ИМАМДАР МЕН «ПАПАЛАР»

ИМАМДАР МЕН «ПАПАЛАР»

ИМАМДАР МЕН «ПАПАЛАР»
ашық дереккөзі

Көршi ауылда бiр отырыста сол ауылдың имамымен табақтас болып отырғанда есiктен ұлы кiрiп келiп:

– Папа, сенi үйге бiр кiсiлер келiп шақырып жатыр, – деп, зiрк ете қалды. Сондағы бар халайық имамның аузына қарап, құрметтеп отырмыз. Ұлының «сен», «папа» деп тiл қатуы бiзге өте ерсi көрiндi…

«Бұл кiсi, имам ба әлде папа ма?» – деген ой, бiр жағымсыз сұрау көкiрегiмде қалды.

Бiрақ, бiр ауыз орысша бiлмейтiн қазақтар да балаларына «папа» мен «мама», «сен» сөздерiн үйретiп қойған.

Бiздiң заманымыздағы IV ғасырда христиан дiнi билiк таласынан католик және православ болып екiге бөлiндi. Сол кезеңнен Христиан дiнiне шоқынған кез келген ұлттың өкiлi католик дiнiн қабылдап, өзiмен бiрге отбасын, ағайын туысын шоқындырып, христиан дiнiне қызмет еткен кiсiнi «папа» деп атап келедi.

Ал, ХVIII ғасырда зеңбiрегiн сүйреткен орыстар ордалы жыландай қазақ жерiн жер бауырлап енiп келе жатып, қоңырауын сыңғырлатқан шiркеуiн бiрге тұрғызып, қазақтың шұрайлы жерiн, мал-мүлкiн тартып алып отырды. Жерiнен, жайылымынан, қора-қопсы малынан айырылған қазақтар орыстардың үйiнде жалшы, құл, күң болды. Олар бiр тамағы үшiн шоқынса, ауқаттылар балаларын «тiлмаш» қыламыз, «пәленше байда кеткен өшiмдi осы балам алып бередi» деген бақайесеппен оқытса, бiрi – орысша оқу арқылы – «балам бiлiмдi болады, бiлiмнiң, ғылымның, өнердiң бәрi орыста» деп орысқа бас қойғандардың балалары, немерелерi шоқынып кеттi. Жетiм-жесiр қалған, аш-жалаңаш қалғандарын шiркеу бауырына тартып, киiндiрiп, ас-ауқатын берiп, шоқындырды. Патшалық үкiмет өзге ұлттарды шоқындырудан ешқашан қаржыны аяған емес. Оған қоса, Қазақстанға «демократ», «жазушы», «ғалым», дегендер «жер аударылып», қазақтың оқығандарымен «дос болып», «көздерiн ашқан ағартушылардың» барлығы тек шоқындыру мен орыстарды мақсат еткен едi.

Әсiресе, қазаққа беделдi қазақтармен тамыр болу арқылы жымысқы саясаттармен жүргiзiп үлкен ықпал жасады. Сол қазақтардың бiрi орыс мектебiн ашып қазақтың көзiн «ағартса», бiрi «қызыл жиһангер атанып орыс фамилиясын бекер алған жоқ. Әлгi Шоқанның: «Қазақтың орысша оқығандарының сауаты тек қазақтарды орыстарға жамандап арыз жазуға ғана жетiп жүр» – деп налитын кезi осы уақыт. Сол орысша оқығаны бар, патшаға «адал» қызмет етiп, шен-шекпен алғаны бар, орыс ұлығына жағымпазданғаны бар, балаларына «папа» деп айтқызу, ұл-қызына «Сергей, Анатолий, Михаил, Лена, Светлана, Венера т.б.» қаптаған аттар қою, мақтанышқа айналды. Осыларға арқа сүйеген орыс үкiметi қазақтарды жаппай шоқындыра бастады. Өздерi Ресей құлдығында жатса да татарлар қазақ даласына келiп жаппай шоқындыруға қарсы қазақтарды үгiттеп, мұсылман дiнiн сақтауға шақырып бiраз тосқауыл қойды. Бiрақ орыс отаршылдығы татарлардың қазақ бауырларына көмектесiп жатқанын бiлiп, патшаға: «Татарларды қазақ даласына жiбермеу» жөнiнде нұсқау шығартып алып, тыйым салды.

… Кенеттен Кеңес үкiметi орнап, билiкке құдайсыздар келiп, қазақтарды шоқындыру кiлт тоқтамағанда қазiр «нағыз чукча» болып аты бар, заты жоқ ұлтқа айналар едiк.

Ал, Кеңес Одағында шоқынғаны бар, шоқынбағаны бар қазақтар жаппай дiнсiздiкке ұшырады.

Бiрақ, патшалық Ресей болсын, Кеңес үкiметi кезеңiнде де қазақтарды орыстар биледi. Кеңес үкiметi дәуiрiнде шоқындыру жүрмесе де орыстандыру қарқындап жүрiп отырды. Өзiнiң не орыс екенiн, не қазақ екенiн дәлеллдеп бере алмайтын делiқұлылардың көбейiп кеткенi осының ақиқаты.

Қазiр өкiнiшке қарай, осылардың асығы алшысынан түсiп, айы оңынан туып тұр. Есiмiздi жиып, тәуелсiздiк алдық десекте сана қараңғылығына әлi жарық түспей тұр. Қазақтар жаппай балаларына «папа» деп үйретуден жиренер емес. «Қазақ папаларға» айтарым: – Сiздер балаларыңызға «папа» деп айтқызу арқылы, шоқындыруға дайындап отырғаныңызды түсiне аласыз ба? Бiраз қазақтың қазiргi шоқынып жатқаны кешегi тексiз қазақтардың – ұрпақтары. Бұлар «саналы шоқынғандар» десе де болады. Оның үстiне бiз күнде мектепте – шiркеу қоңырауларын сыңғырлатып, құлақтарын қоңырау үндерiне үйретiп, мұсылман қазақ балаларын шоқынуға даярлап келемiз.

Ертеде орыстардың өзi «папа» деген сөздi «нан, ас-ауқат» деген мағынада қолданып, әкелерiн «батушка» деп атаған. Сонымен бiрге қазақтар да, орыстар да әкесiне «әке» деп сөйлемеген. Католиктер «папа» сөзiн Иссус Христостың жердегi таратушы өкiлi, қызметшiсi деп ұғады.

Ал, бiздiң ата-бабаларымыз мұқсылман дiнiн қабылдамай тұрғанда «көкке» яғни тәңiрге, аспанға табынған. Сол көк тәңiрге табынған кезiнде, көк тәңiрдiң Құдайдың жердегi өкiлi қызметшiсi деп әкелерiне «көке» деп атаған. Мұсылман болғанда да көктегi жаратушы бiр Құдайға сыйынып, әкелерiмiзге «көке» десек, кейiнгi екi жүз жыл көлемiнде христиан дiнiне шоқынған қазақтар ғана «папа» деп кеткен.

Шоқынды қазақтардың, шоқынды әйелдерi орыстардың, «тетя Шура, тетя Валя, тетя Лена» т.б. сөздерiн өздерi қазақ болғасын «ұялғансып» «Айгүл тәте, Фарида тәте, Айғаным тәте т.б. деп қазақшаға «аударып», әже, апа, әпке, апай, жеңге сөздерiн жойып, көрiнген әйелге «тәте» деген сөздi зорлықпен сiңiрiп келедi.

Қазiргi таңдағы «папа имамдардың» қай дiндi уағыздап жүргенiн бiлу үшiн «қызық».

Өйткенi қазақтар әлi шоқынып келедi.

Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ