МҰХТАР ӘБЛЯЗОВТЫҢ АНКАРАДАН ТАУАНЫ ҚАЙТТЫ

МҰХТАР ӘБЛЯЗОВТЫҢ АНКАРАДАН ТАУАНЫ ҚАЙТТЫ

МҰХТАР ӘБЛЯЗОВТЫҢ АНКАРАДАН ТАУАНЫ ҚАЙТТЫ
ашық дереккөзі

Адамзат тiршiлiгiнiң бұрынғы кезеңдерiндегiдей емес, қара алтын адамдардың өмiрiн жеңiлдетiп, тұрмыс-тiршiлiгiн неғұрлым қолайлы етуде аса маңызды табиғи шикiзат, энерготасымалдаушыдан гөрi қазiр саясат құралына айнала бастағаны белгiлi. Жәй ғана құрал емес, қарсы дау келтiре қою қиынға түсетiн зiлдi қару.

ХХI ғасырда аталмыш қара алтын ғана емес, түптеп келгенде барша мемлекеттердiң өмiр сүруiне ерекше ықпалын тигiзетiн стратегиялық тауарлар мен өндiрiс ошақтары да саясат құралына айналып барады. Әлемде трансұлттық корпорациялардың құрылымдары көбейiп, жањанды шырмауықтай торлай түскен сайын, экономиканы ұлттық саясаттан тыс қоюға ұмтылушылардың қатары еселеп артқан сайын бұған қарсылардың да дауысы жиi естiле бастады. Әрине, «антиглобалистер» туралы әңгiменiң жөнi бiр басқа, дегенмен, көптеген мемлекеттер өз экономикасын мемлекеттiк, ұлттық мүдде тұрғысынан реттеп отыруға, түрлi компанияларға өз шекарасын ашу-ашпауда сан алуан мәселелердiң iшкi астарына көз жүгiртуге, ескеруге бет бұруда. Бұған мысал көп. Iргемiздегi Ресей Батыс елдерiнiң бiрқатар мұнай өндiрушi компанияларының Сiбiрдегi, Сахалиндегi жұмыстарын қайта екшеп, олардың акцияларын мемлекеттiк «Лукойл», «Газпром» алпауыт компаниялардың уысына әперсе, Англия және тағы бiрқатар Батыс Еуропа елдерi өз жерлерiнде ресейлiк түрлi компаниялардың жұмыс жүргiзуiне түбегейлi қарсы. Осыдан бiрер жыл бұрын АҚШ-та өз елдерiне араб фирмалары мен мұнай өңдеушi компаниялардың енуiне қарсы болып, кейбiр сауда келiсiм шарттарының қайта құрылуына қол жеткiзген-дi. Мұндайда қолданылатын әдiс-амалдар көп-ақ.

Өткен қазан айында Түркия Trancentral Petrochemical Holding консорциумының елдегi аса iрi Petkim мұнай-химия компаниясын сатып алуына мүмкiндiк бермей қойды. Жоғарыда айтылған халықаралық консорциумның құрылуына мұрындық болған ресейлiк «Тройка Диалог» компаниясы болатын. Сөйтiп, елдегi жетекшi мұнай-химия Petkim холдингiнiң 51 пайыз акциясы өзге консорциум-азербайжандық ГНКАР, түрiктiк Turcas және Сауд Арабиясының Injaz OGG компанияларының меншiгiне өттi. Бiр ғажабы, бұлар аталмыш Petkim компаниясының 51 пайыз акциялары үшiн өз бәсекелестерiнен 10 млн. доллар аз ұсынған болатын. Petkim үшiн 2,05 млрд. доллар ұсына тұрып, ойлары орындалмай, тауы шағылған әлгi Trancentral Asia Petrochemical-дың Қазақстанға тiкелей қатысы болғандықтан да бұл келiсiмдердiң нелiктен жүзеге аспай қалғаны қазақ кәсiпкерлерiн ерекше қызықтыруға тиiс деп ойлаймыз. Бұл консорциумның құрамына Ресейдегi аса iрi «Тройка Диалог» компаниясы мен қазақстандық «Евразия» және JSK Caspi Neft компаниялары енген болатын. Ал, әлгi «Евразия» компаниясы елiмiздегi iрi банктердiң бiрi – «Тұранәлем» банкiнiң басшысы Мұхтар Әблязовтың иелiгiндегi құрылым. Сонымен, бейнелеп айтсақ, өз елiмiзде ойлағаны болып, айтқаны жүрiп тұрған Мұхтар Әблязов мырзаның Анкарада нелiктен тауы шағылды? Үмiттерi мен ойы неге ең соңғы сәтте орындалмады? Оның үстiне TSP консорциумы өкiлдерiнiң мәлiмдеуiнше, келiссөздер осыған дейiн аса жедел әрi жемiстi түрде жүргiзiлiп келгенге ұқсайды. Дегенмен, ресей-қазақстандық консорциумның Түркия меншiгiндегi компанияны, осы арқылы елдегi аса iрi мұнай-химия холдингiн өз уыстарына алуына қарсылар да аз емес көрiнедi. Ең әуелi, аталмыш Petkim компаниясының қызметкерлерi мен елдегi кәсiподақтар компанияның жекешелендiрiлуiне түбегейлi қарсы болып, келiссөздердiң одан әрi жүргiзiлуiне мейлiнше наразылық танытты. Оның үстiне, Petkim-нiң әкiмшiлiгi де өз өндiрiстерiнiң ресейлiк-қазақстандық консорциум меншiгiне өтуiне онша құлықтылық танытпаған, тiптi, iштей құптамаған сыңайлы.

«Коммерсантъ» газетiнiң жазуына қарағанда, консорциумға қатысушылардың бiрi: «Әкiмшiлiк бiзбен бәсекелестiк жөнiндегi кеңес арасындағы iс-әрекеттерiмiздi үйлестiруге тиiс болатын, содан кейiн жоғарғы жекешелендiру кеңесi келiсiм шартты бекiтуге тиiс едi», – деп мәлiмдеген. («Коммерсантъ» газетi, №191, 18 қазан, 2007 ж.) Оның сөзiне сенсек, мұның бiрде-бiрi жүзеге асырылмаған. Бiрқатар сарапшылар бұл келiсiмнiң өмiрде жүзеге асатынына әуелгi сәттен бастап-ақ күмән келтiрген болатын. Өйткенi, кейiнгi кездерi Түркияда орыс капиталына күмәнмен қараушылар қатары жыл өткен сайын көбейiп келедi. Бұл елде негiзiнен жергiлiктi инвесторларға арқа сүйеп, солардың көмегiне қол арту дәстүрге айналған. Қалай болғанда да, ұлттық мүдде, мемлекеттiк саясат тұрғысынан алғанда ақша көп мәселенi шеше қоймайтын болып шықты. Бiр сөзбен айтсақ, ақша жақсы, онда иiс болмайды, дүниеде бәрi сатылады, бәрi сатып алынады деген соқыр иланымның күнi өтiп барады. Әлемдiк тәжiрибе осыны дәлелдеуде. Ең өкiнiштiсi, туған Қазақстанымызда жағдай олай емес. Бiздiң елiмiзде жеңiл ақша, оңай табыс жолында ұлттық, отандық мүдденi кейiнгi қатарға ысырып қоюшылардың қатары сиремей тұр.

Айтқандай, кейбiр дерек көздерiнiң айтуына сенсек, әңгiменiң бәрi әлгi айтылған «Тройка Диалог» компаниясының басшысы, 1968 жылы Ереванда туған Рубен Варданянның ұлтында секiлдi. Түрiктер армян азаматы басқарған компанияның өз елдерiне енуiне қарсы көрiнедi. Кiм бiлсiн, солай да шығар…

Жаңабек ШАҒАТАЙ