«ЖЫЛ – ОН ЕКI АЙ», №3

«ЖЫЛ – ОН ЕКI АЙ», №3

«ЖЫЛ – ОН ЕКI АЙ», №3
ашық дереккөзі

Журналдың алтын күзге арналған саны Бiлiм күнiне орай Т. Сарыбайұлы, С.Сейiтовтың өлеңдерi және Т. Дәуренбековтың «Алғашқы қоңырау» әңгiмесiнiмен ашылды. Негiзiнен жыл маусымдарымен сабақтастырылып жүйе¬ленетiндiктен, iшiнде күз айларына байланысты әңгiме, өлеңдер, жұмбақтар көп.

Жетпiс жылдық мерейтойларын атап өткен С.Хангелдi, А. Сопыбекұлы мен туғанына 70 жыл толып отырған ақын Сабырхан Асановтың қысқаша өмiрбаян деректерi бiр топ өлеңдерiмен қоса берiлiп отыр. Сондай-ақ, мектеп сахынасына арналған Н.Есеновтың «Күмiс қоңырау күмбiрлеп…», С.Баязиятовтың «Тазшаның 7777-шi ұрпағы», А.Хамзеұлының «Екеуi бестi қалай алды?» скетчтерi, Ж.Кейкiн, Ф.Оңғарсынова, С.Кежахметұлы, Ә.Нұрмағамбетовтың салт-дәстүрге, сөзтанымға байланысты танымдық мақалалары, М.Iзiмұлы әзiрлеген Қожанасыр әңгiмелерi де журнал оқырмандарының ойынан шығары сөзсiз.

– «Жыл – он екi ай» келер жылдан бастап алты мәрте жарық көрмекшi. Бiр жылға толық жазылған оқырмандарымызға үлкен ғалым Алма Қыраубайқызының «Ежелгi әдебиет» кiтабын ынталандыру сыйлығымыздың ретiнде тегiн таратпақшымыз, – дейдi журналдың бас редакторы , жазушы Талғат Айтбайұлы.

Сiз де қапы қалмаңыз, оқырман!

Журналдың мерзiмдiк басылымдар каталогындағы индексi –75793.