ескерсек, балама жолдарды қарастыру мәжбүрлiк пен тәуелсiздiкке деген құлшыныстан туындайтынын түсiнемiз. Осы орайда, орталықазиялық аймақтағы елдердiң барлығы дерлiк әлемдiк нарыққа шығатын төте әрi дербес жолды таңдауда. Мысалы, өткен аптада Парсы шығанағы жағалауын Ресеймен ұштастыратын темiр жол магистралiнiң алғашқы рельсi қаланды. «Солтүстiк-Оңтүстiк» деп аталатын аса үлкен бұл жобаның бастамашысы – түркiмендердiң президентi Бердiмұхамедов. Үстiмiздегi жылдың көктемiнде Тегеранда темiр жол магистралiн салу туралы ұсыныс айтқан ол Қазақстан мен Иран басышыларымен бiрге арнайы келiсiмге қол қойған болатын. Көп ұзамай жобаның алғашқы қадамы жасалынды. Түркiменстанның батыс бөлiгiндегi Балқан уәлаятынан бастау алған «Солтүстiк-Оңтүстiк» темiр жолы Жаңа Өзен – Гызылгая – Берекет – Этрек Гүргендi басып өтiп, Ресей арқылы Парсы шығанағына шықпақ. 900 шақырымдық темiр жолдың басым бөлiгi 700 шақырымға созылатын түркiмендер жерiнiң еншiсiнде. Бүгiнде Қарақұм арқылы қазақтың сайын даласынан Иранның солтүстiгiндегi таулы аймақ – Гүлстанмен шектесетiн жолды зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде. Қытай мен Еуропа арасындағы тасымал жолын 600 шақырымға дейiн бiр-ақ қысқартатын «Солтүтүсiк-Оңтүстiк» жобасы iске қосылса, алғашқыда жылына 6-5 миллион тонна жүк тасымалданбақшы. Ал келешектегi көрсеткiш 10-12 миллионға дейiн өспек. Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркiменстанға тиесiлi шекара бойынан жаңа локомотив депосы, кеден мен шекара қызметiне қажеттi құрал-жабдық, тұрғын үйлер мен тұрғындарға арналған әлеуметтiк маңызы бар нысандар тұрғызылатын жаңа бiр қыстақ бой көтермек.

Ядролық бағдарламасының кесiрiнен дүниежүзiнде досынан гөрi қасын көбейтiп алған ирандықтардың президентi Ахмаденижад темiр жол құрылысының басталғанына ерекше шат. «Темiр жол мен көлiктерге арналған жолдар Орталық Азия мемлекеттерiн Парсы шығанағы аймағымен жалғасырады. Экономикалық және серiктестiк тұрғыда барлығымызға тиiмдi болатынына сенiмдiмiн», – дейдi ол.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ