Жаңалықтар

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ: СЫН АЙТСАҢ, ШЫН АЙТ, БИЛIК АЙТСАҢ, БIЛIП АЙТ!

ашық дереккөзі

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ: СЫН АЙТСАҢ, ШЫН АЙТ, БИЛIК АЙТСАҢ, БIЛIП АЙТ!

Құнанбай – ол қазақтың Иван Грозныйы. Иван Грозный мақсатына жеттi, бiрақ Құнанбай ойына жете алмады. Мұқаң осыған түсiнбедi. Мен бұл ойымды Мұхаңа айтқанмын. Құнанбай қазақ мемлекетiн жасауға ұмтылған едi. Қытай шекарасында наймандар бар. Құнанбай найманға тiлiн алдыра алмаған.

«Ертеректе ер екен қалың найман, Қалың найман Қытайға қанат жайған, Қазақтың бағаналы руында, Бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан», – дейдi Мағжан. * * * 

Ер намысы – ел намысы. Ел намысы ердiң туы болып, жақсы жiгiт елiн – өрге, жаман жiгiт елiн – көрге сүйрейдi»,– деп қазақ айтпақшы, жiгiттердiң көбi ата күшiн, ана сүтiн ақтап, елiн өрге сүйредi. Халқымның қалпына қара таңба бастырмаймын, ел намысына кiр жұқтырмаймын, еркiме ен салдырмаймын деген ниет арпалыста медет те, қуат та болды.

* * * 

Ар, намыс, адамгершiлiк, ақ ниет, адалдық алдымызда темiр қазықтай жарқырап, шөлдегенде сусын, қалжырағанда қайрат, шаршағанда шабыт, ашыққанда арымызға ақ малтадай астық, белiмiзге тiрек, көңiлiмiзге қорек болдырғанда үйiрден ұстап мiнген төл атымыздай болды.

* * * 

Тот поэт, тот художник, который не тянется рукой к луне, чтобы достать ее – тот не художник. Тот поэт, тот художник, который выступает в печати, везде и всюду в «эстрадном жанре», тот безусловно, небольшой художник и ему не подойти к большому полотну. Эстрада – есть эстрада.

Для того, чтобы создать Настоящее Поэт должен быть старше отца на сто лет, младше сына на век. * * * 

Өз заманымызға сынды, билiктi өзiмiз айту үшiн: сын айту үшiн – шын айту керек. Билiк айту үшiн – бiлiп айту керек. Қысқарта айтқанда, сын айтсаң шын айт, билiк айтсаң бiлiп айт! Бiлмей айтқан билiк – былшыл.

* * * 

Оқиғаны ой болжайды, ой ырғағын сөз жеткiзедi, сөз ырғағын қалам желiсi, заман, дәуiр желiсi етiп, ақ қағазға түсiредi. Саналы ер, сөзсiз, санасын салмақтайды, зерек зерттейдi. Бiреу келiп, бiреулер кетедi. Жылдан жыл түлеп, өзгередi, өседi. Қысқа айтқанда, ой паңдық жолдас болса ғана заман ырғағын ұрпаққа жеткiзе айта алмақпыз. Әрине, ол әркiмнiң қолынан келе бермес, бiрақ та талап етiп, қолын айға созу бiздiң заманның ақындарының мiндетi. Жығылсаң, арпалыса жығыл, құласаң нардан құла.

Ұрпақ: Суреттi – сырымен, Ақынды жырымен, Әншiнi үнiмен, Шеберлiктi iсiмен, Жүйрiктi шабысынан, Сұңқарды алысынан танитын етiп дастан жазу – әдебиет, мәдениет қайраткерлерiнiң алдындағы үлкен, қиын, қасиеттi мақсат. * * * 

Қазақ тарихындағы бiр үлкен асқар бел – Алашорданың құрылғанынан бастап, оның құрығанына дейiн. Ең үлкен саяси айтыс пен тартыс сол дәуiрде болған едi. Сол дәуiрдiң адамдарына (қасы бар, дұшпаны бар) әдiл, ғылыми билiк айта жазылған еңбектер әлi жоқ.

* * * 

Если велика Россия, велик русский народ, это не значит что велик всякий русский» деп Минамин Шоховқа 45-жылы айтқан жылы сөзiм қайтадан есiме түстi. Иә, соған орыстар қашан түсiнер екен. Немiстер «ұлымыз» деп фашизмге дейiн жеттi. Тарихқа қарабет болды, барлық халықтың қарғысына ұшырады. Соғыстан бұрын орыстар өздерiнiң ұлылығын айтпаушы едi, сондықтан олар ұлы едi, бiзге қадiрлi аға едi. Көсемнiң дұрыс айтылған сөзiн бұрмалауды қашан қойдырар екен. Молотов сөз неге айтпайды, есiрiктерiн неге ауыздықтамайды? Ұятқа айналып бара жатқан жоқ па?» деген ойлардың үстiнде отырып, бұдан ай бұрын ГУК-тегi бiр ақымақпен сөйлескенiм есiме түстi.

…Менi ГУК-ке шақырды. Барсам кабинетте терiсiне сыймай «Мепстопельдi» сорып бiр сары қасқа қой отыр екен. Мен кiрiп барып өзiмдi мәлiмдегенде орнынан тұрмады, амандаспады. Тағы да аларып отыра бердi. Өзi шошқадай семiз, пысылдап темекiсiн сорып отырып сөйлестi. Ол менiң маңдайыма қарай берген соң, мен оның төбесiнен қарап отырдым. Жып-жылтыр төбесiне қарадым. Ол маған кiшi қызметтердi ұсынды. Мен оған дәлелдерiмдi айта отырып, ұсыныстарының себебiн сұрадым. Ол темекiсiн бiр сорып, түтiнiн бұрқырата шығарды да, маған көзiн қыса қарап сығырайып шалқая отырып былай дедi: – Сiз бiлесiз бе, жолдас полковник, егер де бiздiң армияда ұлт құрамасы болса, әрине, бiз сiзге дивизия берер едiк. Бiрақта ондай құрамамыз жоқ. Оған сiз түсiнiңiз, жолдас полковник. – Мен соғыс кезiнде орыс құрамасының тоғызыншы гвардия дивизиясының командирi болып соғыстым. Ал ендi бейбiтшiлiк кезiнде менiң ұлт тұрпатым неге кедергi болып отыр? –дегенiмде, ол жымиып күлiп: – Сiз осы күнге дейiн наивный адам екенсiз, жолдас полковник, – дедi. * * * 

…Академияда шығыс халқынан мен-ақ оқыдым. Бiтiргеннен кейiн маған шығыстың он бес одақтық республикасынан орын табылмады, тимедi. Менi Азияға жолатпады. Шығыстан менен кейiн он бес-жиырма жылдың iшiнде мен оқыған академияға еш адам түсе қоймады. Ол ашулы, зарлы, рас. Бiздiң халық соғысқа ерлiкпен қатысты, бiрақ оның құны өте қымбат. Осы күнi ауыл толған жесiрлер мен жетiмдер. Соғысқа барған жүз қазақтың жетпiс-сексенi қайтқан жоқ, себебi маған айқын – әскери тәжiрибе, әскери тәрбиенiң дағдылану нашарлығы. Бiздiң Кеңес өкiметi кезiнде мұғалiмдер, докторлар, агрономдар, соттар, тағы басқалар шықты, ал әскери соғыс мәселесi – осы уақытқа дейiн ескерусiз, еленбей келе жатқан бiр бағыт. Мен соларды майданда көрдiм, талдап тексердiм, өксiп жыладым, зарландым, қорландым. Мен қалған өмiрiмдi, алған тәжiрибемдi, бiлген бiлiмiмдi жастарға, халқыма арнағым келiп едi. Қызмет етiп халқымның арасына әскери ғылымды таратқым келiп едi. Барымды елге берсем деп едiм. Егер де болашақта бiр әйел жесiр, бiр бала жетiм қалмауына менiң еңбегiм себеп болса – армансызбын деген ниет едi. Қысқасы, менi, менiң ойымды, ниетiмдi – тупость и невежество қапасқа салып бенде еттi. Маған терiс түсiндi, менi ұқпады. Өгiз мойындық iстедi. Осындағы майдалар менi сүзбелеп шетке шығара бердi. Жақындарына жылы орын үшiн менi аямады. Кiшiрейттi, қудалады. Жабылып әлi жеткенi мен болдым. Ғафу етiңiз, мен кек сақтап айтып отырғаным жоқ. Әр өнер, әр бiлiм, әр ақ ниет сал болуды тiлемейдi. Құл болуды тiлейдi. Мен тұла бойыммен халқымның құлымын. Қайда жүрсем де, елiмнiң қызметкерiмiн. Халқыма жаман атақ еш уақытта да алып бергiм келмейдi, алып бермеймiн.

* * * 

Чувство долга – свойство народа. Каждый боец впитал это качество с молоком матери. Это качество есть достоение оставленное предками, а не качество только сегодняшнего дня. Это качество – народное достоение, наследие лучших наших предшественников. Никто из добропорядочных людей не позволит себе, нет такого, который бы сказал, что лучше меня до меня не было.

* * * 

Әркiмге бiр өлiм хақ. (Смерть неизбежна). Мен ешкiмнен әулие емеспiн. Маған да бiр өлiм хақ. Қырық жыл қырғыннан аман қалғанның бiреуiмiн. Ол Ұлы Отан соғысының бiткенiне биыл 36 жылдан асып барады. Мен әлi тiрiлердiң қатарындамын. Мұсылманша айтқанда: Мен құдайға өте ризамын. Тiрiлердiң қатарында жүрiп, соғыста сол халқым, елiме, ар намысыма сүйенiп, мен орыс, қазақ тiлiнде бiрнеше кiтаптар жаздым. Рахмет, оны партия мен үкiмет бағалады. Үш орден алдым. Лауреат болдым. Нысап керек қой адамға… Бұлар маған үлкен баға. Менiң қолым ашық кiсiмiн. Александр Бектен бастап, т.б. Нұршайықовқа дейiн мен аянбастан материал бердiм. Олардың бiрiнен ақша алмадым.

* * * 

Знаете ли вы слово – оттауизм. Если не знаете, возьмите энциклопедию, посмотрите букву «о».

ОТТАУИЗМ – это казахское слово. Неопределнное понятие присущее только некоторым казахам. Прошлые годы некоторые наши академики утверждали, что до Абая не была казахская литература. Вот это есть оттауизм. Наши некоторые историки до сих пор пишут, что казахская нация формируется с XVI века. Стаж казахского народа – 400 лет. Это тоже оттауизм. Я – полковник. До меня может не было комдива. Но полководцы были. Если утверждать, что полководцев не были это тоже оттауизм. * * * 

Мен кiммiн?! Мен олардың қатарындағы қарапайым бiр кiсiмiн. Азаматтық арымды сақтағандардың бiрiмiн. Шынымды айтайын, қарағым, (түсiнсең), көп жылдардағы қиыншылық жағдайда менен артық кiсiлер аз болған жоқ. Осы күнде ойлансам, аты аталмай кеткен батырлар аз емес. Соғыстың аты – соғыс, оқ қағыста таңдап атады. Бiрақ атылғандардың аты қала бермейдi. Бұл соғыстың қатыгез заңы. «Ерлiк елеусiз қалмасын», – деген қазақта мақал болатын. 40 жыл қырғында елеусiз қалған ерлiктер толып жатыр. Бұл соғыстың қатал, ойпатты заңының кесiрi.

* * * 

Менi кейбiреулер ұялмай, қызармай «батыр» дейдi. Шынында мен батыр емеспiн. Бiреуден жығылып, бiреудi жығып жүргендердiң бiрiмiн. Менi жаратқан көпшiлiк – жауынгерлер қоғамы.

* * * 

«Өзiң үлкен сапарға шығарда мен саған бар үмiтiмдi арнадым, ұлым. Жаман атың шыққан жоқ едi. Сол жақсылығыңнан танба. Ақ жүрек болып жолдасың, адалдық сенi қолдасын. Жақсылық үшiн тiрессең, жаныңды арың қорғасын. Арынды болсын шабысың, алымды болсын табысың, найзадай болсын намысың. Ер жiгiтке бәрi сын. Қиындық көрсең мұқалма, ауырлық көрсең жұқарма, қамқоршы бол кiшiге, үлкендi үлгi тұт алға». Әкем осылайша бар тiлеуiн алдыма үйiп-төгiп, бауырына басып, маңдайымнан сүйiп қоштасты.

* * * 

Мы часто встречаем слабые произведения…

«Жаным саған», «Жарым саған құрбан», «Қаным саған құрбандық», деп тұншыға, қылқынып жазылған өлеңдерде қандай патриотизмдiк тереңдiктер бар? * * * 

Обалымызға қарай бұлт жай емес, қопарыла төңкерiлдi. Жасым – 30-да едi. Ел қатарында соғысқа аттандым. Партияда жоқ кезiм. Әскери атағым командирлiк жағынан кiшкентай ғана. Мен командир батальоны, командир полка, комдив болдым. Мақтаулар көп болды, оларға мен мастанған жоқпын. Сағынғандарым, сенгендерiм халықтың адал ұлдары, шын жүрек пен ақ ниеттерi болды. Алдыңғы шепте өзiмдi аяғаным жоқ. Жауынгерлермен қатар тұрған дұшпанмен жағаластым. Халық ұлдары жаумен жағаласқанда оларға мен сендiм, олар маған сендi.

* * * 

Среди Советских народов в смысле жертвоприношения первое место занимает Украина, исторический известно, что немцы – фашисты прошли всю Украинскую территорию с боями. Немцы наступали и отошли от территории Украины, а сколько жертв и катастроф – известно одной истории. Второе место в смысле жертвоприношения занимает Казахстан, несмотря на то, что Казахстан находился от Европейской части России за несколько тысяч километров. Это исторический факт. На это есть архивные материалы…

Я это заявляю официально, как полковник генерального штаба. Кто мне не поверит, пусть посмотрит архив… * * * 

Мен соғыс жылдарындағы тылды бiлмейдi екенмiн. Қайдан бiлейiн. Мен 60-ты аттап салып, 70-ке аттандым. Ауру айналдырып алды. Аурудың бiр жақсы жерi алаңдамай ойланады екенсiң. Ауруханада қасымда ақылды, нақылды ағаларым жатты. Ауру кiсiге ермек керек екен. Олар айтарман болды, мен тыңдарман болдым. Мен ауырып жатып, шалдың естелiк, ескерiп айтқан академиясын бiтiрдiм. Олар маған Отан соғысы жылдарындағы тыңның қањарлы, азапты еңбектерi туралы «халық лекциясын» оқып бердi. Шынымды айтсам, мен бұрын мұндай көп ақиқаттар дәлелдердi бiлмеушi едiм.

Бiздi қолдаған, бiздi сүйеген, аяқ қолы дiрiлдеген, сапсаң 90-ға жеткен ақсақалдар, «перзентiм қайда?» деп жылап еңiреген қартайған кемпiр, «жұбайым аман қайтса» деп тiлеген тiрi жесiр, келiншектер, «ғашығым аман қайтсын» деп түн ұйқысын төрт бөлiп еңiреп жылаған қалыңдықтар, «папам қайда, папам қайда, қашан келедi, қашан келедi?» деп жылаған сәбилер, тағысын-тағы халық қайғысы, семья қайғысы шеңберсiз. Осыларды мен 60 -аттап, 70-ке таянғанда зорға түсiндiм… Соғыс қатал – соның қатал жауынгерiнiң бiреуi екенiмдi қартайғанда түсiндiм. Қаталдығыма халықтан кешiрiм сұраймын.   Дайындаған Гүлзина БЕКТАСОВА