Жаңалықтар

«КАСПИЙ БАНКI» ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКIНЕН ҰЗАҚ МЕРЗIМДI ҚАРЖЫЛАНДЫРУ АЛДЫ

ашық дереккөзі

«КАСПИЙ БАНКI» ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКIНЕН ҰЗАҚ МЕРЗIМДI ҚАРЖЫЛАНДЫРУ АЛДЫ

«Банк Каспийский» АҚ Еуропалық қайта құру және даму банкiнен (ЕҚДБ) бес жылдық мерзiмге 59 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде қаржыландырылатын болды. Жасалған мәмiлеге сәйкес ЕҚДБ беретiн мақсатты қарыз Қазақстанның микро- шағын және орта бизнесiн несиелендiрудi дамытуға бағытталған.

Қол қою рәсiмiне ЕҚДБ-нiң Қазақстандағы директоры Андре Куусвек мырза, «Банк Каспийский» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе және «Банк Каспийский» АҚ Басқарма төрағасының бiрiншi орынбасары Александр фон Гляйх мырзалар қатысты.

«Халықаралық капитал нарығындағы қиын жағдайды ескерсек, Еуропалық қайта құру және даму банкiнен ұзақ мерзiмдi қаржыландыру алу – бiздiң банк үшiн, жалпы қазақстандық банк секторы үшiн атаулы оқиға, – деп атап өттi М.Ломтадзе мырза. – Бұл бiздiң банктiң Қазақстанның ең тұрақты және сенiмдi банктерiнiң бiрi ретiндегi статусын тағы да дәлелдейдi. Бiздiң қызметiмiздiң негiзгi ұстанымы барынша айқындық және корпоративтiк басқарудың жоғары стандарттары болып табылады. Халықаралық қаржы институттарының бiрi ЕҚДБ-нiң қарыз беруi – «Каспийский банкiнiң» даму стратегиясының дұрыстығы мен басқару сапасының айқын дәлелi».

«Қарыздың мақсаты – Қазақстанның микро-, шағын және орта кәсiпорындарын қаржыландыру. Осы жоба аясында аймақтарды қаржыландыруға ерекше көңiл бөлiнедi, – деп толықтырды Андре Куусвек. – Аталған несие «Каспийский» банкiне қор жинау көздерiн әртараптандыруға мүмкiндiк бередi және бизнестiң өсуiн қолдайды».

«Каспийский банкiнiң» несиелiк портфелiнде шағын және орта кәсiпорындарға (ШОБ) берiлетiн несие шамамен 43 миллиард теңгенi немесе барлық несие портфелiнiң 25 %-ын құрайды. Қазақстандық кәсiпкерлер үшiн Каспийскийдiң ең кең таралған өнiмi – «ШОБ Стандарт», оның үлесiне ШОБ бойынша несиелiк портфельдiң жартысынан көбi тиесiлi. «ШОБ Стандарт» – кәсiпкерлердiң айналымдық қаражатын арттыруға және негiзгi қаржыны алуға, коммерциялық және тұрғын үйлiк жылжымайтын мүлiктi қайта салуға және жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ кәсiпкерлердiң жеке қажеттiлiктерiне берiлетiн несиелер.

«Бiздiң банктiң маңызды стратегиялық бағыттарының бiрi – ШОБ несиелеу сегментiн дамыту», – дедi «Банк Каспийский» АҚ Басқарма төрағасының бiрiншi орынбасары Александр фон Гляйх мырза. – ШОБ бойынша бiздiң клиенттiк қорымыз 8 мыңға жуық субъектiлердi құрайды және ЕҚДБ-нiң қаржыландыруы арқылы бiз бүкiл Қазақстан бойынша клиенттерiмiзге сапалы қызмет ұсына отырып, нарықтың осы сегментiндегi үлесiмiздi одан әрi ұзарта аламыз».

«Бiздiң ЕҚДБ-мен ынтымақтастығымыз 2004-жылдан берi жалғасып келедi, бiздiң банк үшiн бұл мәмiле – инвесторлардың бiзге бiлдiрген зор сенiмiнiң белгiсi», — деп, «Банк Каспийский» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе тағы да атап өттi. – Қазiргi таңда Қазақстанның банк нарығында бiз үшiн қолайлы орта қалыптасты. Бiз әсiресе бөлшек сауда сегментi мен ШОБ-ты несиелеу нарығындағы өз үлесiмiздi көбейтпекпiз. Тек соңғы үш айдың өзiнде «Каспийский банкiнiң» ШОБ-қа берген несиесi 15%-ға дейiн өстi».