ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Астанада «Қазақмыс» компаниясы өз комитеттерi мен директорлар кеңесiнiң отырысын өткiздi
20-21 қараша күндерi Астанадағы Rixos қонақ үйiнде «Қазақмыс ПЛС» (Kazakhmys PlS) компаниясының Директорлар кеңесiнiң отырысы, сондай-ақ, Директорлар кеңесiнiң мамандандырылған комитеттерiнiң: яғни Аудит және Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi комитетiнiң кезектi жұмыс отырысы өттi. Компания басшыларының мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевпен кездесуi компанияның жағымды жаңалығы болды.
Елбасы «Қазақмыс» басшылығымен бiрлесе отырып, мемлекет пен елiмiздiң iргелi өндiрiстiк компанияларының тығыз қарым-қатынаста жұмыс iстеуi туралы өзектi мәселенi талқылады. Өз кезегiнде Тәуелсiз директорлар «Қазақмыстың» келешек жоспарларымен де Елбасын құлағдар еттi.
Директор Кеңесiнiң отырысына:
Владимир Ким – «Қазақмыс ПЛС» компаниясы Директорлар Кеңесiнiң атқарушы төрағасы;
Олег Новачук – «Қазақмыс ПЛС» компаниясының Бас атқарушы директоры;
Дэвид Манро – Директорлар Кеңесiнiң мүшесi, стратегиялық даму жөнiндегi директоры;
Владимир Ни – Директорлар Кеңесiнiң мүшесi;
Джеймс Рутланд – Директорлар Кеңесiнiң тәуелсiз мүшесi;
Лорд Робин Ренвик – Директорлар Кеңесiнiң тәуелсiз мүшесi;
Филип Айкен – Директорлар Кеңесiнiң тәуелсiз мүшесi;
Саймон Хил – Директорлар Кеңесiнiң тәуелсiз мүшесi қатысты.
Директорлар Кеңесiнiң отырысында Қазақстан Республикасының Президентiмен болған кездесудiң қорытындылары талқыланды. Директорлар кеңесi мен оның мамандандырылған комитеттерi Компанияның ағымдағы жұмыс мәселесiн, оның өндiрiстiк және әлеуметтiк саяси және қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын да қарады. «Қазақмыс» компаниясы директорлар Кеңесiнiң отырысы қорытындылары бойынша, директорлар Кеңесiнiң Төрағасы Владимир Ким:
«Бiздiң Елбасымен кездесуiмiз компания үшiн маңызды оқиға. «Қазақмыстың» маңызды бағдарлары айқындалған айшықты да келелi әңгiме Қазақстан Үкiметiмен қоян-қолтық жұмыс iстеуiмiзге негiз бола отырып, «Қазақмыс» Қазақстанның экономикалық дамуына, халықаралық аренада оның экономикалық мүдделерiнiң iлгерiлеуiне және мемлекеттiң әлеуметтiк саласының дамуына белсендi түрде қатысып жүргенiн мақтан тұтады. «30 корпоративтi көшбасшы» мемлекеттiк бағдарламасына қатысуымыздың өзi бiзге үлкен жауапкершiлiктi жүктейтiнiн сезiне отырып, бiз бұдан былай да Үкiметiмiзбен және Қазақстанның қоғамдық ұйымдарымен тығыз қарым-қатынасымызды нығайта бермекпiз.
Директорлар Кеңесiнiң отырысы аяқталғаннан соң Rixos қонақ үйiнiң «Шаңырақ» залында «Қазақмыс» ПЛС» компаниясының басшылары Астанада тiркелген қазақстандық және шетел БАҚ өкiлдерiмен баспасөз -конференциясын өткiздi.
Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ