Жаңалықтар

ЕҚЫҰ: КYДIК ПЕН СЕНIМ

ашық дереккөзі

ЕҚЫҰ: КYДIК ПЕН СЕНIМ

Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төраға болуына байланысты Заң ғылымдарының докторы, профессор, Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Марат Алдоңғарұлы Сәрсембаевпен жолығып, әңгiмелескен едiк.

– Аға, жаңа сiздi Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға болуымен құтықтағанымда мақтанышыңызды сөзбен айтып жеткiзе алмасыңызды сезiп тұрдым. Өзiңiзде Орталық сайлау комисссиясының халықаралық қатынастар бөлiмiн басқарып тұрғаныңызда, ЕҚЫҰ-мен байланыста болып, өз еңбегiңiңiздi шамаңыздың келгенiнше сiңiрдiңiз. Еңбектерiңiз жанды. Қазақ халқының жеңiсi десек те болады. Бұл туралы осы күнге дейiн БАҚ өкiлдерi аянбай жазып келедi. Бiз олардың айтқандарын қайталамай-ақ қойсақ деймiн.

Осыған орай, ЕҚЫҰ-ға қарсы құрылған "қосылмау қозғалысы" бар. Бiр таңқаларлығы ЕҚЫҰ-да 56 мүше, "қосылмау қозғалысында" 100 — ден аса мемлекеттер мүше. ЕҚЫҰ-ға олар неге кiрмейдi?

– Өткен ғасырдың 60-ыншы жылдарының соңында Еуропада әскери-стратегиялық тепе-теңдiк жағдайында күш қолдану саясатының болашағы жоқ екендiгiне көздерi жеттi де КСРО мен АҚШ және Батыс елдерiнiң арасындағы қатынастардың бiршама жақсаруы негiзiнде алдын-ала пiкiр алысу басталып, нәтижесiнде 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде АҚШ пен Канаданың және 33 Еуропа мемлекет басшылары деңгейiнде Еуропадағы бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiк жөнiндегi Кеңес ашылып, қорытындысында актiге қол қою рәсiмi болды (жасыл мұқабасы үшiн бұл құжат "жасыл кiтап" деген бейресми атауға ие болды). Актiнiң 10 қағидасы құжаттың саяси өзегi, оны өздерiңде бiлесiңдер.

Ал, қосылмау қозғалысы – ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижелi дамуы, отарлық империялардың құлауы және Азия, Африка, Латын Америкасындағы жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң құрылуы болып табылады. Негiзiнен отаршылықтан құтылған елдерден тұрған мемлекеттер Белград (1961 ж.), Гаван (1979 ж.) конференцияларында қосылмау қозғалысының қағидаларын бекiттi;

1) ұлы державалар мен блоктардан тәуелсiз болу;

2) оларға және олардың саясатына қосылмау;

3) барлық мемлекеттердiң өздерiнiң әлеуметтiк, саяси және экономикалық жүйесiн анықтау еркiндiгi, тағы басқалар.

Бұл ұйым емес қозғалыс қана. Мүмкiн кезiнде бұлардың "тiзесi" оларға көбiрек батып соны ұмыта алмай жүрген шығар.

– Сонда төрт ғасырға жуық Еуропа елдерi – Америка, Африка, Австралия, және Азия құрлығын қанға бояп, тау-кен қазба байлығын, алтын-күмiсiн тонап, халқын құлдыққа сатып, қаншама ұлттарды жойып жiберiп, қарақшылықпен байыды. Ендi келiп "мәдениеттi, өркениеттi, дамыған елмiз" деп бiзге "ақыл" айтып қалай өмiр сүру керек екенiн үйретедi, бұл қалай?

– Айтып отырғаның рас. Бiрақ, кейiнгi жарты ғасыр көлемiнде өз "айыптарын" мойындап, тоналған, зәбiр көрсеткен елдерiнiң халқын, жастарын қабылдап, оқытып, азаматтық берiп, елдерiн дамытуға қыруар қаржы салып, көмектесiп жатыр.. Осы күндерi Еуропа елдерi бiзге де техникалық бiлiм, ғылым, мәдениетi жағынан үлгi болып, дамуымызға ықпал етуде.

– Осы ұйымға кiрмей-ақ қойсақ, мүше болмағандар да көштен қалып жатқан жоқ. Бiз Еуропаға жалпақтап, солардың көңiлiнен шығу үшiн өзiмiздiң ұлттық құндылықтарымызды ысырып, соларға ұқсау үшiн күш салып жүрiп, бiр күнi Латын Америкасындағы Парагвай, Уругвай сияқты қарапайым бiр елiне айналып кетемiз бе деп қорқамын. Кезiнде оларда бiз сияқты мұнай-газға бай болып бiз сияқты "қарқындап дамып" мұнай-газы бiткен соң бiр-бiрлерiн "кiнәлап" тұралап қалды. Ендi ол елдердi наркобарондар билейдi.

– Бiзде олай болуы мүкiн емес. Бiздiң жолымыз өзгеше. Мен олай ойламаймын. Азия құрлығындағы тұңғыш төраға болдық. 2003 жылы алғаш төрағалыққа өтiнiш бергенiмiзде "мырс" еткендер ендi бiзбен ойланып сөйлесетiн болады. Келесi жылы маусым айында Астанада ЕҚЫҰ-ның Парламент ассамблеясының кезектi сессиясы өтедi. Мүше елдерден 600 депутат келедi. Қазақстан өзiн көп тарапты ынтымақтастық пен өзара тиiмдi ықпалдасуды дамыту мәселелерiнде, халықаралық қауiпсiздiк проблемаларын шешуде белсендiлiк көрсетiп, Ауғанстан, Ирактағы жағдайды тұрақтандыру жөнiнде күш жұмсап, терроризмге, экстремизмге қарсы күрес, дiндер мен мәдениеттер арасындағы ауызбiршiлiктi нығайту тағы көптеген iстерiмiз жетерлiк. Сондықтан ол елдермен бiздi салыстыруға келмейдi. Президент тыңнан түрен салғанда, бастамасына күмәнмен қарайтындар жетерлiк, бiрақ елбасының саясаты дұрыс екенiн өмiр дәлелдеп отыр.

– Бiздiң төраға болуымыз үшiн Ресей, Америка мен Еуропадан соққан "ызғар жел өтiне" кеудесiн тосып қорғады. Жеме-жемге келген де Ресей бастаған ТМД-ның жетi мемлекетi ЕҚЫҰ-ның басқа мүше елдерiне "қысым" жасап; "бiздiң кандидат өтпесе, сендердiң де кез-келген кандидаттарыңа қарсы дауыс беремiзге" дейiн барды. Бiз Ресейге "қарыздармыз". Ертең төраға болғанымызда Ресей осы "еңбектерiн" бұлдап бiз арқылы өз мүддесiн iстеткiзiп, бiзге қысым жасап, екi оттың ортасында қалмаймыз ба?

– Бұл әлемдiк ұйым, барлық iстер, мүдделер кiмдiкi, жел қай жақтан есiп отыр, бәрi алақандағыдай көрiнiп тұрады. Оның үстiне Қазақстанның экономикалық дамуы, тұрақтылығы, iшкi, сыртқы саясаты да үлкен рөл атқарды. Бiрақ әлемдiк саясатта неше түрлi оқиғалар, жағдайлар болады. Ертең Ресейдiң де не мүддесi болғанын уақыт өзi көрсетiп бередi.

– ЕҚЫҰ мүшелерi, "бiздiң дамуымыз, тұрақтылығымыз, сайлау, демократиямызға" емес өздерiнiң экономикалық, шикiзаттық пайдаларын ойлап дауыс бергенге ұқсайды.

– Әрине шешiм қабылдарда тек қана "бұл елде демократия бар ма, жоқ па, адам құқығы сақталған ба?" деген мәселемен шектелмейдi, қанша мүше ел бар-сонша ел "бiз осыдан не ұтамыз, бiзге қандай пайда келедi" т. б. ойларға баратыны рас.

– Бiз өзiмiздi өзiмiз "Орталық Азия елдерi арасындағы лидерiмiз" деп мақтай бермей, керiсiнше олар мойындап солар айтса әдiлдiк болар едi.

– Мұныңа қосыламын, бiздiкi ұят нәрсе. Бiз бауырлас елдермiз босқа мақтанғанша солармен Орталық Азия одағын құрсақ сол пайдалырақ болар едi.

– Ресейде ЕҚЫҰ-ға бiздi тықпалап төраға қылады дағы өздерi ол ұйымнан безедi. Бұл қалай?

– Ресей үлкен империя, қалай бұлдансада оған жарасады. Кезiнде Иракты қолдап, соңында тайқып шықты. Қазақстан соңғы кезде саясатта өзiндiк жүрiстер мен мемлекеттiк мүдделерiн қызғыштай қорғап, үлкен сахнада ысылып, саяси-экономикалық мәселелерге тереңнен қарап, стратегиямыз алысты болжайды.

– Еуропа бiзде өткен кез келген сайлауды мақтап, жақтаған емес.

– Бiздегi бiрпартиялы парламентке олар түсiнбестiкпен қарайды. Жан-жағымызда неше түрлi революциялар болып жатыр. Әзiрге "көгерген" бiреуi де жоқ. Одан тек халық қана зардап шегуде. Екiншiден бiздiң оппозиция ауылдағы халықпен жұмыс iстемейдi. Олар тек Алматы мен Астананы шулатып жүредi. Аудан, ауыл халқы оларды бiлмейдi де. Елбасы Назарбаевтың беделiнiң өзi неге тұрады. Төраға болуымызға орай келесi жылы сайлау жүйесiмен саяси партияларға және БАҚ-тарға қатысты заңдар қайта қаралмақ.

– Еуропаға жақындаған сайын бiз ұлттық құндылықтарымыз бен ұлттық мемлекеттiгiмiзден алыстай беретiн сияқтымыз. Өйткенi бұл империялар соғыспен, қару – жарақпен бағындыра алмайтынын сезiп, басқа елдердiң ұлттық құндылықтарын жою арқылы өздерiне тәуелдi етiп жатыр. Өйткенi бұл ұйымдардың бiрде-бiреуi әлi күнге дейiн " қазақтар басқа елдiң коллониясында болдыңдар, тiлдерiңдi, дiлдерiңдi, дамытып, ұлттық қасиеттерiңдi сақтаңдар" – деп неге айтпайды? Керiсiнше iшiмiзге iрiткi салып тобыр қылуға күш салып жатыр.

– Бiз – Азия елiмiз. Оларда ұлттық құндылық деген түсiнiк жоқ. Жақында бiр туысымыздың баласы шетелде оқып келдi. Әкесi баласының дұрыс емес жерiн айтып, "олай болмайды" деп шек қойғанда баласы; – Әке, менiң құқымды аяққа таптап отырсың, – деп тыңдамады. Бұл әрине адамдық тәрбие емес.

Бiз – көпвекторлы саясат ұстанған мемлекетпiз, бiр жағымен ғана шектелiп қала алмаймыз. Бұл жерде бiз елбасының көрегендiгiмен ғана өгiздi өлтiрмей, арбаны сындырмайтын саясат ұстанып келемiз. ЕҚЫҰ-ға төраға болуымыз Елбасының маңдай терi, халқы үшiн жанын аямай iстеген еңбегiн, ештеңемен өлшей алмайсыз.

– Әңгiмеңiзге рахмет!

Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ