СЫРТТАН СОТТАУ – ШАРАСЫЗДЫҚТЫҢ БЕЛГIСI МЕ?

СЫРТТАН СОТТАУ – ШАРАСЫЗДЫҚТЫҢ БЕЛГIСI МЕ?

СЫРТТАН СОТТАУ – ШАРАСЫЗДЫҚТЫҢ БЕЛГIСI МЕ?
ашық дереккөзі

Алматыда бiр аптадай уақыт Қазақстанның Австриядағы бұрынғы Төтенше және өкiлеттi елшiсi болған, Президенттiң экс-күйеу баласы Рахат Әлиевтiң үстiнен сырттай сот процесi басталды. Сот 21 қылмыстық iс бойынша жүргiзiлiп жатыр.

Оған 26 адамның қатысы бар делiнген. Оның бесеуi — Рахат Әлиев, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев, Вадим Кошляк, Төлеген Имашев және Виктор Сапожниковтар шетелде. Рахат Әлиевтiң iсi осы жылдың мамыр айында басталған. Осы кезде Австрияда жүрген экс елшiнi тұтқындау жайында Қазақстан үкiметiнiң өтiнiшi орындалғанымен, көп ұзамай австриялық құқық қорғау органдары оны босатып жiбердi. Ал, Қазақстан Үкiметiнiң оны қайтару туралы өтiнiшi қанағаттандырылмады.

Қазiр Алмалы аудандық сотында сырттай жүргiзiлiп жатқан сотта Рахат Әлиев пен оның серiктестерiн адам ұрлау және өзгенiң мүлкiн заңсыз тартып алған деген айыптар тағылып отыр. Тергеу деректерi бойынша, оның құрбандары ретiнде 2007 жылдың қаңтарында жоғалып кеткен «Нұрбанкiнiң» бұрынғы қызметкерлерi Айбар Хасенов пен Жолдас Темiрәлиевтi атауда.

Аталған қылмыстық iс 64 том, 600 беттен тұрады. Келтiрiлген зиян ондаған миллиард теңгеге бағаланған.

Сонымен, тәуелсiз Қазақстан тарихында екiншi рет сырттан соттау iсi орын алып отыр. Бұған дейiн экс-премьер, белгiлi оппозиционер Әкежан Қажыгелдиннiң сыртынан сот iсi жүргiзiлiп, 10 жылға сотталған едi. Ал, Рахат Әлиевке жүктелер жаза әзiрге белгiсiз. Алайда, сот процесi басталып кеттi.

Есенгүл Кәпқызы