Жаңалықтар

Қазақстанда жетім балалардың біртұтас мәліметтер базасы ашылмақ

ашық дереккөзі

Қазақстанда жетім балалардың біртұтас мәліметтер базасы ашылмақ

Екі жылдан кейін елдегі жетім балалар туралы біртұтас мәліметтер базасы құрылып, 33 мың жетім балаға қатысты барлық аймақтар мен аудандардағы деректер жинақталмақ. Сондай-ақ, базаға асырып алушы мен бағып қағушы туралы және олардың баспанамен қамтылғандығы жайлы мәлімет енгізу де қарастырлмақ. Білім және ғылым министрлігі  Балалардың құқын қорғау комитетінің төрайымы Зәбира Оразалиеваның айтуынша, бағдарламаны жүзеге асырауға 360 миллион теңге жұмсалады.

Мәліметтер базасында 18 жасқа дейінгі жеткіншектер жайлы ақпараттар сақталады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төраймы, Зәбира Оразалиева: « База негізінде балалар үйі едәуір азайды. Нақыты айтқанда олардың саны 21-ге қысқарды. Балалар үйіндегі жеткіншектерді отбасына орналастыру арқылы биыл тағы да бірқатар жетімдер үйін жабуды жоспарлап отырмыз. Осындай нәтиженің болуы патранаттық ата-ана, асырап алушылар мен бағып қағушы, күтушіге берелетін заңды төлемдердің жүйелі жүргізілуінің арқасында реттеліп келе жатыр.

Десе де шешілуі қажет мәселелер аз емес. Осы орайда заңда жазылмаған нормалар бар. Соларды жазып енгізу керек. Сонымен қатар отбасы мен неке жөніндегі кодекске жетімдер туралы мәлімет бөлімін ашу керекпіз»,-дейді. Ресми мәлімет бойынша, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқандардың 80 пайызы әлеуметтік жетімдер санатында. Кейбіреуі ата-ана құқынан айрылғандықтан, басқасы әлеуметтік қиындықтан балаларын осындай жерге беруге мәжбүр болған. Араларында, әке-шешесі бас тартқан сәбилер де бар. Дегенмен, мамандар балалар үйіндегілердің қатары жыл сайын азайып келе жатқанын айтады. Мәселен,  соңғы 5 жылда осындай мекемелердегі 10 мыңнан астам тәрбиеленуші жаңа отбасын тапқан.