Коронавирустан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті

Коронавирустан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті

Коронавирустан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті
ашық дереккөзі

Оңтүстік Кореяда коронавирустан қаза болғандар саны 20 адамға жетті. Вирусты жұқтырғандар қатары – 162, ал 6,5 мың адамға карантин тәртібін сақтау міндеттелді. Көбі ауруды Сеулдің Samsung медициналық орталығында жұқтырған. Алғашқы науқастар осында тіркелген болатын. Дәрігерлер селқостық танытып, аурудың таралуының алдын алу шараларын қабылдамаған.

Салдарынан Оңтүстік Кореяда MERS-тің таралуы әлем бойынша ең ауқымды сипат алып отыр. Бүгінде аталған індетке шалдығу оқиғалары өзге елдерде де тіркеле бастады. Күні кеше Германияда аталған вирустан 65 жастағы ер адам көз жұмса, Ресейдің Уссурийск қаласында MERS –ке шалдықты деген күдікпен бір әйел карантинге жабылды. Жақында Оңтүстік Кореядан оралған азаматша вирусты жұқтырғандардың бірімен байланыста болған екен. Қазір оның жағдайын эпидемиологтар бақылауда. Таяушығыстық респираторлық вирусының айқын белгілері жоқ. Ол иммунитеті әлсіз, диабет, өкпе және бүйрек ауруларымен ауыратындарға тез жұғады. Алғаш рет 2012-ші жылы Сауыд Арабиясында тіркелген инфекцияға қарсы вакцина әзірге жоқ.