“СВЕТЬ И ТЕНЬ” — Қ. ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҢА КIТАБЫ
“СВЕТЬ И ТЕНЬ” — Қ. ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҢА КIТАБЫ
Қ. Тоқаев “Свет и тень” атты кiтабының тұсаукесер рәсiмiнде: – Қазiр айтылатын шындық және кейiн айтылатын шындық бар. Қазiр айтылатын шындықты несiне қартайғанша күтiп жүру керек, деп қолға қалам алдым, – дедi ағынан жарыла.
Кiтапты оқи отырып, Елбасы Н.Назарбаевты басқа қырынан танып, көп нәрсеге қанық боласың. Қазақ елiнiң тәуелсiздiк алғанға дейiн, алғаннан кейiнгi болып жатқан әрбiр оқиғалары елiмiз үшiн, қазақ тағдырын шешетiн, сан-салалы соқпақ пен сара жолдардың ұңғыл-шұңғылынан ой түйген, қырағы саясаткер жiтi бақылап, сана елегiнен өткiзiп, таразылап отырған оқиға желiлерi өзiңдi ерiксiз баурап жетелейдi. 1991 жылы ГКЧП-ның үш күндiк төңкерiс кезiнде қызыл алаңда халыққа қарсы келген әскердi, халықтың қолдауына ие болған Ельцин әскерлердi өз жағына тартып, ГКЧП-ны жеңiп әлемдiк беделге ие болды. Ресей халқы оны жақсы көрдi. Бiрақ 1993 жылы сол алаңда Ресей Жоғарғы Кеңесi депутаттары отырған думаны танкiлермен атқылағанын халық кешiрдi. Өйткенi аз адам шығынмен алып Ресейдi азаматтық соғыстан аман алып қалды. Кеңес Одағында азаматтық соғыс болмай, ұлттық республикалардың тәуелсiздiк алуы да Ельциннiң арқасы екенiн мойындауға мәжбүрмiз. Аз ұлттарға өктемдiк жүргiзе алмай қалған орыстың шовинист саясаткерлерiнiң iштерi қыж-қыж қайнап, Ельциндi кiнәлайды. Соның дәлелi 2007 жылы 23 сәуiрде Ресей тарихында демократиялық сайлау жолымен тұңғыш президентi болған Ельцин дүниеден өткенде, Ресей телеарналары 2 сағат өткен соң ғана жаңалықтарында бiрақ хабарлаған. Әрине, ол кезде Ресеймен ат құйрығын кесiп кетуге де болар едi, орыстар да соны қалады. Бiрақ, қазақ үшiн мемлекеттiгiнен, ұлттығынан, тәуелсiздiгiнен айырылуымыз мүмкiн едi. Мысалға, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Балкан түбегiндегi бұрынғы Югославия. Бұларда Кеңес Одағы сияқты аз ұлттар республикаларынан құралған едi. Бiзде орыстар билесе оларда орыстармен ағайын славян жұртынан сербтер аз ұлттарға үстемдiк жасап, өз дегендерiн iстетiп отырды. Аз ұлттар тәуелсiздiк аламыз деген ұмтылысына сербтер қарумен шықты да азаматтық соғыс өртi тұтанды. Сербтердiң әскери жендеттерi бiр түннiң iшiнде 8 мың мұсылманды кемпiр-шал, бала-шаға демей қырып салған кездерi болды. Ресей серб ағайындарын материалды, моральдi қолдап қару-жарақпен қамтамасыз етiп отырды. Бұл қырғын 2 жылға созылды. Әлемдiк қауым мұсылмандар шу шығарып аз ұлттарды қорғаған соң, сол кездегi АҚШ президентi Б. Клинтонның бастауымен НАТО әскерi орыстардың өлердей жанталасып қорғаған сербтердiң, әскери-техникалық обьектiлерiн, темiр және тас жолдарын, стратегиялық зауыт-фабрикаларын бомбалап күл-талқанын шығарып сербтердi тiзе бүктiрдi. Ресей Б. Клинтонның бұл қылығын кешiрмедi. АҚШ-тың билiкке таласқан “Республика” партиясындағы саясаткерлердiң “Моника” оқиғасымен Клинтонға қарсы құрылған компанияны Ресей жерден жетi қоян тапқандай қуана қолдады. Ал, қазақ елiнiң ендi ғана тәй-тәй басқан қадамын қолдап жебеген Клинтонның адал еңбегiн де кiтап авторы жақсы суреттей бiлген. Клинтонның әлемдiк абыройына нұқсан келтiрiп билiктен қуу үшiн пайдаланған “жасырын “ жiберiлген Моника да сау сиырдың тезегi емес едi. Шешесi де әкесiнiң көзiнше басқа бiреумен “ойнастық” құрған соң ажырасып кеткен болатын. Колледжде оқып жүрген Моника шешесiнен көргенiн iстеп, үйленген еркектермен бiрiнен соң бiрiмен “көңiлдес” болып жүргенiнде бiреулердiң “сүйемелдеуiмен” Клинтонның жанынан бiрақ шыққан. Клинтонды “зорлықшыл”, “маньяк” дегенге дейiн барған шетел, Ресей және бiздiң орыс тiлдi БАҚ-тарымыз айыздары қанғанша жамандаған болатын. Клинтонның жаны нәзiк, басқаға көмектескiсi келiп тұратын жайдары жан, кешiрiмшiл, әсiресе оның билiктен кеткен соң да өз қорын ашуға атақты олигархтар Билл Гейтс және Уоррен Баффеттер демеушi болған. Оңтүстiк Азиядағы цунамиден зардап шеккен халыққа көмек қолын созғанын және де сол жаққа АҚШ президентi Дж. Бушпен бiрге барғанда халықтың ықыласы Клинтонға ауып тұрғаны көзге бiрден түскенiн, 1992–1999 жылдары билiк құрған Клинтон АҚШ-тың экономикасын алға сүйреп, әлемнiң жетекшi елiне айналдырған. Клинтон қазақ президентi Назарбаевты үнемi “Менiң қадiрлi досым“ деп атап ерекше iлтипат көрсетiп жүргенiн, үнемi қасында жүрiп саясатта жүйрiк, бiлiм-ғылымы толысқан, тұла бойына адами қасиеттердi жинаған Парламент спикерi Қ. Тоқаев мақтанышпен жазады. Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ