IС ТЕТIГIН БIЛIКТI МАМАН ШЕШЕДI
IС ТЕТIГIН БIЛIКТI МАМАН ШЕШЕДI
Облыс әкiмiнiң шешiмiмен облыстың бiлiм беру қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институты қайта құрылғанына аз ғана уақыт болды. Осы мерзiм iшiнде облыс педагогтарының сандық және сапалық құрамына талдау – мониторинг жасалды. Мониторинг негiзiнде облыс бойынша 18 мыңға жуық педагог кадрлардың бiлiмiне назар аударсақ, 14846 жоғары, 2696 арнаулы орта болса, 378 орта бiлiмдi мамандар.
Сондай-ақ, педагогтарымыздың санаты да қазiргi талап деңгейiнде емес. Айталық, аса қажеттi пән мұғалiмдерiне талдау көрсеткендей, облыс бойынша математика пән мұғалiмдерi 1128 болса, оның 67-сi жоғары, 403-i санатты, 340-ы II санатты болса, 222-iнiң санаты (50 пайызы) жоқ. 941 шетел (ағылшын) тiлi пәнiнiң 34-i жоғары, 260-ы I санатты, 222-i II санатты болса, 425-iнiң санаты (47 пайызы) жоқ.
Институттың жоспары негiзiнде бiршама кешендi шаралар жүзеге асырылды. 12 жылдық бiлiм беру курстары аясында облыс аудандары мен Қызылорда қалалық бiлiм бөлiмдерi жанындағы әдiстiк кабинеттердiң белсендi қатысуымен «Институт күнiн» ұйымдастыру дәстүрге айналуда. Сондай-ақ, курс барысында тыңдаушыларды өз салаларына сәйкес әртүрлi курсаралық жұмыстарға, мәдени шараларға қатыстыру және бiлiктiлiк курстарының санын арттыру ғана емес, сапасын жақсарту, мазмұнын ғана емес, өткiзу формаларын жаңартуға аса мән берiлуде. Облыстық бiлiм беру қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институты он ай көлемiнде бюджеттiк негiзде 38 курс өткiзiлiп, 1091 педагог қамтылды.
Облыстағы колледждер мен бастауыш кәсiптiк мектептердегi арнаулы және жалпы техникалық пән оқытушыларының, өндiрiстiк оқу шеберлерiнiң басым көпшiлiгiнiң кәсiптiк педагогикадан, өндiрiстiк психологиядан арнайы бiлiмнiң болмауына байланысты, жоспардан тыс ақылы бiлiм сатысы оқулары ұйымдастырылып, 26 курс өткiзiлдi, онда 864 адам қамтылды.
И.Әбдiкәрiмов атындағы агротехникалық колледж ұжымының тапсырысы бойынша колледж оқытушылары үшiн ақылы «Нәтижеге бағытталған бiлiм беру жағдайындағы оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында 2 рет ақылы бiлiм сатысы оқуына 70 адам, Қызылорда «Қызмет» колледжiнiң сұранысы бойынша ақылы бiлiм сатысы оқуына 25 мұғалiм, Қызылорда медициналық колледжiнiң сұранысы бойынша 36 сағаттық бiлiм сатысы оқуына 25 мұғалiм қатысып, ұйымдастырылды.
Бiлiктi арттыру курстарын әдiстемелiк ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында сауалнамалар, тестiлер, керi байланыс картасы дайындау, тыңдаушылар картотекасын жүргiзiп отыру және тыңдаушылар сұраныстарына орай тақырыптық жоспарлар құнды материалдармен толықтырылып отырылды.
Облыстық бiлiм беру қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру қайта даярлау институтының маңызды жұмыс бағыттарының бiрi – курсаралық жұмыстар болып табылады. Бұл бағытта «Жас мектеп директорлары» клубының ашылу салтанаты республикалық, облыстық «Алтын диск» байқауы, «12 жылдық бiлiм беру және жаңа мұғалiм» педагогикалық шеберхана және «Жаңа формация мұғалiмi» атты пән мұғалiмдерiнiң қашықтан өткiзiлетiн сырттай конкурсы ұйымдастырылды. Республикалық банк – катологке материалдар жинақталып, облыстағы «Жаңашыл педагогтар» жайлы мәлiмет тапсырылды.
Институт базасы жанынан 17 адамнан құралған жас мектеп директорларының клубы құрылып, тоқсан сайын өткiзiлетiн тұрақты семинар мектеп дамуын басқару, бiлiм беру сапасын басқару, педагогикалық ұжымды басқару бағытында жұмыс жасап келедi.
Бiлiктiлiк арттыру жүйесiндегi сыртқы байланысты нығайту мақсатында Ғылыми дәрежесi бойынша: 3 – академик, 4 – п.ғ.к. доцент, 2 – волонтер, 10 – халықаралық деңгейдегi тренерлер, 25 – жоғары оқу орнының аға оқытушылары, 46 әдiскерлермен ұйымдастырылды. Соның iшiнде, Ресей Мемлекеттiк педагогикалық университетiнiң профессоры, п.ғ.д., академик В.М.Монахов, Волгоградтық ғалым п.ғ.д., академик В.В.Сериков, РУДН – ның кафедра меңгерушiсi, академик В.М.Шаклеин өз тобымен бiрге, Тольятти қаласынан Монаховтың педагогикалық технологиясы орталығының директоры, п.ғ.к., Е.В.Бахусова және басқа да ғалымдар шақырылды.
Қазiргi кезде академик В.Монахов пен Ж. Қараевтың технологиялары авторлармен өзара келiсiмшарт негiзiнде облыстық таңдаулы мектептерде эксперименттiк жұмыстар жүргiзiлуде.
Облыстық теледидар залында 60 педагогтiң қатысуымен «12 жылдық бiлiм беру: өзектi мәселелерi» атты ток – думан ұйымдастырылды.
Облыстың барлық аудандарында «Бiлiм беру реформасы – Қазақстанның жаңғырта жаңартудың кепiлi» атты дөңгелек үстел, педагогикалық шеберхана өттi.
Осы жылдың сәуiр-қыркүйек айларында үш сатылы «Жаңа реформация мұғалiмi» атты 64 педагог қатысқан пән мұғалiмдерiнiң сырттай конкурсы өткiзiлдi. Конкурсқа 5 аудан мен Қызылорда саласынан 64 эссе келiп түстi. I тур бойынша 19 жұмыс iрiктелiп, II турдан 9 жұмыс өттi.
Облыстық бiлiм беру департаментiнiң «Кәсiби бiлiм беру» бөлiмiмен бiрлесе отырып, кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының жалпы бiлiм беру пәндерiнiң оқытушыларының 2007 жылы 28 қыркүйекте «Кәсiптiк мектептiң ең үздiк арнаулы пән оқытушысы» байқауы өткiзiлдi.
Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларының «Ең үздiк оқу iсi меңгерушiсi – 2007» сайысы өткiзiлiп, оған алты аудан мен Қызылорда қаласынан аудандық (қалалық) байқау жеңiмпаздары қатысып, 5 турдан тұратын сайыста 1-орынды Сырдария ауданындағы №42 мекмептен келген үмiткер Иса Әбдiқалықов жеңiп алды.
Облыстық «Ең үздiк тәрбие жұмысын ұйымдастырушы» байқауына облыс бойынша 8 сайыскер қатысты. Нәтижесiнде Арал ауданындағы № 83 орта мектеп директорының тәрбие жөнiндегi орынбасары М.Остаева I орынға лайық деп танылып, республикалық байқауға жолдама алды.
Педагогтарымыздың санатының көрсеткiштерiнiң төмен болуына байланысты негiзгi және таңдаулы пәндердiң орташа балл көрсеткiштерiне рейтинг жасалды.
Өздерiңiзге аян, Қазақстан Республикалық «Бiлiм туралы» Заңында бiлiм беру ұйымдарының лицензиясы педагог кадрлардың 30 пайызының жоғары, I және II санатты болған жағдайда ғана берiлетiнiн ескерсек, Бiлiм беру ұйымдарының мұғалiмдердi аттестациядан өткiзуге ерекше мән берiп, жүйелендiрiлуi қажет деп есептеймiз.
Мектеп мұғалiмдерiн аттестациядан өткiзу – бұл заман талабынан туындап отырған қажеттiлiк. Аттестациядан өту арқылы ұстаздарымыз өздерiнiң ерекше қасиеттерiн немесе кемшiлiктерiн сезiнiп, қазiргi заманда ата-аналар мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершiлiктi түсiнуi қажет. Күн өткен сайын аттестациялау мен лицензиялау процедурасына да талаптар күшейтiлуде.
Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қамқорлықтар жетерлiк, мультимедиалық, химия, физика кабинеттерi мен интерактивтi тақталарымен жабдықталуы және мектеп оқушыларына Интернеттi пайдалануға арнайы қаржы қаралуы, дегенмен мұғалiмдерiмiздiң сабақ жоспары тиiмдi пайдалану үшiн әрбiр бiлiм беру ұйымдарының мұғалiмдер бөлмесiн пән бiрлестiктерi бойынша арнайы компьютермен қамтамасыз етiлсе деген ұсыныс бар. Ұстаздарымыздың жаңа ақпараттық технологияны меңгерсе ғана оқыту мен тәрбиенi жаңа мақсат пен мiндеттерге сәйкес жүзеге асыра алатынына еш күмән келтiрмейтiнi анық.
Кәсiби бiлiм беру – уақыт талабы. Жолдауда көрсетiлгендей, «Елiмiздiң әлемдiк рейтинг кестесiнiң жоғары бөлiгiне iлiккен елдер iшiнен орын алумыз үшiн өзiмiздiң отандық жұмысшыларды тәрбиелеп, олардың бiлiктiлiгi мен кәсiпқойлығын арттыруымыз қажет». Сондықтан бүгiнгi таңда техникалық, кәсiптiк бiлiм мекемелерi, техникалық колледждерi жаңа технологияларды меңгерген педагог мамандарға мұқтаж болып отыр. Жалпы бiлiм саласын қамтамасыз етуге түрлiше көзқарас тұрғысынан келуге қол жеткiзуiмiз қажет. Айта кетуiмiз керек, аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерiндегi әдiстемелiк кабинет меңгерушiлерiнiң ролiн арттыру бағытында жұмыстарды қолға алуы қажет.
Мектептегi бала тәрбиесiндегi қатысты проблемаларды нәтижелi шешудiң кепiлi – ең алдымен мектеп пен отбасының тығыз байланысы өзара ынтымақтастығы. Осыған орай тәрбие жұмысын талмай iзденiспен жүргiзiп, оның қоғам дамуындағы қажеттiлiгiне баса назар аударғанымыз нәтижелi болады.
«Мақсатсыз өмiр – тұл» деп ұлы ақын Абай айтқандай, тәрбие iсiнде айқын мақсат, алға қойған ғылыми – педагогикалық нақты жоспар болуы керек. Тәрбие мәселесiнде ардагер ұстаздарымыздың да тәжiрбиесiн пайымдауымыз керек.
12 жылдық бiлiм беруге көшуге бiр ғана жыл қалды, яғни 2007 – 2008 оқу жылы 12 жылдық бiлiм беруге көшудiң бастамасы, яғни бiлiм беру ұйымдарының алдында атқарылар мiндеттер жетерлiк.
Үстiмiздегi жылдың 6 –7 желтоқсанында 12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми – практикалық орталығымен бiрлесе отырып, «12 жылдық оқытуға көшу экспериментi: жағдайы, проблемалары, iзденiстерi» тақырыбында республикалық семинар – кеңес ұйымдастыру жоспарланып отыр. Елбасы Жолдауындағы: «Ұлттық бәсекелестiң қабiлетi бiрiншi кезекте оның бiлiм деңгейiмен анықталды» делiнген. Осыдан туындайтын талаптарды iске асыру арқылы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң сапасын арттыру және баршаға бiлiм алудан қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету – басты мiндеттердiң бiрi болып табылады. Ол үшiн ортақ мақсатта қаржылықпен жұмыс жасауымыз қажет.
Жаңыл ЖОНТАЕВА