БIР ЕЛ – БIР КIТАП

БIР ЕЛ – БIР КIТАП

БIР ЕЛ – БIР КIТАП
ашық дереккөзі

Қазақстан Ұлттық академиялық кiтапханасының оқырмандармен ашық есiк күнiне арнап өткiзген конференциясында кiтапхананың бас директоры Роза Бердiғалиева елiмiздiң ғылымында соңғы уақыттары қалыптасып отырған кейбiр келеңсiз жайттарға өзiнiң пiкiрiн бiлдiрдi. Кiтапхана оқырмандары арасында рухани, мәдени құндылықтарды насихаттауда үлкен еңбек атқарып келедi. Биыл қыркүйек айында Абайдың “Қара сөздерiне” арнап “Бiр ел – бiр кiтап” акциясын республика көлемiнде өткiзген болатын…

Кiтапхана мыңдаған оқырманның үдесiнен шығып, 400 мың кiтап қоры, 1500 отандық, шетелдiк мерзiмдi басылымдар, электронды түрдегi газет – журналдар, электронды катологтар залы, интернет, ақпараттық қызмет орталығы, озық технологиялармен жасақталған мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға арналған зал, жаңадан ашылған мұнай және газ электронды оқу орталығы, лингафонды зал күнделiктi мыңдаған оқырмандарға қызмет етiп келе жатыр.

Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ