ҮНДIСТАН ЕЛШIЛIГI АСТАНАҒА КӨШПЕК...

ҮНДIСТАН ЕЛШIЛIГI АСТАНАҒА КӨШПЕК...

ҮНДIСТАН ЕЛШIЛIГI АСТАНАҒА КӨШПЕК...
ашық дереккөзі

Қараша айының 1-iнде Үндiстан елшiлiгi Астанаға көшудi жоспарлап отыр. Бұл жайында Үндiстанның Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Ашок Саджанхар мырза мәлiмдедi.

Арнайы қабылдау ұйымдастырған елшi сол салтанатты жиында 15 жыл бойғы дипломатиялық қарым-қатынастардың көкжиегiн сөз ете отырып, оның жұмысына қолдау бiлдiрген, Алматы қалалық әкiмшiлiктерi мен шенеунiктерге өз алғысын бiлдiрдi.

Оған жауап ретiнде Алматыдағы Сыртқы iстер министрлiгiнiң өкiлдiгiнiң басшысы А.Е. Бозжiгiтов мырза сөз сөйлеп, елшiлiктiң арықарайғы қызметiне табыс тiлеп, жүрекжарды сөзiн айтты. Сондай-ақ, бұл қабылдауға арнайы қатысқан Арменияның Қазақстандағы елшiсi де елшiлiктiң Астанадағы ғұмырының баянды болуына тiлектестiк бiлдiрдi.

Аталған қабылдауға дипломатиялық корпустың өкiлдерi мен елшiлер қатысты. Атап айтар болсақ, Түркия, Канада, Израиль, Оңтүстiк Африка, Швецария, Иран, Пәкiстан, Греция және басқа да мемлекеттердiң өкiлдерi Үндiстан елшiлiгiне сәт сапар тiледi.